КВАРТЕТ
01.03.2019
463
0

(Басы өткен сандарда)

Жанболат АУПБАЕВ,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

«КӘСІБІМ – КИНЕМА­ТО­ГРАФ». «Міне, ол кісі кезінде осын­да жұмыс істеген, – деді жү­рі­сін сәл баяулатқан жолбас­шы­мыз. – Бүгін күн жексенбі ғой. Сондықтан мұнда ешкім жоқ. Қоя­тын сұрақтарыңыз болса, оған мына Бахтиёр ака дайын. Себебі, бұл кісі өзіңіз айтқан атақты кинооператор Мәлік Каюмовпен 18 жыл бірге жұмыс істеген жан».
Жолбасшы деп отырғанымыз Ташкент қаласындағы қандаста­ры­мыздың ішіндегі еті тірі азамат, осындағы «ESKULAP – МЕD» ор­та­лығының жетекшісі – Ер­ә­шім Рүстемов. Ал ол таныстырған адамдар – атақты актер, Өзбек­с­тан­ның халық әртісі Бахтиёр Их­тия­ров пен кәсіби фототілші Мұ­­рат Арынов және Оңтүстік Қазақстан облыстық өзбек драма театрының директоры Икрам Хашимжанов. Әңгімелесіп тұрған жеріміз – «Өзбекфильм» акци­о­нер­лік қоғамы ғимаратының алды.
– Жақсы, – дедік біз өзімізді ертіп жүрген адамдардың өтініші бойынша киностудияның қарсы бетіндегі шайхана ауласына кірген соң. – Бірақ айтыңыздаршы, ке­зін­де атағы жер жарған сондай адам­ның Ташкентте не бала-ша­ғасынан, не туған-туысқаны­нан еш­кімді кездестіре алмауымыз қалай?
– Біріншіден, – деді бұл сауал­ға Бахтиёр ака, – Мәлік Каюмов тумысынан қалалық. Ондай жандардың қышлақтағыларға қарағанда әулетаралық байла­ны­сы бір-бірімен өте аз болады. Екін­­ші­ден, ол кісі өте ұзақ ғұмыр кешкен адам. Сондықтан оның замандастары мен көзкөргенде­рінен қазір көп ешкімнің қалмауы заңды құбылыс. Үшіншіден, кезін­де Социалистік Еңбек Ері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты болып, «Өзбекфильм» секілді үлкен киностудияда бас­шы­лық қызметтер атқарған адам­ның өз ұл-қыздарын сонау кеңес­тік кезеңде-ақ шет жақтарда оқытуға мүмкіндігі әбден жет­кі­лік­ті болды. Сол себепті бұл кісі­нің ұрпақтарының бәрі Ташкент емес, әрісі Париж, Бонн, берісі Мәс­кеу, Санкт-Петербургте тұрады…

(Толық нұсқасын газеттің №9 (3643) санынан оқи аласыздар)

ПІКІР ҚОСУ