БҰҰ ҚазҰУ-ды ынтымақтастық шараларына шақырды
31.08.2018
809
0

Австрияның Альпбах қаласында үкімет басындағы және бұрынғы мемлекет, үкімет басшылары, халықаралық ұйымдар мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен жоғарғы деңгейдегі жыл сайынғы беделді саяси форум болып өтті. Еуропалық және жаһандық мәселелердің шешімін табуға арналған бұл шара әлемнің 100 мемлекетінен келген 5 мың адамның басын қосты.

Австрияның президенті Алек­сандр Ван дер Беллен, БҰҰ-ның се­гізінші Бас хатшысы Пан Ги Мун, Австрияның бұрынғы прези­денті Хайнц Фишер, Сербияның Премьер-министрі Александр Ву­чич және тағы басқалар сим­по­зиум­ның басты спикерлері болды және олар ғаламдық тектоникалық саяси-экономикалық өзгерістер контексінде форумның өзектілігін атап өтті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жә­не жақында оның жанынан құрылған Пан Ги Мун атындағы тұрақты даму институты аталған шараға БҰҰ-ның жаһандық азаматтық және тұрақты даму бағытындағы бастамаларын жүзеге асыру бойынша ынтымақ­тас­тық­тың перспективаларын талқылау мақсатында шақырылды.
ҚазҰУ «БҰҰ-ның «Академия­лық ықпалы» жаһандық хабын 2014 жылдан бері басқарып келеді және бағдарламаның маңызды қа­ғидаларын іске асыруда халы­қа­ра­лық деңгейдегі танымал көш­бас­шы.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры, академик Ғалым­қайыр Мұтановтың «Университет 4.0 – жоғары білім берудегі жаңа кезең» атты баяндамасы форум қатысушыларының ерекше қы­зығу­шылығын тудырды. Бұл бастама бұған дейін БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде мамыр айында өткізілген конфе­рен­ция барысында алғаш рет ұсы­ныл­ған болатын. Осы қызметтегі айқын бағыт-бағдар мемлекеттік бағдарлама – «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру».
Жаңа университет моделінің мис­сиясы жастардың бойында әлемдік жоғары рухани-адамгер­шілік қасиеттері мен белсенді аза­мат­тық ұстанымы бар ізгілікті аза­мат ретінде қалыптастыру. Форум­ға қатысушылардың атап өткеніндей, «Университет 4.0» жаңа моделі жаһандану жағдайын­да, сондай-ақ жаңа технологиялар­дың қарқынды дамуы кезеңінде ерекше маңызды жоба.
Қазақстандық жоғары оқу орны­ның форумға қатысуының басты нәтижесі Ғаламдық азамат­тық орталығы (Австрия), Тұрақты даму институты (Оңтүстік Корея) және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ арасында Стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қою болып табылды. Құжатты Австрияның экс-президенті Хайнц Фишер, БҰҰ-ның сегізінші Бас хатшысы Пан Ги Мун және ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов (Қазақстан) қолдарын қойып бекітті. Келісім-шарт адамзаттың жаһандық мә­се­ле­лері мен қазіргі заманның сын-тегеуріндерін шешуде тараптардың күш-жігерін біріктіруге мүмкіндік береді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір