Жетім көрсең – жебей жүр!
15.09.2017
880
0

Мемлекеттің қайырымдылық бағдарламалары аясында түрлі қамқорлық шаралары ұйымдастырылуда. Сондай қамқорлық шараларының бірі – балалар үйіндегі жетім балаларды асырап алу.

Сондай шаралардың нәтижесінде, Атырау облысында балалар үйлерінде тәрбиеленетін же­тім балалар саны азайды. «1 қыркүйекте ба­лалар үйлеріндегі балалар саны 57-ге азай­ды. Балалар санының азаюына байланысты С.Қазыбаев атындағы интернатты жаптық. Бүгінгі таңда тағдыры біздің бақылауымызда тұр­ған 596 жетім бала бар. Осы кезде бала­лар­дың интернаттан кейінгі өміріне қолғабыс ету, оларды баспанамен және жұмыспен қам­тамасыз ету мәселесі қолға алынуда. Ол үшін өңірде арнайы бағдарлама дайындалған», – деді Атырау облыстық білім басқармасының жетекшісі Нұрсәуле Сайлауова. Н.Сайлауова, сондай-ақ, қамқоршылық органдары кә­мелетке толған және баспаналы болған ба­лалар үйінің тәрбиеленушілеріне көмек көр­сетуді жалғастырып келеді. «Нұрсая» шағын ауданында пәтер алған жетім балаларды деструктивті діни ағымдардан аулақ ұстау үшін осы үйден арнайы теолог кабинеті ашылған.

ПІКІР ҚОСУ