«БОЗОҚ АРУЫ ТІЛ ҚАТТЫ…»
07.12.2018
594
0

Алматыдағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шәрбану Бейсенованың «Ұлы дала арулары» топтамасы бойынша жарық көрген «Бозоқ аруы» кітабының тұсаукесері өтті.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында оқырманға жол тартқан бұл кітап түркі аруларының төл тари­хымыздағы орнын айшықтай түс­кен. Жазушы «Бозоқ аруында» Елорданың іргесіндегі ежелгі Бозоқ қаласына жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған ару қаңқасына тіл бітіре отырып, елдік мәселелерге қатысты ой қоз­ғайды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың: «Ортағасырлық Бо­зоқ қаласы – Ақмоланың тікелей атасы, ал оның соңғы ұрпағы – қазіргі Қазақстанның елордасы Астана деп есептеуге болады», – деген сөзін басты дәйек ретінде алған. Хикаятта Бозоқ қаласын топырақтан аршыған археолог-ғалым Кемел Ақышевтің деректері, оның ішінде, қазба жұмысы кезінде табылған әйел мүрдесінің екі жағына қойылған 800 інжу моншақтың табылуы мысалдармен келтірілген.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір