Тәуелсіздікке – 27 жыл
Тәуелсіздіктің 27 жылында еліміз көптеген жетістіктерге жетті. Әнұран, елтаңба мен көк байрақ сынды символдар елдігімізді бүкіл әлемге паш етуде. Осы ұлық күнге орай ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясының жеке құрамы бас қосты.
Академия бастығының бірінші орынбасары, полковник Қанат Даишев, Академия бастығының орынбасары — кадрлық жинақтау басқармасының бастығы, полковник Жанат Сейтовтер тәуелсіздіктің баға жетпес құнына, қазақ халқының ғасырлар бойы көздеген арман-мұратына тоқталып, академияға келіп түскен құттықтау хаттарды оқыды. Бірқатар офицерлер кезекті әскери шенге қол жеткізіп, «Қазақстан Республикасына қызмет етемін!» деп, әріптестерінің алдында ант етті. Тәрбиелік, әлеуметтік-құқықтық және идеология жұмыстары жөніндегі орынбасар, полковник Серік Бисекеевтің табыс етуімен өзге де әскери қызметкерлер мен қызметшілер алғыс хаттар пен мақтау қағаздарын алды. Мерекелік шара соңы мерекелік концертке ұласты.
Жанат Жабырбеков,
ҚР ҰҚК Шекара қызметі акдемиясының
баспасөз хатшысы