КВАРТЕТ
01.02.2019
655
0

(Басы өткен сандарда)

2019 – Қазақстанның Өзбекстандағы жылы

Жанболат АУПБАЕВ,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

СТАДИОНДАҒЫ СҰХБАТ

Суретте: (солдан оңға қарай) Берадор Абдураимов, Жанболат Аупбаев, телекомментатор Жәмира Жиенбаева

2015 жылдың мамыр айында Өзбекстанда «Біз – бір халық­пыз» деген достық фестивалі өт­ті. Оған мұрындық болған Ал­матыдағы Дүниежүзі қаза­қ­тары қауымдастығы мен Таш­кент­­тегі қазақ ұлттық мәдени орталығы еді. Жиынның ал­ғаш­қы іс-шарасы таңертең қала орталығындағы «Жар» стадионында басталды. Делегация құра­мындағы біздер мұнда қос елдің бір кездегі ары мен намысы бола білген «Қайрат» және «Пахтакор» командалары арда­гер­­лерінің жолдастық кездес­уіне куә болдық. Куә болып қа­на қоймай, матч жүріп жатқан кезде өзбек футболының 1960-1976 жылдардағы жарық жұл­дызы атанған Берадор Абдураимовты стадионның ішінен із­деп тауып, сұхбат алып үлгер­дік. Адамдардан аяқ алып жүр­гісіз мұндай у-шу жерде кімнің кім екенін танып-білу мүмкін емес қой. Осы ретте «Өзбек­фи­льм» акционерлік қоғамының қарт кинорежиссері Ғияс Шер­мұха­медовке алғысымыз шексіз. Әріптесіміз жасының ұлғайып қалғанына қарамастан, толып жатқан баспалдақтармен ілгері-төмен түсіп жүріп, Берадор Хасанұлымен жолықтырды-ау, әйтеуір.
Міне, біз денесі сәл еңкіш тарт­­қан, селдір шашты, төртбақ келген қараторы адаммен амандасып тұрмыз. Кішіпейіл кісі екен, қасынан ығыса орын берді де әңгімеге бірден араласып жү­ре берді. Бетіне ауық-ауық қа­рап қоямыз, есімізге бұл адам­ның 1960-1976 жылдары «Пах­та­кор» командасы сапында алаңға 382 рет шығып, қар­сы­ластар қақпасына 164 доп соқ­қан өзбек елінің ХХ ғасырдағы тамаша футболшысы екені тү­седі. Содан соң ойымызға 1968 жыл­ғы ел чемпионатындағы 38 матч­та 22 доп соғып, одақтағы ең үздік ойыншы болған жұл­дыз­ды сәті оралады. Ал оның 1970 жылы КСРО құрамасы сапын­да жүріп, Оңтүстік Аме­ри­кадағы матчтағы жанкеш­ті­лігі ше? Онда ол Чилидің «Коло-коло» атты ұлттық футбол командасымен арадағы шиеле­ніске толы кездесуде ешкім күтпеген «хет-трик» жасап, 5:4 есебімен аяқталған матчтағы 5 доптың 3-уін бір өзі соғып, айды аспанға шығарған болатын. Енді міне, біз сол адаммен қатар отырып, сұхбаттасудамыз. Бір-бірімізді баяғыдан бері білетін ескікөз таныстар секілді тө­мен­дегідей достық рәуіште әңгіме-дүкен құрудамыз…

ТАШКЕНТ


(Толық нұсқасын газеттің №5 (3639) санынан оқи аласыздар)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір