«КҮЙ ОЙНАЙДЫ ҚАЗАҒЫМНЫҢ ҚАНЫНДА»
16.11.2018
6425
2

Кеңес дәуірі қазақ халқын қыспаққа алған тар заманда Мұхтар Әуезов «қазақтың ұяты күйінде ғана қалды» деп мұңайған екен. Иә, күй – қазақтың жаны. Қазақ деген халық барда, күй өнері де жасай бермек. Соның айқын дәлелі ретінде кеше Алматыда «Қазанғаптың күйлері» атты саз кеші өтті.

«Рухани жаңғыру» бағдар­ламасы аясында «Орталық мем­лекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағаты» мекемесінің төрінде салтанат құр­ған ерекше кеш мұрағат директоры Тасқын Тойбаевтың күй өнерінің құдіреттілігі туралы сөзімен ашыл­ды. Кеш қонағы – Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консер­ваториясының профессоры, ҚР Мәдениет қай­раткері, шертер аспабын мамандық ретінде оқыт­қан алғашқы ұстаз Басықара Ерсайын Бақытұлына және аталған консерваторияның ІІ курс студенті Бексұлтан Бақыт Ерсайынұлына шығармашылық табыс тіледі. Мұрағат қыз­мет­керлері тама­ша­лаған тағылымды шарада Қазан­ғаптың «Күй ша­қырғыш Ақжелең», «Көкейге түс­кен көкілжан», «Ысыр­ма», «Қиту, қиту, қайт, қайт» күйлері орын­дал­ды. Кездесу барысында Ер­сайын Басықара өз шығарма­шылығы һәм бүгінгі қазақ өнері турасында толғана сыр шертті. «Нағыз қазақ – домбыра» екенін ұғындырған мұндай кештер жал­ғасын таба бермек деген үміттеміз.

ПІКІРЛЕР2
Аноним 03.03.2020 | 19:08

Бул дурыс емес

Аноним 01.04.2021 | 21:35

Келмидіғо

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір