«Сиқырлы глобус»
29.12.2017
1674
0

Таяуда «Атамұра» баспасынан Гете-Институтының қаржылай қолдауымен «Сиқырлы глобус» атауымен неміс ертегілер топтамасының қазақ тіліндегі аудармасы жарық көрді. Суретті кітаптың ерекшелігі – ертегілер қазақ және неміс тілдерінде қатар беріліп отыр. Қауым Мартин Лютерден бастап, Эльмар Шенкель, Катрин Дройт, Вильгельм Кропп және Марие-Кристине Ромирердің ертегілерімен қауышады.

Ертегілер балабақша бүлдіршіндері мен мектептің бастауыш сынып оқушы­лары­на, ұстаздар қауымы мен ата-аналарға арналған. Жинақ балаларды кітап оқу ма­шы­ғына, қоршаған ортаны тануға, ізгілік­ке баулиды.
Ертегілерді Қазақстан Журналистер ода­ғының мүшесі, журналист, аудармашы, ұстаз Рауза Мұсабаева неміс тілінен қа­зақшаға тікелей аударды, ол отыз жылдан астам уақыттан бері неміс тіліндегі көркем шығармаларды қазақшаға аударумен айналысып келеді. Солардың ішінде неміс жазу­шысы Э.Хуммельдің «Берлин балық­тары» романы және Марио Гопверт, Уте Краузе, Зиглинт Кеслер, Бетина Обрехт, Элизабет Шоу, Эмиль Цопфи, Ханна Йохансен, Анне Моллер и Анита Шорно сияқ­ты неміс және Швейцария автор­ларының суретті балалар кітапшалары да бар.
Рауза Мұсабаева 2009 жылы Гете-Инс­титуттың «Ступени перевода» жобасына қатысып, Берлиндегі Зоммеракадемииге (Германия) онкүндік сапармен бару­ға грант ұтып алды. Одан кейін 2011 және 2015 жылдары Швейцарияның «Ло­рен­ді қолдау қоры» стипендиясын екі мәр­те ұтып алып, бір ай Цюрих қаласын­дағы (Швейцария) Аудармашылар Үйінде шығармашылықпен айналысуға мүм­кіндік алды.
Бүгінгі таңда, Рауза Мұсабаева Э.Хум­мель­дің екінші кітабы «Таң жұлдызын» қазақ тіліне аударуда.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір