«SALEM» журналына сәттілік
10.11.2017
1013
0

Таяуда өнер мен бизнестің бүгінгі жетістіктерінен қалың оқырманға хабар жеткізетін көркем суретті, жарнамалық әдеби-сұхбаттық «SALEM» журналының алғашқы саны жарық көрді. Жаңа басылымның шығарушысы, жас ақын, кәсіпкер Қазыбек: «Бүгінде баспасөздің көпшілікке жетуі – таралуы театр мен киноның телевидение дүниеге келгендегі бұлыңғыр болашақты халіне ұқсас тәрізді.

Ал интернет телевидениенің өзін жолда қал­дырып отыр. Әлеуметтік желілерден біздің отан­дас­­тарымыздың үлкен бәйгелерде жеңімпаз бол­­ғанын естіп, қуанамыз. Алайда ол туралы бір су­­рет, бір ауыз ғана хабар… Ал оқырманға олар­дың осы жетістікке жету жолдарын әңгімелеу қан­­дай игілікті шаруа болар еді…
Қазақстан Еуразия кеңістігінің мәдениеті бай, бірден-бір үлкен аймағы. Сонан соң да бұл жур­налымыз біздің елімізді жақсы білетін, бізбен қы­зықты жаңалықтарымен бөлісуге ықыласты бі­раз елдерді қамтиды. Баку, Стамбул, Сеул, Гон­конг, Москва, Вена, Париж, Токио және тағы бас­қалары біздің бұл басылымның бетінде мә­де­ни, рухани жаңалықтарымен бөліседі», – деп түйін­дейді.
Журналдың әсем безендірілген, беттерінде көр­некті кино, театр артисі Нұрлан Әлімжан, көр­некті тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы, Гол­ливуд жұлдызы Жайдарбек Кунгужинов, Қа­зақ­стан іскер әйелдер Ассоцациясының басқарма мү­ше­сі Галима Такунова, белгілі кәсіпкер Бейбіт Әлі­бековтермен сұхбат; ЭКСПО өмірінен, Ас­та­на­да өткен «Арт фест» фестивалінен фоторе­пор­таж­дар; опера өнерінің әлем бас иген шебері Маэст­ро Домингоның, даласындай кең, аспа­нын­дай биік, іңкәр дауысымен дүниені тәнті етіп жүр­ген Димаш Құдайбергеннің, сән өнерінің әлем­ге әйгілі шебері, қандасымыз Алла Ильчу­н­ның, «А Студио» тобының, сондай-ақ, Оңтүстік Ко­рея, Жапония, Гонконг өнер жұлдыздарының шы­ғармашылығына арналған эксклюзивті ре­пор­таждар жарияланған.
Шетелдегі, еліміздегі танымал блогерлер: Жә­­мила Азанбаева, Әлия Жолболдина, Жанна Ах­метова, Светлана Сон, Сәуле Сергазиновалар әйел­дердің бүгінгі қоғамдағы орны төңірегінде әң­гімелер қозғаған.
Жаңа басылымның шығарушыларына біз де Сәт Сапар, шығармашылық табыс тілейміз!

Шырын Сарымбекова.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір