Қар жауып тұр
28.12.2018
1711
2

Қар жауып тұр қалада баяғыдай,
Адамдарды бақытты ет, ая, құдай.
Туған жерге аспаннан суық гүлдер
Түсіп жатыр қанатын жая құлай.

Қай кезде де қазақтың даласы кең,
Біреу – бақыт, біреулер – жарасына ем.
Іздей ме екен, адамдар бара жатыр
Аппақ-аппақ қарлардың арасымен.

Біреулер жүр тазалап күрекпенен,
Аппақ сезім толтырар жүрекке өлең.
Іздегенін адамдар тапса екен деп
Таза қардың үстінде тілеп келем.

Көптен осы қаланы қар басқаны,
Алатаудың айбарлы қарлы асқары.
Аппақ, аппақ, аппақ қар себелейді,
Үлпілдейді түбіттей тал бастары.

Тал бастары…
Өнгелі не көрмеген,
Мезгіл жетпей жазғандар көгермеген.
Жас суретші қарайды тұра қалып,
Таласа алмай табиғат шеберменен.

Күләш Ахметова

ПІКІРЛЕР2

Дірідейді талай ақ қарда
Бұны да ақын аңғар да!
Қандай суық бұл кезең
Толғаналық кел терең
Тоңып жүрген аштарды
Секіргенде тоқ демең
Өле қалса қасқалар
Опық енді кеш жемең

Аноним 09.12.2023 | 23:54

Мнің қарым келді ау
Меніңқарым келді ау
Жетім мен сені қарым менің
Сені күткені ме қай заман
Сені жақсы көремін қарым менің
Саубол қарым

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір