«Алатаудан Баяным бір аумайды»
24.11.2017
1099
0

Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасының ұйытқы болуымен Еламан Хасенұлы, Ахмед Ахмади, Жоламан Әйткен, Әбілхан Марат сынды баянауылдық жас ақындар кітапхана оқырмандарымен және жыр сүйер қауыммен кездесіп, «Баян-жыр» жинағының тұсаукесер рәсімін жасады.

Жас ақындардың топтама жыр жинағының тұ­са­уын кесіп, болашақтарына шығармашылық табыс тілеген белгілі ақындар – Аманхан Әлім, Кәдірбек Құныпияұлы, Байбота Қошым-Ноғайлар өлең сөздің қадірі мен құрметі жайлы кеңінен толғаса, осы кездесуге Талдықорғаннан арнайы келген ақын Ерлан Жүніс: «Баянауылдан ескен самал Алматы аспанынан сәуле болып құйылды», – дей келе, жас ақын­дардың болашағының шуақты болуын тіледі. Басқо­су­­дың тізгінін ұстаған Бауыржан Әлқожа мұндай жиын­­дардың қазақ оқырманы мен жас қаламгерлер үшін ай­рықша маңызына тоқталып, кітапхана ұжымына алғысын айтты. Кітапханадағы бұл кеш Ғазиза Құдайбергеннің ұйымдастыруымен, өңірлердегі қаламгерлердің шығармаларын насихаттау мақсатында «Атырау – Алтай арасы» атты жоба аясында өтті.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір