АСАНӘЛІНІҢ ҚОС ТОМДЫҒЫ
24.11.2017
677
0

ҚР Ұлттық кітапханасында Қазақстанның халық әртісі, «Қазақстанның Еңбек Ері» Асанәлі Әшімовтің 80 жасқа толуына арналған шара аясында «Асанәлі Әшімұлы» екі томдық кітабының тұсаукесер рәсімі жасалды.

Іс-шара ҚР Ұлттық кітап­ха­на­сы­ның Өнер бөлімі жанындағы «Інжу-маржан» клубы аясында ұйым­­дастырылды. Кездесуді жазу­шы, журналист, «Алматы ақ­шамы» га­зетінің бас редакторы Қа­ли Сәр­сен­бай жүргізді. Алматы қаласы Әкім­дігі қолдауымен жа­рық көрген екі томдықтың тұсау­ке­серінде қала әкі­мінің лебізін Ма­май Ахет жет­кізді. Қа­зақ­стан­­ның халық әр­тістері: Сәбит Ораз­­баев, Есмұхан Обаев, Нүкетай Мыш­­баева, Торғын Тасыбекова, ақын Шө­мішбай Сариев, Жазушылар ода­ғы бас­қарма төрағасының орын­ба­сары Маралтай Райым­бек­ұлы, М.Әуезов атын­дағы Қа­зақ акаде­мия­лық драма теат­ры­ның директоры Ер­лан Біләл жә­не т.б. тұлғалар тұсау­кесер рәсі­міне қа­тысып, Асан­әлі Әшімов­тің өнер­де­гі, өмір­дегі тұлға­лық келбеті жө­­нін­де әңгіме­леп, ақындар жырдан шашу шашып, өнер адамдары тұсаукесерді әндерімен тер­­­­­бетті. Сондай-ақ, сахна өнерінің саң­лақ­тары, ҚР Еңбек сіңірген әртісі Сұлу­шаш Нұрмағамбетова, «Гүл­дер» ансамблінің әншісі Са­ғат Әлдекенов, әнші, халық­ара­лық кон­курстардың лауреаты Айбек Мұ­хаметалиев, Қанат, Айткүл Құ­дайбергеновтер, Қазақ­стан­ның ең­бек сіңірген қайраткері Қайыр­жан Бердібай және т.б. ән­нен шашу ша­шты. Рәсім соңында А.Әшімов сөз алып, оқырмандарына жүрек­жарды лебізін жеткізді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш e-mail не будет опубликован.

Пікір