Бошай Кітапбаев

Ғабит Мүсіреповтің қасиетті қаламына іліккен Бошай ақсақал Кітапбаевтың дүниеден озғанын естігенде – ежелден таныс-біліс қарияңнан айрылғаныңды еріксіз ойлайды екенсің. Көкірегі тұнған шежіре, тұла бойы сабырға толы Бошай ақсақал қыршын шағында соғысқа бір аяғын берсе де, төрт мүшесі түгел кісідей өзін ешқашан кембағал сезінген емес. Михаил Ульянов ойнаған «Төраға» фильміне ұқсас киноны қазақ та түсіруге болатын еді. Бошай ақсақал көркем дүние кейіпкері болуға сұранып тұрған тағдыр иесі еді. Ол бақилық болып кеткен жерлестері Оралханның, Қалиханның, Дидахметтің ағасы ғана емес, талантты оқырманы болатын. Ұзақ ғұмыр кешсе де, ақылынан адаспай дүниеге сергек қарауынан бір танған емес. Болмысы ұлттық сабырға суарылған ол, қанша абырой-атаққа бөленсе де, астамсымайтын ақсақалдық қалпын өмірінің аяғына дейін сақтады.
«Қазақ әдебиеті» өзінің тұлғасы зор, танымы байтақ азаматынан айрылғаны өкінішті.
«Қазақ әдебиеті».