Міңгір мен Даңғұр
Берік САДЫР.
МІҢГІР мен ДАҢҒҰР
Пықып құрдаспен анда-санда кезігіп, салқын сыра сіміретініміз бар.
Бұл жолы Пықекең:
– Менен үлкен ағаларымның бірі қалада, бірі ауылда тұрады. Қаладағының ұлы ерке болып еркелеп өсті. Даңғұр есіміне сай әңгір-дүңгір, елгезек, еліктегіш, елп-желп… әке-шешесі: «Аман болсын, еті тірі, бір жерден тесіп шығатынына сенімдіміз», – деп бетінен қақпады. Мектепте жүріп-ақ белсендінің бел ортасында жүрді. Уралағыш, ұрандатқыш. Тәуір оқығанының арқасында қоғамдық жұмыс десе жанып кетеді. Жиылыс, басқосу атаулыдан қалмайды. Мектеп басшылығы да біреуді құттықтау керек болса да Даңғұрды алдыңғы сапқа қоса қояды. Өзі де сөйлей-сөйлей шешен де болып алды. Бір сөзбен қаладағы ағамның баласы белсенді, беделді, сен тұр мен атайын дәрежесінде мектеп қабырғасын бітіріп шықты.
Ал, ауылдағы ағамның баласы Міңгір ілініп-салынып әйтеуір мектебін бітірді. Сабақтан бұрын көбіне төрт түлікпен «тілдесіп», қойын қоздатып, құлын-тайдың жанынан шықпай, ес біліп, етек жапқанынан жылқы құмар болып, бәйге десе танауы делиіп далақтап ат үстінде шапқанына мәз. Қан-сөкпен жұмысы жоқ, таң атқаннан кеш батқанға дейін төрт түлігін түгендеумен болады. Қызығы да, шыжығы да, айтар әңгімесі де мал төңірегі… – деп ауылдағы ағасының баласының тірлігіне көңілі толмайтынын білдірді.
Келесі бір кездескенімізде Пықып:
– Тіл-көзден сақтасын, қаладағы ағамның баласы Даңғұр шырақ ерлеп тұр. Дамыл таппайды, тек жүрмейді. Елгезек, ұр да жық. Осындағы жоғарғы оқуында жүріп көзге түсіп, небір бастамалардың бел ортасында болып, үкіметтің үндеуіне бел шеше кірісіп, белді партияның бастамасын қолды-аяққа тұрғызбай насихаттап жүріп, еңбегі еленіп – оқуын шетелде жалғастыруға қолын жеткізді. Онда жүріп те елін, жерін, әсіресе басқарушы биліктің сойылын соғып, осыған балама жастар ұйымын құрып құрақ ұшты… Аман болса бір жерден ойып тұрып орын алатынына, сөйтіп әулетіміздің атын аспандататынына сенімдіміз.
Ал ана ауылдағы Міңгірдің білетіні мал төңірегінде қалып қойды. Оқитыны да мал жөнінде, көретіні де төрт түлік көрінеді. Пәлекет, сонысына қарамай, малының есебін шығарғанда шемішкеше шағады екен. Әрі өзі қазіргі заманның шықбермес Шығайбайы дейді. Түлігі көбейіп, малшы-жалшы ұстайтын дәрежеге жетіпті, – деген болды.
Кезікпегенімізге көп болған, бірде Пықекең екі саптыаяқ сырадан соң:
– Әлгі қаладағы ағамның баласы Даңғұр басынан кетіп, айықпас дертке ұшырап… Ағам оны ауылға апарып, інісінің баласы Міңгірге табыстаған екен, бауырдың аты бауыр, оқыған-тоқығаны бар Даңғұрды Міңгір малшыларына бастық етіп қойыпты… Өзім де Міңгір інішектен соғым алып қайтайын деп, ауылға кетіп барамын, – деп әңгімесін қысқа қайырды.
БҮК-ШІК БИЗНЕС
«Жаман сырын айтамын деп, шынын айтады» демекші, менде қазіргі өзіміздің күн көріп отырған бизнессымағымыздың жай-жапсарын жайып салайын деп отырмын.
Мардымсыз тірлік кешіп жүргенімде, жығылғанға жұдырық, бір созылмалы кеселге ұшырап, ауруханада айлап жатуға тура келді.
Алғашқыда көңіл сұрап келген ағайындардың әкелгендеріне көңіл бөлмейтінмін. Бірде олар әкелген алма атаулыны жиыстырып әйеліме беріп жібергенмін. Ертесінде әйел: «Кешегі алмаларың онбес килограмнан асып жығылды», – дейді. Түсінбеген маған: «Сатып, дәрі-дәрмек әкелдім. Үйдің де пәтерақысын төлеуге жетті», – деді де: «Әкелгендердің қолын қақпа, не әкелсе де жиыстыра бер», – деп қытайдың нән екі-үш қабын тастап кетті.
Қарға тамырлы қазақ емеспіз бе, айналайын ағайын-туыс, жекжат-жұрағат бар, ойпыр-ай, түске дейін үш-төртеу, түстен кейін бес-алтау келіп… ал сенбі, жексенбі бірі кетіп, келесісі келіп, күн баласы тыным көрмеймін… Келгендер, әрине, құрқол келмейді. «Ауруына алма сеп» деп әйел айтқан болуы керек, жатқан төсегімнің асты алмаға толды.
Әйел де ылдым-жылдым, кештетіп келіп, теңдеп тиеп, тайып отырады.
Әйелдің деуімен болуы керек, алмадан бөлек алмұрт, қауын сияқты жеміс-жидектер де келе бастады.
Басында ыңғайсызданушы едім, келіншектің кешегілер пәлен қаражат болды, оны өйттім-бүйттім дегенін естіп… кейінгі кезде көз қиығым бірден келгендердің дорбасына түсетін болып алды…
Ауыл пойыз жол торабында болғандықтан, әйел сатар затын ары-бері өткендерге ілезде-ақ үлестіріп үлгереді.
Не керек, ауруым созылмалы болғандықтан алты ай жатсам да зерікпедім… Әйелдің арқасында шағын жеке бөлме бұйырып, тоңазытқыш пен теледидар да кіргізіп берді.
Бірде көңіл сұрап келіп отырған құда: «Құдағи айтқан он қап кәртөшкені қаптап дайындап қойдық», – дегенінде үндей алмай, кеткен соң әйелге: «Кәртөшкің не?!» десем: «Саған ескертуді ұмытыппын ғой, бар-ау деген ағайындарға «Ауруы қиын, шетелден маман келіп қарайды екен. Оның қарағанына, дәрі-дәрмегіне көп қаражат керек екен дегенмін. Құдаң болып, басқалар бар – құдай қаласа бір елу мөшектей кәртөшкі бұйырып, оны бір пойызбен келісіп тиеп, алдағы аптада қалаға апарып сатып келейін деп тұрмын. Онымен бірге бұйырған төрт-бес ірі қара, жиырма шамасындағы уақ малдың да етін апармақпын», – дейді.
Не керек, өстіп ойламаған жерден бүк-шік бизнес пайда болғаны…
Бірде келіншек алақайлап көңілді келді де: «Ендігі жерде ел-жұртың не әкелсе де ала бер. Стансадан киоск аштым, енді бәр-бәрін сата беруге болады!», – дейді.
Қайтейін, қолдан келер басқа тірлік жоқ, бұйырған «бизнеске» бел шешіп кірістім де кеттім.
Сөйтіп жатқаныма жылға жуықтағанда әйел: «Енді сенің орныңа мен жатамын. Ел-жұртқа өзім сауыққан болдым, ауруым әйеліме жұғыпты дейсің. Киоскіде сатушы бар, сен екі ортада жүріп тұрсаң болды. Маған не керегін өзім айтамын, тек оны айналайын ағайындарға көз жасыңды сығымдай отырып айтып, жеткізсең болды», – дейді.
Уақытша болса да қапас қамаудан құтылғаныма құлдық ұрып, әйелге: «Ләпай тақсыр!» деп іске кірістім де кеттім…
ҚАЛТАФОНҒА ҚҰЛДЫҚ

АСТАНА.