МІРЖАҚЫПТЫҢ ОРАЛУЫ
Қайсар ӘЛІМ.
Міржақыптың оралуы:
хикаят-сапарнама.
Алматы: «Мектеп», 2017.
Алаш қозғалысының 100 жылдығы аталып өтіп жатқан биылғы жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Президент сыйлығының лауреаты, Қазақстан Журналистика академиясының академигі, қаламгер Қайсар Әлімнің бұл кітабының қос тілде жарық көруі осынау оқиғалы кезеңге тартылған лайықты сыйы. 1992 жылдың 1-18 қыркүйегі аралығында бұрынғы Торғай облысынан жасақталған арнаулы экспедиция Міржақып Дулатұлының мүрдесін 57 жылдан соң Карель АКСР-інің Сосновец стансасындағы қабірден алып, туған топырағына – Жанкелдин ауданының өз атындағы қауымдастық орталығына қайта жерлеудің басы-қасында болған еді. Сол кездегі меншікті тілші Қ.Әлім осы айырықша жауапты сапарға республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің тапсырмасымен қатысқан болатын. Автор тәуелсіз мемлекетіміздің тарихындағы осынау алабөтен оқиғадан көзбен көргендерін, алған әсерлерін М.Дулатұлының өмірімен тығыз сабақтастыра отырып баяндайды.