Аспантау ақынын ардақтады
29.09.2017
1218
0

Жақында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алматы облысы, Райымбек ауданының орталығы Кеген ауылында Қазақстан Жазушылар одағы және Райымбек аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен белгілі ақын, публицист, журналист, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Нұрлан Қалқаның шығармашылық кеші өтті.

Әдеби кеш ақынның өмір жолы мен шы­ғар­машылық жетістіктерін көрсететін бейне­көріністен басталды. Ал кеш тізгінін ұстаған белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Бас­қармасы төрағасының орынбасары, «Қазақ әдебиеті» газетінің Бас редакторы Жанарбек Әшімжан ұйым басшысының құт­тықтауы мен сый-сияпатын тап­сырды. Одан кейін белгілі ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Болат Үсенбаев ақынның шығарма­шы­лығы жөнінде баяндама жасады. Ақын Серік­жан Қа­жи кеш иесіне арнап жырдан шашу шаш­ты.
Кеш үстінде белгілі ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Қазақ үні» газетінің бас­шысы Қазыбек Иса Нұрлан Қалқаға осы басылым­ның қарымды қаламгер­лерге арналған «Қаламдоз» сыйлығын тап­сырды. Сонымен қатар, ақын-жазушылар Кәдірбек Құныпияұлы, Ермахан Шайхыұлы, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреат­тары, та­лантты ақын Нұржан Қуантай­ұлы, белгілі журналист Ғабит Мүсіреп жылы лебіздерін жеткізді.
Кеш барысында публицист Н.Қалқаның «Әке, сені сағындым» атты жаңа кітабының тұсаукесер рәсімі болды.
Райымбек ауданы әкімінің орынбасары Талғат Байеділов пен аудандық мәслихаттың хатшысы Ерлан Құдабаев ақын Нұрлан Қалқаға Райымбек аудандық Мәслихатының 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 15-88 шешімімен берілген «Райымбек ауданының Құрметті азаматы» атағын және төсбелгісін табыс етті.
Әдеби кеш барысында публицист-жур­налист Нұр­лан Қалқа білім алған Ұзынбұлақ ауылындағы Ы.Көшкінов атындағы орта мектептің оқушылары ақын өлеңдері бойынша поэтикалық көрініс қойып, жыр­сүйер жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір