Бекен Әбдіразақовтың мемориалды тақтасы
Жуырда қазақ поэзиясының дамуына үлес қосқан танымал ақын, «Жұлдыз» журналының Жауапты хатшысы, «Жазушы» баспасының редакторы, аудармашы, марқұм Бекен Әбдіразақовтың 1977-2002 жылдар аралығында тұрған үйіне мемориалды тақта орнатылды.
Қазақстан Жазушылар одағының бастамасымен қаламгердің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған шараны Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қолдаған еді. Мемориалды тақтаның ашылу рәсімінде Алматы қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлиев, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов, академик Өмірзақ Айтбайұлы, «Жұлдыз» журналының Бас редакторы Ғалым Жайлыбай, ақынның жары Қазына Нұрмаханова сөз сөйледі.