«Ә» әрпіне мадақ
13.10.2017
7226
18

тіл клавиатураға,
әлде клавиатура тілге бағына ма?

Асқар ЖҰМАДІЛДАЕВ,
ҰҒА академигі


Жаңа алфавиттің екі нұсқасын көрдік. Екеуінің ортақ жері – бәрі таза латын алфавитіне негізделген. Айырмашылығы – бірі апостроф, үтір, ноқаттар қолданса, бірі диграфтар арқылы жазбақ. Біріншісі филологтарға ыңғайлы, екіншісі программистерге ыңғайлы. Бірақ екеуі де жәй қазаққа ыңғайлы емес.

Қазақ алфавитінің парламент ұсын­ған нұсқасының артықшылығы – компьютерде қолдануға жеңілдеу. Кем­ші­лігі – бір дыбыс бір әріп ұстанымы сақталмаған. Соңғы нұсқа сәл тәуірлеу сы­қылды. Бірақ апострофтардың көп­тігі көз сүріндіреді. Мерседеске За­порожецтің дөңгелегін салып
қо­йғандай әсер қалдырады. Лажы бол­ғанша диграфты да, тырнақша мен апострофты да азайтқан жөн.
Екі нұсқа да тілді клавиатураға ба­ғындырып тұр. Яғни барлық дыбыс, бар­лық ақпарат келсе де, келмесе де 26 латын әрпімен өрнектелуі ке­рек. Не­ге? Бұл сұрақтың тұшымды жауа­бын естімедім.
Менің естігенім латын алфа­ви­тіне өтсек, компьютердің сырын те­рең ұғады екенбіз. Бүл арада мен кириллицаның айыбын көріп тұрғаным жоқ. Таза орыс әріптері қазаққа артық көрінуі мүмкін. Осыны алып тастасақ қазақ тілі қарыштап дамиды,
ком­пью­тер жорғалап кетеді деген бе­кер сөз. Компьютер секундына миллион амал жасайды. Миллионның қасында отыз әріп не, қырық әріп не, мың әріп не бәрібір. Қытай елу мың иерог­лифімен компьютерді дөңгелетіп отыр. Жапон алфавиті хирагана, катакана болып екіге бөлінеді. Хира­гана қытай иероглифтерінің бәрін сіңіреді. Ка­такана жаңадан келетін кірме сөз­дерді жазуға арналған. Жапон мен қытай осыншама символды компьютерге ұқтырып, компьютер өнерінің шыңына шығып отыр.
Компьютер өнерінің майын ішкен­дер басты мәселе әріпті қалай жазуда емес, мәселе математиканы, оның ішін­де алгоритмдер теориясын жетік меңгеруде екенін нығыздап айтады.
Латынға көшу тек қана латын әрпін қолдану керек деген сөз емес. Барлық дыбыстарды 26 әріпке сиғызу зорлық. Бәрібір қосымша әріптер ен­гізілу керек. Осындай қосымша әріп қатарына, мысалы “ә” әрпі лайық.
Бұл әріп кириллицада да жоқ, латиницада да жоқ. Бұл дыбыс арабтан немесе парсыдан енуі әбден мүмкін. Бі­рақ бүгін қазақтың төл дыбысына ай­налды. “Ә” дыбысын кері жа­зыл­ған “Е” әрпі арқылы жазуды кім ұсын­ғанын білмедім. Кім болса да данышпан адам ұсынғаны байқалады. “Ә” әрпін қазақтың төл әрпі ретінде, ар­найы символ ретінде, дәл осылай клавиатуруға енгізген жөн.
Бұндай болмаған жағдайда, мы­салы ә-ні бірінші нұсқадағыдай “ae” деп диграф қылып жазатын болсақ, “Әлім” әйелімге айналып кетеді. Нәби мен сәбіз неге айналатынын жазбай-ақ қоялық.
Енді екінші нұсқадағы ә-нің шаруа­сын қарастырайық. Бұл жерде екі жағдай болуы мүмкін. Бірінші жағ­дай: ә-ге клавиатурадан арнайы орын табылмайды. Онда ә-ні жазу үшін алдымен a-ны іздеп, содан кейін апострофты іздеп әлек болып жатамыз. Бұл тірлік сирек қайталанса бір сәрі, бірақ Ә әрпі қазақ тілінде көп кез­десетін әріп. Сонда қазақ текстін жазу жылдамдықты баяулататын көңіл­сіз шаруаға айналады. Бұндай әріп­тер бір емес сегіз екенін ескер­сеңіз, клавиатура сіздің досыңыз емес, жауыңызға айналады.
Екінші жағдайда “ә” әрпіне кла­виатурадан арнайы символ ретінде орын беріледі. Онда бұл жаңа сим­волға “а’ ” деп айдар таққанда не ма­ғы­на болмақ? Клавиатурада “a” деген сим­вол бар, апостроф та бар, бірақ“а апостроф“ деген символ жоқ. Бұл клавиатураға қосылмақ жаңа символ бо­лады. Құн жағынан “а’ ” не “ә” не бәрі­бір, екеуінің де шығыны бірдей. Олай болса “ә” дыбысын еш өзгеріссіз үйрен­шікті “ә”-мен бекіте салсақ бол­май ма?
Бұндай проблема әзірбайжан бауыр­ларымыздың алдында да тұрған. Ал­ғашында “ә” әрпі төбесінде қос но­қаты бар “а” ретінде қабылданған. Тіп­ті, екі-үш жылдай қолданыста бол­ған. Бұл үлкен дау тудырып, ақыр соңында “ә”-нің өзі қайта қабыл­данған.
“Ә” әрпі отызыншы жылдардағы қазақ латиницасында да болған. Мы­салы “Әдебиет майданы” журналын алсақ, бұндағы “әдебиет”сөзі “Әdebijet” болып басылған.
Жалпы алсақ, қазақтың төл дыбыстарын белгілейтін “ә”, “ө”, “қ”, “ң”, “ғ”, “ұ”, “ү” әріптерін арнайы сим­вол ретінде клавиатураның оң жа­ғында енгізуге болады. Бәрі енсе ең дұрысы осы болар еді. Болмаса, мүм­кіндінше көбін енгізген жөн. Бұндай символдар қатарына ең көп қолданыста болатын әріптер кіруі тиіс. Осындай әріптер санатында әлбетте “ә” әрпі жатыр.
Клавиатураны толықтыру қым­батқа түседі деген де бекер сөз. Қа­зір­гі клавиатураның барлығы латын әрпімен қатар кириллица әріптерімен толықтырылған. Кириллицаға негіз­дел­ген қазақша клавиатура да бар.
Керек болса орысша да, қазақша да жазуға болады. Бұ­ны кез келген компьютер дүкенін­де көп болса бес мың теңгеге компью­теріңізге ны­ғыздап алуға болады. Егер латын­шаға бес-алты әріп қосымша қыл­саңыз, оны да осындай жолмен шы­ғынсыз шешуге болады.
Кириллицаға негізделген қазақ кла­виатурасының кемшілігі неде?
Әнгіме регистр мен шрифтің жиі өз­гертілуінде. Латын шрифтін бас­саңыз Тайбурылдай жорғалайсыз. Қа­зақша бассаңыз тұяғы тағаланбаған аттай кібіртіктей бересіз. Тегіс жерде ша­быт келуі мүмкін. Тас шоқалақ кез­десе қалса, шабытыңыз желмен ұшып кетеді.
Кириллицаға негізделген қазақ кла­виатурасының ең үлкен кемшілігі цифрларды жаза алмауында. Өйткені, қазақ клавиатурасында цифр мүлде жоқ. Цифрларға қазақтың төл әріптері ілінген.
Мысалы “екі жерде екі төрт пе, не бес пе?” дейтін қарапайым сұрақ­ты қазақ клавиатурасымен сөйлетіп кө­ріңізші. Мен икс квадрат қосу иг­рек квадрат тең зет квадратты айт­пай-ақ қойдым. Шрифті латынға не кириллицаға көшіріп “2 x 2=4”-ті жазасыз, сонан соң қайтадан шрифт қазақшаға көшеді де “пе, не” деген сөздер жазылады, бұл арада тырнақшаны жазу үшін тағы да шрифт өзгеруге мәжбүрсіз, не болмаса 1-ді төменгі регистрде басасыз, сонан соң латын шрифтінде “2x 2=5” басылып, содан барып “пе?”-ні жазу үшін шриф­ті тағы өзгертесіз. Осылай қара­пайым ғылыми сөйлемді жазу үшін шрифтерді қайта-қайта өзгертуден құралатын күрделі бір операция жа­сауыңыз керек. Филология мен фи­лософиядан өзге ғылымдардың бә­рінде дерлік бұндай амалдар миллион рет қайталанады. Сонда жігеріңіз құм болады, шабытыңыз жым болады. Қа­зақ тілінде математика жазып қи­налғанша, өлең не роман жазып ты­ныш отырған дұрыс-ау деген қо­рытындыға келесіз.
Латын алфавитіне негізделген қа­зақ алфавитінде қазақтың төл ды­быстарына үстемдік берілуі тиіс. Қазақтың төл әріптері латын әріп­терінің көлеңкесінде “апостоф пен диграф жаздыртып әурелегеніме ке­ш­ірім өтінемін” дегендей ұялып тұр­масы керек. Қазақтың төл әріп­теріне клавиатурадан ойып тұрып лайықт­ы орнын белгілеп беруіміз керек. Әйтпесе жұртты әуре қылмай кириллицада қала бергеніміз дұрыс. Бұл дыбыстар міндетті түрде латын әріптерімен жағаласа өрнектелуі қажет дейтін Ньютон заңы жоқ. Бұл қағиданы отызыншы жылдары қазақ зиялылары жақсы қолданған.
Апострофпен жазу кірме әріп­тердің еншісіне қалдырған абзал. Мы­салы, “ч” мен “ц” апострофпен жа­зыла берсін. Ал “ә”, “ң”,“ғ” мен “ө”-ге латын клавиатурасының тө­менгі оң жағынан сол күйінде жазылатындай орын табуға болады. Ла­тын клавиатурасында бұл жерде әріптер емес, тырнақша, қос нүкте, үтір-нүкте, жақша сықылды сим­волдар ілінген 8 түйме бар. Оның ішінде жақшалардың үш түріне, тыр­нақшаның екі түріне арнайы орын берілген. Жақшалардың барлық түрін пайдаланбай-ақ қойса да болады. Мы­салы { } немесе [ ] жақшаларын ( ) түрінде келтірсе де болады.
Қос нүкте мен нүкте-үтірді бірік­тірілсе де болады. Сонда қазақтың төл дыбыстарының құрығанда жартысы ла­тын клавиатурасына әп-әдемі сиып ке­теді. Қалған жартысына мысалы “қ”-ны “q” қылып, “ү” мен “ұ” ны “u” ға апостроф қосу арқылы өрнектей салсақ алфавит бірталай икемге келіп қалатындай.
Сонда бұл алфавит таза латынға, таза кириллицаға негізделген емес, ара­сындағы компромиске не­гіз­делген ал­фавит болмақ. Біз кириллицадан көп зиян шеккеніміз жоқ. Кириллицаға негізделген қазақ алфавитінде жа­зылған орасан зор әдебиет бар. Қа­зақ классиктерінің барлығы (Абай­дан өзге) кириллицада жазды. Біз кириллицаға рахмет айтып, оның да тиімді жағын алғанымыз дұрыс. Бұл бағытта отызыншы жылдары қа­зақ зиялылары жасаған латын-ки­риллицаға негізделген қазақ әріптерін де жаңғыртқанымыз жөн.
Менің ұсынысым: жаңа қазақ ал­фавиті былай болмақ ләзім.
А =A
Ә = Ә
Б =B
В =V
Г =G
Ғ = отызыншы жылдардағы Ғ, яғни ƣ = домалағы мен тірегі ажыратылыңқыраған Q, болмаса G’
Д =D
Е =E
Ж=J
З =Z
И=I’
Й=I’’
К=K
Қ =Q
Л=L
М=M
Н=N
Ң=Ң (болмаса отызыншы жыл­дарғы құйрығы бар n, яғни ŋ, немесе n’, құрығанда ng)
О=O
Ө=Ө
П=P
Р=R
С=S
Т=T
У=Y
Ұ=U
Ү= U’
Ф =F
Х=X
Һ=X’
Ы=Ы (болмаса отызыншы жылдардағы Ь)
I=I
Ш=SH

Мысалдар:
Өner aldы – qыzыl tіl

Әsempaz bolma әrnege,
Өnerpaz bolsaң, arqalan.
Sen de bir kirpish, du’niege
Ketigin tap ta, bar qalan !

Senbe jurtqa, tursa da qansha maqtap,
Әyre etedi ishine qylық saqtap.
Өziңe sen, oziңdi alыp shыgar,
Eңbegiң men aqыlың eki jaqtap

Eki jerdegi eki – tөrt, bes emes.

Sin^2 x+Cos^2 y=1 formulasы Pifagor teoremasыnan shigadы.

Ku’kirt qыshqыlыn H_2 SO_4 dep belgileimiz.

Newtonnың ekinshi zaңы bыlai oqыladы: F=ma.

Aqыn u’shin qara sөzden өleң jaqsы,
Balыq u’shin tayaz sydan tereң jaqsы.
Men yshin sinystы kosinyspen qyalatыp,
I’ntegralmen esepteitin kөlem jaqsu.

Sharshadыq qoi, asxanaƣa (asxanag’a) bary turalы oi’ыңdы bilsem dep edim.
Бұнда кейбір ағылшын дыбыс­тары, мысалы w,c сыртта қалғандай кө­рінуі мүмкін. Бұл дыбыстарды ағыл­шындар қалай оқыса біз де со­лай оқыланымыз жөн. Бұған біз қатты қайғырмауымыз керек. Біз­дің мәселе қазақ дыбыстарына ла­тын әріптерімен өрнектеу ғана. Ар­тық әріптер қазақ алфавитіне ке­дергі жасамайды. Керісінше қазақ ал­фавитінде ағылшынша жазуға мүм­кіндік береді.
Бұл алфавиттің артықшылығы. Апостроф пен диграф минимумға түс­кен. Ағылшыннан қазақшаға көш­сеңіз, шрифты бір-ақ рет ауыс­тырасыз. Ал қазақшада тұрсаңыз, шриф­ті ауыстырудың қажеті жоқ. Мы­салы, қазақ клавиатурасында қа­зақ тілінде өлең жаздыңыз. Сонан соң қиялыңызға математика келе қал­ды, сол шрифте формулалар жаз­дыңыз. Біраздан соң ағылшын ті­лін­де ой келе қалды делік, онда да шриф­ті ауыстырып әуре болмайсыз. Ша­бытытыңызға шабыт қосып, та­за творчествомен айналысасыз. Кла­­виатура сіздің есегіңіз емес, тұл­парыңызға айналады. Өйткені, бұл алфавит ағылшын алфавитімен жақсы ұйқасқан. Бұл клавиатурада қазақша да, ағылшыншы да еркін жаза бересіз. Бұл алфавитті орыс тілді азаматтар да еркін қолдана алады. Орысша жазу ыңғайлы деп айтпаймыз, бірақ орыс тілді қандастарымыз қазақша ұқ­пақ мақсаты болса, осы алфавит диг­рафты алфавитке қарағанда ана­ғұрлым тиімді. Өйткені, сәбіздер мен нәбилер сықылды ойды басқа жақ­қа жетелейтін жалған жолдар жа­былады.
Бұл алфавитте кемшілік жоқ деп те айта алмаймын. Мысалы, маған қ-ның өзгергені ұнамайды. Бірақ Q де жаман әріп емес. Отызыншы жыл­дары осы әріп қ-ның орнына пай­даланылған. Іс бүкіл халықтық іс бол­ғандықтан сындарлы сын болса қа­былдауға дайынбыз.
Байқасаңыз біз апострофтар мен диграфтардан бас тартып тұр­ға­нымыз жоқ. Бұлардан түгелдей бас тарту мүмкін емес. Біз бұндай қиын­­шылықтарды сирек кездесетін дыбыстар мен сырттан келген ды­быс­тарға қалдырдық.
Мысалы, орысша дыбыстарды былай өрнектеуге болады:
Ц =TC
Ч =CH
Щ =SSH
Э =EE
Ю =Yu
Я=Ya
Кірме дыбыстарға қатысты басқа­ варианттар да болуы мүмкін. Бірақ бұл­ біз үшін маңызды шаруа емес. Біздің мақсатымыз ағылшын, орыс алфавиттерін құрметтей отырып, қазақ дыбыстарына мүмкіндігінше төрден орын беру.
Сонымен бұрынғысынша қалатын дыбыстар төртеу: “ә” ,“ө”, “ы” және “ң”. Бұған қ -ны да қосуға болатын секілді. Бұл жайында соңғы ше­шімді клавиатурада әріптерді қалай орналастыруды эргонометрика, ыңғайлылық тұрғысынан білетін мамандар айтқаны жөн.
Бұндай принцип түрік, француз, неміс, швед клавиатураларында қол­данылған. Латын әріптерін сол күйі қалдырып, қазақтың төл әріп­терін клавиатураға қоссақ біз
ұты­л­маймыз. Дыбыс үндестігін бір әріп­ті ағылшын дыбыстарымен сәй­кес­тендіруге болады. Қос әріппен өрнектелетін дыбыстардан аулақ бо­лғанымыз жөн. Апострофтың көп болуы адамды шаршатып жібереді. Бұн­дай дыбыстарды өзіміздің үйрен­шікті әрптерімізбен белгілеген дұ­рыс. Әріптердің төркіні кириллица ма, жоқ латын ба, бұл сұрақ бізді ма­заламауы тиіс. Бұл арада Ден Сяо Пин­нің мысықтар жайлы белгілі афо­ризмі еске түседі. «Мысық қара ма, ақ па маңызды емес. Маңыздысы мы­сық тышқан аулай алады ма, жоқ аулай алмайды ма?» Сонда қа­зақ клавиатурысымен қазақша да, ағыл­шынша да жазуға болады. Сонда ғы­лым, жігер, шабыт және тіл құдіреті дейтін ұғымдар ұйқаса кетпек. Сонда ғана алфавит ауыстыруда мағына болады.

10.10.2017 жыл.

ПІКІРЛЕР18
Дәурен Тарақ 14.10.2017 | 05:29

Ң әріпін ng деп жазу керек емес. НГ деген екі әріп өз дегенін істейді. Ң ды айта алатын, қолдана алатын (әзірше) бізден кейінгілер Ң ды НГ деп оқитын болады.
Мысалға: Sening, mening, samsung, boing

Жанна 14.10.2017 | 16:44

Qosыlamыn. Ote durыs!!!

аргументеріңіз орынды сияқты бірақ кирил әріптеріне берген сипатыңыз орынсыз. Егер сіз айтқандай клавиятураға енгізу керек болса сол 8 орыс әріпінің орнына сегіз қазақ әріпін қоя салса болды ол Й Ц Щ Ъ Ф В Э Я Ч Ь Ю яғни ос 11 орыс тілді сөздерде ғана келетін әріптер орнына емін еркін Ә І Ң Ғ Ү Ұ Қ Ө сегіз қазақ әріпін енгізуге болады

Nariman 15.10.2017 | 09:55

Керемет,оңай əрі түсінікті.Осы жобаны қолдаймын.

Säken 15.10.2017 | 13:14

ЖАҢА АЛФАВИТКЕ ҰСЫНЫС
Әә-Ää, Өө-Öö, Үү-Üü, Ғғ-Gh,gh, ң-ng, Іі-Іі, Ии-Іі,іі, Уу-Ww, Шш-S’s’, Чч-C’c’.
Мына әріптер Ää,Üü,Öö әріптері -неміс латиницасында бар, клавиатураға қондыру оңай, күрделі компьютерлік бағдарлама да қабылдайды. Клавиатурадағы -Х,Ъ,Ж клавишаларын алмастырса болды, осы клавиатураларда латын әріпі жоқ және орналасқан скобкалар мен қос нүкте жоғарыда, цифрлар қатарында дубляжданады.
Ғ мен ң әріптері диграфпен берілсе болады, дәйекшелерді қаптатқызбай, ал Ш мен Ч әріптері дәйекшелермен берілсе болады.
Іі-Іі, Ии-Іі,іі әріптері ; И әрібі і әріпін ұзақ оқу арқылы шығады, сондықтан екі іі әріптерімен берілсе болады.
Осы әріптермен жазып көріңіздерші ұтымды болар еді.

Säken 15.10.2017 | 13:17

Чем ныне выбранной буквы -У’, буква- W намногo выгодней Например: кавычки после буквы «у'»., по казахски- Мәскеу, Вашингтон, Уәлихан латинских вариантах Ma’skey’, Y’as’in’gton. Y’a’ll’han. На английском Moskow. Was’ington. Walykhan. Мой вариант — — Mäskew. Was’iington. Wäliihan. потом все государства букву «У» читают как буква И

Säken 15.10.2017 | 13:22

На английском Washington

Säken 15.10.2017 | 13:25

Латынша әріп үкіметтің екінші нұсқасы (Дыбыс Менің ұсынысым. Түсініктемесі
1 Аа [a] Аа -келісемін
2 А’а’ [ә] Ä Неміс латиницасында бар, клавиатурада қатаң дыбыс алдындағы кирилицаның Х әріпінің орнына. Мыс: Säken Ämina
Салыстырма; A’lI’I’a’ – Äliiä.
3 Bb [б] Bb -келісемін
4 Dd [д] Dd -келісемін
5 Ee [е] Ee -келісемін
6 Ff [ф] Ff -келісемін
7 Gg [г] Gg -келісемін
8 G’ g’ [ғ] Gh gh Осы әріпті диграфпен берген дұрыс
Мыс; Ghaziiza
Салыстырма; G’azi’za
9 Hh [х] Hh -келісемін
10 Ii [і] Ii -келісемін
11 II ii [и], [й] II ii Ұзақ «и» ii екі и диграфимен берген дұрыс.
12 Jj [ж] Jj -келісемін
13 Kk [л] Kk -келісемін
14 Ll [л] Ll -келісемін
15 Mm [м] Mm -келісемін
16 Nn [н] Nn -келісемін
17 N’ n’ [ң] Ng. ng Неміс латиницасында бар, клавиатурада кирилицаның «Ъ» әріпінің орнына. Мыс: Qatang, onyng- деген сөздер, бұл диграф ағылшындарда да бар және өте жиі кездеседі «Morning» – мониң, «interesting»- интерестиң -болып оқылады
Оларда да Ң-әріпімен оқылады
18 Oo [о] Oo -келісемін
19 O’o’ [ө] Ӧӧ Неміс латиницасында бар, клавиатурада кирилицаның «Ж» әріпінің орнына қойса болады. Түр-түсі қазақша Ө –әріпіне ұқсайды. Бірақ жоғары ауыр компьютер бағдарламада сәйкессіздік тудырмайды.
20 Pp [п] Pp -келісемін
21 Qq [қ] Qq -келісемін
22 Rr [р] Rr -келісемін
23 Ss [с] Ss -келісемін
24 S’ s’ [ш] S’ s’ -келісемін
25 C’ c’ [ч] C’ c’ -келісемін
26 Tt [т] Tt -келісемін
27 Uu [ұ] Uu -келісемін
28 Üü [ү] Üü -келісемін
29 Vv [в] Vv -келісемін
30 Yy [ы] Yy -келісемін
31 Y’y’ [у] Ww Осы әріпті осылай қалдыру керек,
Салыстыру; (қазақша-менің үсынысым-соңғы екінші вариант- ағылшынша)
Мәскеу – Mäskew- Ma’skey’- Moskow
Уәлихан –Wäliihan-Y’a’lI’han- Ualihan(Walihan)
Вашингтон – Was’ington- Y’as’I’n’ton- Washington
32 Zz [з] Zz -келісемін

Säken 15.10.2017 | 13:31

Сонымен клавиатурада 3-ақ әріп ауыстырамыз -олар Х,Ъ,Ж.

Сакен 15.10.2017 | 13:38

Қатардың орналасуы: Латынша әріп- үкіметтің екінші нұсқасы [Дыбыс] Менің ұсынысым. Түсініктемесі
1 Аа [a] Аа -келісемін
2 А’а’ [ә] Ä Неміс латиницасында бар, клавиатурада қатаң дыбыс алдындағы кирилицаның Х әріпінің орнына. Мыс: Säken Ämina
Салыстырма; A’lI’I’a’ – Äliiä.
3 Bb [б] Bb -келісемін
4 Dd [д] Dd -келісемін
5 Ee [е] Ee -келісемін
6 Ff [ф] Ff -келісемін
7 Gg [г] Gg -келісемін
8 G’ g’ [ғ] Gh gh Осы әріпті диграфпен берген дұрыс
Мыс; Ghaziiza
Салыстырма; G’azi’za
9 Hh [х] Hh -келісемін
10 Ii [і] Ii -келісемін
11 II ii [и], [й] II ii Ұзақ «и» ii екі и диграфимен берген дұрыс.
12 Jj [ж] Jj -келісемін
13 Kk [л] Kk -келісемін
14 Ll [л] Ll -келісемін
15 Mm [м] Mm -келісемін
16 Nn [н] Nn -келісемін
17 N’ n’ [ң] Ng. ng Неміс латиницасында бар, клавиатурада кирилицаның «Ъ» әріпінің орнына. Мыс: Qatang, onyng- деген сөздер, бұл диграф ағылшындарда да бар және өте жиі кездеседі «Morning» – мониң, «interesting»- интерестиң -болып оқылады
Оларда да Ң-әріпімен оқылады
18 Oo [о] Oo -келісемін
19 O’o’ [ө] Ӧӧ Неміс латиницасында бар, клавиатурада кирилицаның «Ж» әріпінің орнына қойса болады. Түр-түсі қазақша Ө –әріпіне ұқсайды. Бірақ жоғары ауыр компьютер бағдарламада сәйкессіздік тудырмайды.
20 Pp [п] Pp -келісемін
21 Qq [қ] Qq -келісемін
22 Rr [р] Rr -келісемін
23 Ss [с] Ss -келісемін
24 S’ s’ [ш] S’ s’ -келісемін
25 C’ c’ [ч] C’ c’ -келісемін
26 Tt [т] Tt -келісемін
27 Uu [ұ] Uu -келісемін
28 Üü [ү] Üü -келісемін
29 Vv [в] Vv -келісемін
30 Yy [ы] Yy -келісемін
31 Y’y’ [у] Ww Осы әріпті осылай қалдыру керек,
Салыстыру; (қазақша-менің үсынысым-соңғы екінші вариант- ағылшынша)
Мәскеу – Mäskew- Ma’skey’- Moskow
Уәлихан –Wäliihan-Y’a’lI’han- Ualihan(Walihan)
Вашингтон – Was’ington- Y’as’I’n’ton- Washington
32 Zz [з] Zz -келісемін

Сакен 15.10.2017 | 13:40

Әә-Ää, Өө-Öö, Үү-Üü, Ғғ-Gh,gh, ң-ng, Іі-Іі, Ии-Іі,іі, Уу-Ww, Шш-S’s’, Чч-C’c’.
Мына әріптер Ää,Üü,Öö әріптері -неміс латиницасында бар, клавиатураға қондыру оңай, күрделі компьютерлік бағдарлама да қабылдайды. Клавиатурадағы -Х,Ъ,Ж клавишаларын алмастырса болды, осы клавиатураларда латын әріпі жоқ және орналасқан скобкалар мен қос нүкте жоғарыда, цифрлар қатарында дубляжданады.
Ғ мен ң әріптері диграфпен берілсе болады, дәйекшелерді қаптатқызбай, ал Ш мен Ч әріптері дәйекшелермен берілсе болады.
Іі-Іі, Ии-Іі,іі әріптері ; И әрібі і әріпін ұзақ оқу арқылы шығады, сондықтан екі іі әріптерімен берілсе болады.
Осы әріптермен жазып көріңіздерші ұтымды болар еді.
Ал клавиатурада тек 3-ақ әріп ауыстырылады

Сакен 15.10.2017 | 13:42

Сказали, что народ был против буквы «W», а кто проводил опрос населения, например чем ныне выбранной буквы -У’, буква- W намногo выгодней. Например: кавычки после буквы «у'»., по казахски- Мәскеу, Вашингтон, Уәлихан латинских вариантах Ma’skey’, Y’as’in’gton. Y’a’ll’han. На английском Moskow. Was’ington. Walykhan. Мой вариант — — Mäskew. Was’iington. Wäliihan. потом все государства букву «Y» читают как буква И

Казак кызы 15.10.2017 | 21:15

Аскар агамды жаксы коремин. Математикасын тусинбесем де, сухбаттарын суйсинип окимын.Агамды БАК бетинен корген сайын «Нагашы атам намаз окыганда мен де жармасып, аркасына шыгып алатын едим» деген сози есиме туседи.Агамнын жасаган бир туйини-бир философия.Бойына билимнин мол казынасын жинаган Аскар сынды азаматтар, шынын айту керек, биздин ултымызда некен-саяк.

Еркін 16.10.2017 | 18:27

Алла жар болсын. һ əрпін алып тастаған дұрыс деп ойлаймын. ғ-gh. у-w, х-h, ң-ң болса болама дейм

Арыстан Омаров 17.10.2017 | 20:40

Асқар баурым, жарайсың! Сенің де, математиктің, пікірің жұртқа белгі болсын.
Жалпы айтқанда, біріншіден қазақ тілінін стандартын қабылдау керек, негізгі қандай дыбыстар бар, қандай артық болар. Мысалы, «я, ю, й, щ, һ, ц» әріптердің қандай қажеттігі бар? Олар орыс тілінен келді, жиі пайдаланбайтын әріптер. Сондай ақ «ч, ш, щ» үш әрптер қажет пе? Негізгі қазақ тілінде осы үш дыбыстарына орнына бір дыбыс пайдаланбады ма? «Х мен Һ» дыбыстары келесі дауысты дыбысқа байланысты емес пе? Осылай нақты қарасақ, қазақ тілінде сірә тек қана 33-34 дыбыс болар.
Кирилицаның жақсылығы де болса, жамандығы да аз емес. Кирилица қазақ фонетикасын бұзды. Мысалы, қазақ тілінде «Ж» әріпі мен дыбысы жоқ, дифтонг «дж» бар. 50-60 жыл бұрын барлық қазақтар дж дифтонг мен сөйлескен: джайрайды, джақсы, джол. «Ш» әріпі мен дыбысы жоқ, жүмсақ айтылатын дыбыс болған, «Ш мен Щ» арасында.
Менім естуімше 1992-ші жылы түрк елдес ғалымдары ортақ әліппе ұсынған, бірақ ел басшылары, оның арасында біздікі де, қарсы болған. Қазір сол әліппе қайда? Әрине ол түрк әліппесіне негізделген, бірақ онда тұрған не? Қайта ортақ әліппе түрке елдердін азаматтарына қатынасуға, түсіншілігіне жақсы болмай ма? Сосын, дыбыстары ерекше болса да, негізгі дыбыс бір болған әріптер аз емес. Мысалы «дж мен й» жақсы мен йақшы сөздерінде. Осылай басқа дыбыстарды да келтіруге болады.
Барлық түрке ел ғалымдары тағы да кездесіп, тағы да барлығын талқылап бір әліппеге келсе барлығыне де жақсы болар еді!
Ал 20-25 жыл бұрын шешілетін латын әліппесін еңгізуін осы күнге дейін созғаны, бұл нағыз масқара, ұят, елге, адамдарға зиян келтірген деп айтуға болады. Созылады деп созу беру — онанизммен тең!

Беке 17.10.2017 | 21:16

Асеке сіздің жобаңыз пікіріңіз өте орынды көңілге қонымды қолдаймын

Айнаш 18.10.2017 | 19:23

Меніңше латиницаның түкке де қажеті жоқ. Соңғы кезде көптеген жастар қазақ тілін терең білмейді. Зорға қазақ тілінде жазады. Латиницаға көшеміз деп тілімізден айрылып қаламыз ба — деп қорқамын. Өзбектер алдағашан латиницаға көшкен, соған қарамастан кім бүгін өзбек тілін меңгеріп жатыр?!

Аноним 14.10.2019 | 11:23

Bul nusqahiz unamaydi.Qasaq latininda 2-aq aripti ozgertu mahizdi:Olar:ң,ы.
Onı bilay ozgertse boladı: ң-h, ы-ı.
Basqasınįh bari ornįnda tura bermek.
Ш-c,x-х,…
Тek qana aripterdi jyiligine qaray (burıngı qazaqca macynkanih tartibindey)ornalastırsaq bolganı.
Menih tf.: 87055845721.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір