ҚазҰУ әлемнің үздік университеті
11.06.2018
871
0

Алғаш рет Қазақстандық универ­ситет – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлем­дегі 800 ең үздік универ­ситет ара­сында 220 орынға ие болып, QS «World University Rankings» халық­ара­лық рейтингісінде тағы 16 орынға алға шықты. Бұл топқа посткеңестік кеңіс­тіктен тек екі университет кіреді: Қаз­ҰУ және Ломоносов атындағы Мәс­кеу мемлекеттік университеті (РФ).

Елбасы Қазақстанның жоғары оқу орындарына әлемдегі ең үздік 200 ЖОО қатарына кіру міндетін қойып отыр. ҚазҰУ әлемдік кеңіс­тікте мойындалған еліміздің жетекші уни­верситеті ретінде осы маңызды мем­лекеттік тапсырманы іске асы­ру­да мақсатты жұмыс атқаруда. Соң­ғы бес жылда университет «QS WUR» рейтингісінде 400-ден астам по­­зицияға көтерілді. Әлемдік тәжі­ри­беде бірде-бір университет осын­дай өсу динамикасына қол жет­кіз­беген!
QS әлемдегі барша мемлекет­тер­мен танылған беделді және көптеген жыл­дар бойы әлемдегі үздік жоғары оқу орындарының жаһандық рей­тин­гісін жүргізіп келе жатқан ық­палды халықаралық агенттіктердің бірі екендігі мәлім.
ҚазҰУ-дың осы рейтингіде та­бысты ілгерілеуінің маңызды фак­торы кең ауқымды құрылымдық мо­дернизация, нәтижеге бағыт­тал­ған басқарудың жоғары тиімділігі, сон­­дай-ақ соңғы бес жыл ішінде 40 пайыз­ға өскен бірегей инфрақұ­ры­лым­ның қарқынды дамуы болып та­былады. Әлемдік деңгейдегі зерт­теу университетіне айналу бағытын сақ­тай отырып, ҚазҰУ медицина-био­логиялық және инновациялық ІТ кластерін қалыптастыру бойынша жұмыс жасауда, оның негізін жаңа суперкомпьютер құрайтын болады.
Университеттің әлемдік дең­гейде танылуы сонымен бірге Қаз­ҰУ-дың тұрақты даму бойынша БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» бағ­дарламасының Ғаламдық хабы ре­тін­де белсенді қызметімен және оның халықаралық жобаларымен де байланысты. Олардың ішінде ҚазҰУ ұсын­ған инновациялық-техноло­гия­лық және рухани-адамгершілік плат­формалардың симбиозына не­гізделген «Университет 4.0» жаңа буын университетінің моделі бар.
Бүгінде ҚазҰУ-дың таңқаларлық тә­жірибесін әлемнің жетекші уни­верситеттері зерттеу үстінде, бұл уни­верситеттің жоғары бәсекеге қа­білеттілігінің көрсеткіші. Жетекші қазақстандық жо­ғары оқу орнының әлемдік ғылы­ми-білім беру кеңістігіндегі артып келе жатқан рөлін ескере отырып, «QS Worldwide» Атқару кеңесі 2019 жылдың қыркүйегінде әл-Фараби атын­дағы ҚазҰУ негізінде бүкіл­-ә­лем­дік форум және жоғары оқу орын­дарының халықаралық көр­месін өткізу туралы шешім қабылда­ды. Осындай ауқымды іс-шараны өт­кізу Қазақстанның өсіп келе жат­қан беделін айғақтайды және елдің жо­ғары білім беру жүйесін әлемде ал­ға жылжытуға ықпал ететін бо­ла­ды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір