Вампирлер бар ма?
15.03.2019
1321
0

Ақжүрек оқырман, бірден айтайын, мен вампиртанушы емеспін… бірақ, вампирлермен кездесіп қалатыным бар. Шын сөзім. О, олармен кездесу, олардың ұры тісі төменгі ерінін қапқан қанқұмар түрін көру – қандай қорқынышты, қандай жиренішті еді десеңізші! Жә, оны аз-маз деректер келтіре отырып жалғайтын боламыз.

Сонымен, вампирлер бар ма? «Вәкең­дер» туралы деректер олар­ды «бар» деп те айтады, «жоқ» деп те айтады. Вампирлер – упырьлар немесе вурдалактар Еуропа халықтарының төменгі әлем тура­лы миф­терін­де түн кезіп ұшатын кәдімгі жарқанат­тар сияқты бір­деңе. Жарқанат қансорғыш масаға айналып, ұйқыдағы адамның, әсіресе, балалардың тәтті қанына тұмсық батырып жүреді. Мифте мезгілсіз көз жұм­ған жан, өзіне-өзі қол салған пенде, адам өлтірген қарақшы вампирге айналатыны туралы айтылады. Миф қана емес, зоология мен ботаника ғылымы да «вампиризмді» өзге жаратылыстың қанына құмар жарқанат пен сүлік бейнесінде түсіндіреді. Алайда, адам қиялында вампир кәдімгі адамның өзіне ұқсап кеткен. Брэм Стокер «Дракула» атты готикалық романында біз әңгіме етіп отырған құбыжықты көзін қызыл қан бас­қан, өңі солғын, тісі орсақ, алапат күштің иесі, яғни, адам бейнесінде сипаттайды. Жазушыға, сірә, Еуропа елдерінің арасында «пор­фирия» дертіне ұшыраған науқас­тардың кескін-келбеті әсер етсе керек. Пор­фирия – жақын туысы­мен қойындасқан, ашына болған жоғары әулеттің ара­сы­нан шыққан кесел. Жазушылар қиял дүниесіне ерік беріп, вампирлердің айнаға қарай алмайтындығын, у сарымсақтан қорқа­тын­ды­ғын, жарықты жа­ны қаламайтындығын жаз­ған. Расында, порфирилер қаны жақын туыстардың арасынан туғандықтан ұсқын­сыз түрлерінен түңіліп, айнаның бетін жа­уып тастайтын. У сарымсақтың өткір иі­сі­нен уланып қалатын. Жұқа терілері күн­нің нұрын сүймейтін. Порфирия дертіне шалдық­қандар­ға со заманның дәрменсіз дәрігерлері: «Адам қанын ішсеңіз, дерті­ңізден құлан таза айығасыз», – деп кеңес берген де көрінеді. Өйткені, олар – адам қанын қасық­тап ішуге мүмкіндігі жетіп арты­латын ерекше қауымнан еді. Бек құрметті оқыр­ман, міне, осы сөз­ге мән бере отырыңызшы. Себе­бі, біздің алдағы баянымызда өздерін «ерекше жаралған қауымнанбыз» дейтін­дерге қайыра соғуымыз мүмкін…

Дәурен ҚУАТ

(Толық нұсқасын газеттің №11 (3645) санынан оқи аласыздар)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір