Арманыма алданып Мен де кеттім…
Нұргүл Оқашева
***
Тірлік менің сүйреп жүріп қолымнан,
Күресінге лақтырды…
Азаппенен арпалысқан жолымнан,
Дос безініп, жат күлді…
Өмір менің шаштарымды жұлқылап,
Тастағанда көшеге.
Жан дауысым шырқырап,
Тәнім өлді нешеме…
Тоқпағы ауыр тағдырымның сұрағы,
Жатқызды әкеп «отаға».
…Сүйген жүрек, күйген жүрек тірі әлі,
О, тоба!..
***
Бәрін неден бастадық бәрін неден,
Бір ауыз сөз құртты ма «жаным» деген?
Неге, неге үндесе кеттің екен,
Жалғыздықтан жабыққан жанымменен.
Сүйіп қалған жүректе бар ма кінә?
Сізсіз жол жоқ жететін арманыма.
Бейуақытта кездескен бір тағдырдың,
Бір тағдырға байланып қалғаны ма?
Тұйықталған жолыңа қарай-қарай,
Солғын тартып кетпей жүр жанар қалай?
Жақындаудан жасқанып жаныңызға,
Алыстаудан қорқамын қалай ғана-ай!?
Азаптаған тағдырды көтермедім,
«Жетер!» дегім келеді «жетер!» дегім.
Шарпып жатқан сезімге күйіп өліп,
Күлге айналып, шіркін-ай, кетер ме едім?!
***
Сезімдерді Күздей суық еткен кім?
Көңілімнен күңіренген күй ақты…
Сіз жанымнан тым жырақтап кеткен күн,
Әлем мені тастап кеткен сияқты…
Ақша бұлттай арманымды мазақтап,
Моншақ қылып мойныма ілді мұңдарын.
Өмір менің жүрегімді азаптап,
Сұғып жатыр сояу-сояу тырнағын.
Күйреткенде бақыт, уақыт жайлы арман,
Ессіз қыздың ақылы да ауыспақ.
Сезім менен Сізді теріс айналған,
Жоқтасам ба, іздесем бе дауыс сап?..
Сезімдерді Күздей суық еткен кім?
Көңілімнен күңіренген күй ақты…
Сіз жанымнан тым жырақтап кеткен күн,
Өлең мені құтқаратын сияқты.
……
(Толық нұсқасын газеттен оқи аласыздар)
ПІКІРЛЕР1