ЖАРНАНЫҢ ЖАЙ-ЖАПСАРЫ
06.07.2018
885
0

Биылғы жылдың маусымында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 8,7 млрд. теңгеден астам жарна аударылды. Аталмыш жүйе бір жыл ішінде жеке кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер төлеген аударым сомасы 80,6 млрд. теңгені құраған. Қаражаттың 72,1 млрд. теңгесі яғни, 89,5% жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмыскерлер үшін жасаған аударымы болса, қалған 8,5 млрд. теңге яғни, 10,5% жуығы жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісім-шарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі. Алматы мен Астана қалалары және Қарағанды облысы көш бастап тұр. Елорда тұрғындары соңғы 11 айда қорға 9 млрд. теңгеге жуық жарна аударған.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Ұлттық банкпен сенімгерлік басқару келісім-шартына отырған. Міндетті Әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін түсетін барлық аударым мен жарна Ұлттық банк қорының шотында сақталады. Банк өз тарапынан қаражаттың толықтай сақталуын қамтамасыз етеді. Түскен қаражат МӘМС жүйесі іске қосылғаннан кейін сақтандыруға сәйкес қызмет ақысын төлеуге жұмсалады. Қолданыстағы Заң бойынша, Әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша қызмет көрсету 2020 жылдан басталуы тиіс.

Аяулы Қуаныш,
ХАТУ, электрондық журналистика бөлімі.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір