КІТАПХАНАҒА СЫЙ
02.10.2018
826
0

Астанада өткен «Адамзат. Шексіздік. Мәңгілік» атты еуразиялық әдеби форум аясында «Заманауи еуразиялық әдебиет» деген тақырыпта кітап көрмесі өтті.

Көрмеге елімізге танымал қаламгерлер мен форумға қатысқан шетелдік ақын-жазушылардың кітаптары қойылды. Сонымен бірге «Астана фотографтардың көзімен» атты Астана қаласының 20 жылдығына арналған суреттер топтамасы да көрмеден орын алды. Шараның өтуіне қолұшын берген Ұлттық академиялық кітапханаға сый ретінде көрме ұйымдастырушысы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы Ғалым Қалибекұлы 90 кітап тарту етті. Бағалы кітаптардың ішінде түрік бауырларымыз түрік тілінде шығарған Мағжан Жұмабаев шығармаларынан бастап, кеше ғана өмірден өткен Рахымжан Отарбаевқа дейінгі қазақ ақын-жазушыларының еңбектері бар.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір