Құттықтаймыз!
01.09.2017
1110
0

16-22 тамызда Моңғолияның астанасы Ұланбатырда Дүниежүзілік 37-ші поэзия құрылтайы өтті. «Табиғаттың ақыл-ойы және адамдардың жан табиғаты» деген тақырып аясында ұйымдастырылған бұл құрылтай мен поэзия фестивалін Әлемдік Өнер және мәдениет академиясы мен Моңғолия Жазушылар одағы бірлесе өткізді. Айтулы шарада 40-тан аса елдің 300-ге жуық ақындары бас қосты. Қазақстаннан барған бір топ ақынымыз құрылтайдан олжалы оралды.
Ұлықбек Есдәулет Әлемдік Өнер және мәдениет академиясының академигі атанып, академияның алтын медалімен марапатталды.
Қасымхан Бегманов академияның гуманитария докторы атанды.
Ғалым Қалибекұлы Әлемдік Өнер және мәдениет академиясының академигі атанып, Моңғолия Жазушылар одағының «Алтын қалам» сыйлығымен марапатталды.
Қазбек Иса Әлемдік Өнер және мәдениет академиясының академигі атанды.
Жүкел Хамай Моңғол-Қазақ әдебиетіне сіңірген еңбегі үшін «Алтын пегас» сыйлығын және Тайвань елінің «Алтын тырна» жүлдесін иеленді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір