ЖАС КӨШБАСШЫЛАР ӨЗАРА СҰХБАТТАСТЫ
21.09.2018
664
0

12-14 қыркүйек күндері Алматыда ҚР Қоғамдық даму министрлігі, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ТМД елдерінің жастар форумы өтті.

Жас көшбасшылардың ортақ мәдениетаралық диалогын қалыптастыру­ды, өзара қарым-қатынасты күшейтуді мақсат еткен форум аясында жастар ұйымдары арасындағы меморандумдарға қол қойылды. Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей Федерациясы және Қазақстан қоғамдық ұйымдарының өкілдері өзара тәжірибе алмасып, жастардың патриоттық белсенділігін арттыру жайында ой-пікірлерін ортаға салды. Алқалы жиынға кәсіпкерлер, волонтерлер, мемлекеттік орган мен БАҚ өкілдері және шығармашылықпен айналысатын жастар да қатысты.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір