Рымкеш Жұмаділова
21.09.2018
2089
0

Қазақ мәдениеті мен өнері ауыр қазаға ұшы­рады.
2018 жылы 18 қыркүйекте Қазақстан Рес­пуб­ликасының Еңбек сіңірген қайраткері, атақты опе­ра әншісі, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының аға оқытушысы Рымкеш Әлжанқызы Жұмаділова 61 жасында дүниеден озды.
Рымкеш Жұмаділова 1957 жылы Қарағанды об­лысы Ақтоғай ауданының Қызыларай ауылында ту­ған.
Қазақтың Құрманғазы атындағы Ұлттық кон­серваториясын бітірген өнерпаз республикалық ән байқауларында және Баку қаласында өткен ха­лықаралық Глинка атындағы әншілер кон­курсында лауреат атанған. 35 жыл бойы Абай атын­дағы Опера және Балет театрының жеке со­лисі болып еңбек етіп, А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсында – Ажар, Е.Брусиловскийдің «Ер Тарғын» операсында – Ақжүніс, С.Мұ­ха­меджановтың «Ақан сері–Ақтоқтысында» – Ақ­тоқты, М.Төлебаевтың «Біржан–Сарасында» – Сара мен Алтынай, Б.Жұманиязовтың «Ма­­хам­­­бетінде» – Зылиха, Е.Рахмадиевтің «Абылай хан» операсында – Күлпаш секілді басқа да бас­ты рөлдерді сомдады.
Былтырғы жылы 60 жасқа толған мерейтойына орай «Әнім мені алысқа жетелейді» атты жеке шы­ғармашылық концертін өткізген болатын.
Рымкеш Әлжанқызының жарқын бейнесі мен ән өнеріне сіңірген қызметі қазақ халқының жадында мәң­гі сақталады.
Марқұмның отбасына, туған-туысқандарына қай­ғырып көңіл айтамыз.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі,
Қазақтың Құрманғазы атындағы
Ұлттық консерваториясы

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір