БАУЫР БОЛСАҚ ЖЕТЕДІ…
Есенқұл алпыс жасқа толар қарсаңда ма екен, Қазақстан Жазушылар одағында шығармашылық кешін өткізді. Ақынды сонау жасырақ кезден білуші едім. ҚазҰУ-дің журналистика факультетінде сырттай бірталай жыл оқыса керек. Атақты 5-жатахқанаға достарымен бірге анда-санда соғып тұратын.
Әлгі кештің алдында өзімен дәлізде жолығып, қос қолдап сәлем бердім де:
– Кеш құтты болсын! — деп тілек айттым. Одан соң қалжың ретінде:
– Есаға, «құм жиылып тас болмас, құл жиылып бас болмас» деуші еді, сен де – «құл», мен де «құл», қалай болар екен? – дедім. Қашанда көкірегі ояу, көңілі сергек ағам рахаттана күліп, құшақтай алды да:
– Ай, сен екеуіміз бас болмай-ақ қояйық. Бізге бауыр болсақ та жетеді! – деді.
Құлтөлеу Мұқаш