РОБОТТАР БАЛЫ
7 тамыз бен 26 қыркүйек аралығында Астанадағы EXPO қалашығының «Нұр Әлем» сферасында қала тұрғындары Америка, Еуропа, Оңтүстік Корея және Жапония елдерінен әкелінген роботтардың қабілетін куә бола алады.
Көрмені ұйымдастырушылардың бірі Супхон Зиябаевтың айтуынша мұндай роботтар балы алғаш рет 2015 жылы Мәскеу қаласында өткен. Осы жолы Астанадағы EXPO ғимаратына әкелінген 20 робот ғимарат интерьерімен, тамаша үйлесім тапақан
Оның бірі – Александр Гецойдың «Көше музыканттары». Музыканттардың арасында скрипкашы, барабаншы және қалпақ тігуші бар. Бұл экспонаттың басқалардан ерекшелігі – қоқыс қалдықтарынан құрастырылған.
Кештің басты қонағы – ұлыбританиялық робот гуманоид Теспиан. Күліп-жылай алатын робот қонақтармен әңгіме-дүкен құрып қана қоймай, ән салып, Шекспирдің шығармаларын оқи алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, робот театрландырылған қойылымдарға да қатысқан.
Роботтар балына келушілер роботтандырылған АХАЖ арқылы ресми емес формада некелесе алады.
Сондай – ақ «Робополис» көрмесінің аясында «Нұр-Әлем» сферасының бірінші қабатында үш модульден тұратын виртуалды шындық зонасы қойылған. «Бірінші модуль – Алматы және Астана қалаларына арналған тур, мұнда VR-көзілдірік киіп Астананың 16, ал Алматының 13 басты қонақжай аймағын көруге болады. Екінші модуль ол game-room, яғни ойын бөлмесі. Мұнда әрбір адамға виртуалды шындық әлеміне экскурсия өткізуге арналған интерактивті гид бар. Үшінші модуль – этноауыл. Мұнда өткенге оралып, қазақтардың этноауылын көре аласыз. Киіз үйге аяқ басқаннан кейін ата-бабамыздың қалай өмір сүргенін аңғаруға болады. Сондай-ақ, онлайн режимде жебе, садақ қолдануға болады.
Аяулы ҚУАНЫШ