«Мен жырлаймын…»
Қарағандыда көрнекті қаламгер Қапан Сатыбалдиннің туғанына 100 жыл толуы мерекесі аталып өтті.
Кешке жазушының үлкен қызы, Мәскеу қаласынан арнайы келген Нәркес Қапанқызы Сатыбалдина және Алматы қаласынан туысқаны Агилес Абдуллақызы Мусаева қатысты. Кеш шымылдығын Қарағанды облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысы Еркебұлан Мүлікұлы Ағымбаев ашып, Қарағанды облысы әкімінің құттықтау хатын оқып, жазушының қызына кестелі шапан жапты. Сонымен бірге, Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облыстық филиалының директоры, ақын Серік Ақсұңқарұлы бастаған Қарағандының танымал ақын-жазушылар, ғалымдар, журналистер қатысты.
Кездесу барысында Н.К.Сатыбалдинаның құрастыруымен Мәскеу қаласы, «Издательский Дом Высшее Образование и Наука» баспасынан 2017 жылы жарық көрген «Мен жырлаймын…» атты жаңа кітаптың тұсауы кесілді. Қазақ әдебиетінде өз орнын алған жазушы Қапан Сатыбалдиннің тұтас бір кезеңдегі шығармашылық қуаты жайлы Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың әдебиетші ғалымдары Қ.Асанов, Ж.Жарылғаповтар кеңінен баяндады.
Кеште «Жазушы Қапан» атты виртуалды кітап көрмесінің таныстырылымы болды.
Сандуғаш Орынбайқызы,
Өлкетану әдебиеті бөлімінің басшысы.