«САҚ АЛАУЫ» ЖАҒЫЛДЫ
26.06.2019
93
0

«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Сақ алауы» тақырыбымен «Музей түні» өтті.

Іс-шара барысында қорық-музейдің экспозициялық залдарына экскурсия, жастарға арналған «Алтын адамның құпиясы» квест-ойыны, балаларға арналған «Тас бетіндегі өнер» атты шығармашылық сабақтар өткізілді. Сондай-ақ, келушілер «АРТ» балалар өнер мектебінің көрмесін, «Ұста Дәркембай атындағы қолданбалы өнер музейі» шеберлерінің және еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі Кәкей Қырғауылдың «Өрмек тоқу» шеберлік сабағын тамашалады. Бұдан бөлек, «Домбыра-пати» – домбырашылардың өнері, заманауи шеберлердің қолданбалы өнер туындыларының көрмесі, ұлттық ойындар (күрес, арқан тарту, асық ату, ақсүйек, алтыбақан, садақ ату) қонақтарға ерекше әсер сыйлады. Ашық аспан астында балаларға «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Күлтегін», «Мұзбалақ», «Қазақ елі» мультфильмдері көрсетілді. Ауқымды шара аясында БАҚ өкілдеріне арнайы пресс-тур ұйымдастырылды. Журналистер музейдің бүгінгі хал-ахуалымен, сондай-ақ, «Есік» қорық-музейінің қорғау аймағына енетін Рахат қалашығында музей археологтары жүргізіп жатқан қазба жұмыстарымен танысты. Шара осы түннің символикалық бөлігі –«Сақ алауын» жағумен аяқталды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш e-mail не будет опубликован.

Пікір