Карл Байпақов
30.11.2018
2440
0

КӨҢІЛ АЙТАМЫЗ!

Қазақстан ғылымы ауыр қазаға ұшырады. Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының құрметті профессоры, қазақтың көрнекті археолог-ғалымы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы ҚР мемлекеттік сый­лығының иегері Байпақов Карл Молдахметұлы дү­ниеден озды.
Карл Молдахметұлы қазақ халқының тарихы мен мәдениетін зерттеуге баға жетпес үлес қосып, ежелгі және орта ғасырлардағы қалалық мәдениет, қала мен даланың өзара байланысы, далалық өркениет, Ұлы Жібек жолы туралы мәселелерде келелі тұжырымдар жасады.
Археология – К.М.Байпақовтың өмірінің мәні еді. Ол әр уақытта өте іскер, жұмыстан қажымайтын, үздіксіз ізденісте жүретін ғалым болатын. Далалық зерттеулердің майталманы, археологияның теоретигі. Ғалым, зерттеуші Карл Молдахметұлы әрқашан да археологтардың, қыз­меттестерінің, қазақстандықтардың жадында мәңгілік қалады. Отбасына, жақын туған-туыстарына көңіл айтамыз.

Ә.Х.Марғұлан атындағы
Археология институтының ұжымы

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір