Танысу
11.01.2019
964
0

Жексен ЖҰМАХАНОВ,
13 июль 1956 жыл,
№28 (80), 4-бет

Әңгіме

Москва-Алматы пойызында келе жаттық.
Маған алтыншы вагонның астыңғы бір полкасынан орын тиді. Қазан вокзалында қақтығы­сып, ұзақ жүргендіктен болар, қалжырау мен қалғу бірге келді. Оның үстіне пойыздың шайқалма жүрісі тербетті. Іле жастыққа бас тиісімен көзім ілініп кетіпті.
Бірақ, қанша ұйықтағаным белгісіз, біреу жұлқып оятты. Жұл­қығанда қолдан, тіпті аяқтан болса да, бірсәрі ғой, тура құлақтан жұлқыды.
Атып тұрсам, алдымда Сафар Темірғалин тұр. Менің үркіп оян­ған әлпетіме қарап, екі беті нарт­тай қызарып, күле береді. Оның бұлай еркінситін жөні бар: соғыс жылдарында талай күнді бірге өткізгенбіз, оның үстіне менің бірер жас үлкендігімді есептемей, ол мені құрдас санап, қылжыңдаса беретінбіз.
Өзі нәзіктеу еді. Семіріп кетіп­ті, ептеп шүде пайда болған сияқ­ты. Қараторы жүзі гүл-гүл жайнап, қаннен-қаперсіз тұр. Құшақтаса амандасып, жай-жапсар білісіп, мәз-мейрам болдық та қалдық.
Біздің алтыншымен көршілес, жұрт «халықаралық» деп атайтын жұмсақ вагонның екі кісілік купе­сін­де кетіп барады екен. Менің орным оған ұнамады, тағаттап отыра да қоймады. Жүр-жүрлеп, мені өз вагонына алып кетті. Бардық, купенің есігін ашып қал­ғаны­мызда бір жас әйел алдымыз­дан атып тұрды: жұнттай семіз, жұмыртқадай ақ, екі көзі қарақат­тай мөлдірейді, кірпіктері тіп-тік…

(Толық нұсқасын газеттен оқи аласыз)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір