Редакторлар конгресі
22.09.2017
1604
0

Жуырда Түркістан қала­сын­да Түркі әлемі әдеби жур­нал­дары редакторларының
VІІІ конгресі өтті.

«Түркістан – түркі әлемінің мәдени аста­насы» жобасының аясында ұйым­дастырылған мәдени ша­раға Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы, Еуразия Жазу­шылар ода­ғы және Оң­түстік Қазақстан об­лы­сының әкімдігі қолдау көрсетті. 19 ел­ден 30-ға жуық ре­дактор, жазу­шы, ірі мәде­ниет қайрат­керлері ат басын тіреген дүбірлі жиынға Оң­түс­тік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәді­бе­ков, ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымы­ның Бас хатшысының орын­басары Фы­рат Пурташ, Қа­зақстанның ТҮРКСОЙ-дағы өкілі Асқар Тұр­ғанбаев, Еу­разия Жазу­шы­лар ода­ғы­ның төрағасы Якуб Омероглы, Қа­зақстан Жазу­шылар одағы­ның хатшысы, «Жұлдыз» жур­на­лы­ның Бас ре­дак­торы Ұлық­бек Есдәулет және т.б. әдебиет жә­не мәде­ниет май­талмандары қа­тыс­ты.
Басқосуда түркі тілдес ха­лық­тар­дың бүгінгі өміріндегі әдеби журналдардың қызметі са­рап­талып, «Түркі әлемі әде­бие­тіндегі заманауи шығар­ма­шылық үрдіс және әдеби жур­налдар» тақырыбы жайлы те­рең әңгіме қозғалды. Иран, Ирак, Қырым (Ук­раина), Түр­­кия, Әзір­бай­жан, Өзбекстан, Қыр­­ғызстан, Алтай (РФ), Да­ғыс­тан, Татар­стан, Баш­құрт­стан, Ка­бардин-Бал­қар, Саха-Якутия, Ко­сово, Македония, Сол­түстік Кипр, Қа­зақстан ел­де­рінің өкілдері түр­кі дүние­сінің әдеби өмірі ту­расындағы өздерін толған­ды­ратын өзекті ойларын орта­ға салды.

Гүлжаз ҚАРЫБЕКҚЫЗЫ.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір