КВАРТЕТ
15.02.2019
328
0

(Басы өткен сандарда)

Жанболат АУПБАЕВ,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

«ШАРШЫ АЛАҢҒА… ШАҚЫРЫЛАДЫ!»

Сарыағаш сана­то­рийі. Жы­лына бір келетін еңбек демалысы­мыздың жеті күнін осы емдеу-сауық­тыру орнына бөлу соңғы жыл­дары әдетке айналған жайт. Биыл да сол дәстүрмен «Алтынай» корпусына келіп орналасқаны­мызда есімізге бір нәрсе қайта-қайта орала берді. Ол кешен жұ­мыс істемейтін сенбі, жексенбі күн­дері курорт іргесіне тиіп тұрған Ташкент қаласын көріп қайтсақ, бір кездері атағы жер жар­ған бокс баһадүрі Руфат Рыскиев пен өмірі де, өнегесі де өзгеше тұлға – көр­некті кино­режиссер Мәлік Каю­мов­тың ұр­пақ­тарымен жолы­ғып, әңгіме­лессек деген ой еді. Осы жос­па­ры­мызды Оңтүстік Қазақ­с­тан облысындағы өзбек драма теат­ры­­ның директоры Икрам Хашим­­жановқа айтқаны­мыз­да ол оны бірден құптап, өзі жолбасшы болуға ықылас білдірді.
Жүріп кеттік. Шаһар шетіне ілік­­кенімізде қатарымызға осын­да­ғы «ESKULAP-MED» орталы­ғы­­ның директоры Ерәшім Руста­мов қандасымыз бастаған жігіттер қосылып, алдымен олар Ташкент­тің арғы бетіндегі Кукча телімінде тұратын Руфат Рыс­киевтің үйіне баруға кеңес берді. Көп ұзамай біз сонда атбасын тіреп, алғашқы аман-саулықтан кейін әңгімеге кірісіп кеттік.
– Руфат Асадұлы! Біз, 60-шы жыл­­дарғы ұрпақ өкілдері, сізді өте жақсы білеміз. Ал бірақ… Иә, бір­ақ бүгінгі жастар өзіңізді кітап, интернеттен оқып, кинодан көріп қалмаса, өмірбаяныңыздан толық хабардар деп айта алмаймыз. Сон­дықтан әңгімемізді ата-ана, туған жер, өскен ортаңыздан бастасақ.
– Мен 1949 жылы Ташкент ірге­сіндегі Аққорған кентінде дүние­ге келдім. Әкем ауыл дәрігері еді, анам болса мектепте пионер жетек­шісі болып жұмыс істеді. 5 жасқа келгенімде әкем кенеттен қайтыс болды. Ағам, екі әпкем жә­не мен қор­ғансыз қалдық. Ше­ше­міздің ең­бекақысы ішер асы­мыз бен киер киімімізге жет­педі. Жиі ашыға­тын­быз. Бұл жағдай 1959 жылға дейін созылды. Сонан кейін барып, біз­дің отбасы­мыз­дағы жағдай түзеле бастады. 1961 жылы 5-сыныпта оқ­ып жүргенімде Әлішер деген аға­ма еріп, жергілікті спорт залының табалдырығын тұңғыш рет аттадым. Менің ал­ғашқы жаттықтырушым Сид­ней Львович Джексон болды. Бұл кісі ға­жап тағдыр иесі еді. Шыққан тегі америкалық ол 1917 жы­лы Санкт-Петербургте өтетін ха­лықа­­ралық бокс бәсекесіне қа­тыс­­пақ болып келген ғой. Ал­айда, сол кезде Ұлы Қазан төң­керісі басталып кетіп, Сидней Джексон Отанына қайта алмай қалады. Ұзақ уақыт Мәскеуде сенделіп жүреді. 1918 жылы Түркістан май­данын оқ-дәрімен қамтамасыз ету үшін әскери экспедиция жасақтап жат­қан Дала өлкесінің төтенше комис­сары Әліби Жангелдиннің интер­нацио­налдық отрядына ерік­ті болып жазылады. Бұл жер­д­е, Сидней Джексонның ойы мен мақсаты белгілі-тұғын. Орта Азия­ға жетіп алып, одан әрі жасырын түрде Үндістанға өтіп кету. Содан кейін ол жақтан ағыл­шын өкіме­тінің көмегімен Аме­ри­ка асу. Бірақ оның бұл ой-арманы іске аспады. Ташкентке келісімен революция­лық әскери кеңестің тапсырмасы бойынша Қызыл Армияның ар­найы бөлім­шелері үшін жекпе-жек және бокс мекте­бін ұйымдастырды. Сөйтіп, өмір бойы осы жерде қалып қойды…

(Толық нұсқасын газеттің №7 (3641) санынан оқи аласыздар)

ПІКІР ҚОСУ