Өркениетті елдермен терезе теңестіру
Кәсіптік-техникалық білім беру – келешек кепілі. Мемлекет техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің дамуына, кәсіптік және техникалық мекемелерде оқытылатын кәсіптер мен мамандықтардың түрлене түсуіне аса көңіл аударып отыр. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында кәсіптік және техникалық білім беру кәсіби стандарттарға негізделіп, экономиканың қажеттілігімен байланыстырылуы керек екендігін атап өтуде. Елбасының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономомикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауындағы 7-ші бөлімінде: «Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор. Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу. Екіншіден, педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор. Үшіншіден, біліктілікті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру қажет. ХХІ ғасырда білім беру ісін дамыта білмеген мемлекет құрдымға кетері хақ. Сондықтан біз болашақта жоғары технологиялық және білікті өнеркәсіп мамандарының шоғырын қалыптастыруымыз қажет» делінген. Бүгіндері Елбасының тапсыруымен кәсіптік және техникалық білім берудің жүйесі жаңғыртылып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Білім беру жүйесіне енгізілген түбегейлі өзгерістер білім берудің мазмұнын жаңартып, жаңа көзқарас туғызады. Қазіргі ғылыми-техникалық үрдістің үздіксіз, қарқынды дамуына байланысты білім беру жүйесінің алдына жаңа талаптар қойылып отыр. Осыған орай, ең бірінші, әлемдегі алдыңғы қатарлы өркениетті, бәсекеге қабілетті елдермен терезе теңестірудің басты амалы – жас ұрпаққа сапалы білім мен тағылымды тәрбие беру. Кәсіби мамандарды дайындауда Қазақстан Республикасының жалпыға бірдей міндетті мемлекеттік стандартын жүзеге асырудың негізгі бағыты – ғылым мен білімді тәжірибемен ұштастыру. Тәжірибе барысында болашақ маман өзінің кәсіби мамандығы бойынша алғашқы тәжірибесін жинақтай бастайды. Қазіргі таңда кәсіптік салада жан-жақты білімді, білікті, іскер, бәсекеге қабілетті маман даярлауда әрбір білім алушыны жан-жақты ізденуге, өздігінен тың жаңалықтар ашуға, қай салада болсын, ғылыми жұмысқа деген бейімділігін қалыптастыру көзделуде. «Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман», – деп Президент атап көрсеткендей, бүгінгі күні егеменді еліміздің дамыған 30 елдің қатарынан көріну үшін жастарымыз білімді және бәсекеге қабілетті болуы керек. Елбасымыздың халыққа Жолдауында берілген Қазақстанның Әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында алдағы жұмыстың ұзақмерзімді басымдықтары белгіленген. Осы жолдағы басым бағыттардың бірі – сапалы бірегей білім беру жүйесі бар ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс, педагогтан ақпараттық коммуникативті құзыреттілігін арттыруын талап етеді. осы тұжырым бағдарламаны негізге ала отырып, кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесін қалыптастыруда педагог құзыреттілігі, студенттен кәсіби құзыретті маман қалыптастыруды бәсекеге қабылетті, білімді, азаматтар тәрбиелеуді жүктейді. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың заңнамалық тұжырымдамалық негіздері, әсіресе, Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған мемелекеттік бағдарламасы білім беру жүйесінің бәсекеге қабылеттілігін арттыруды басты назарға қояды. Нәтижеге бағдарланған оқыту, яғни құзыреттілік ең алдымен мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруды және дамытуды талап етеді. Кәсіби-педагог құзыреттілігін жүзеге асыруда, педагогтан қабілеттілік пен даярлықты талап етеді. Сонымен қатар, кәсіби құзыреттілікке білімдер, іскерліктер, дағдылар мен қатар тұлғаның кәсіби құнды сапаларын, оның іс-әрекетін де қарастыруды талап етеді. Осының бәрі педагогтың кәсіби жоғары деңгейінің болуын қажет етеді. Педагогика ғылымында құзырет-тұлғаның белгілі бір саладағы өкілеттіліктері мен қызметтері аясын анықтайтын интерактивті сапасы ретінде түсіндіріледі. Оның құрамына білімдер, іскерліктер, дағдылар кіретіні белгілі. «Педагог білімін әр түрлі әдістермен білім алушыларға береді», – деп, кәсіби даярлықтың жоғары сапалы қол жетімділігі – кәсіби сауаттылық негізі екенін анықтап берді. Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үдерістің қарқыны, білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Ең бастысы – өз жұмыс орнына және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын құзыретті маман тұлғасын қалыптастыру міндетті. Біліміне, біліктілігіне, парасатына пайымы сай ұстаз бүгінгі таңда жас ұрпаққа білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістерге байыппен қарап, оның заман талабына сай мән-маңызын түсінуі хақ. Сондықтан жүктеліп отырған аса жауапты міндет, білім саласындағы реформалар, педагогикалық әдіс-тәсілдердің тың, мәнді, әрі сапалы болуын талап етіп отырған осы бір айтулы кезеңде педагогтың жылдар бойы жинақтаған іс-тәжірибесін жаңа ақпараттық технологияға ұштастыруын қажетті санайды. Қазақстанның әлеуметті-экономикалық даму мақсатын жүзеге асыруда кәсіптік білім беретін оқу орындарында бәсекелестікке қабілеті бар болашақ мамандарға әр түрлі өндірістік салаларға даярлау деңгейі білім беру жағдайларымен анықталады. Қазіргі таңда жан-жақты маман даярлау олардың әлеуметтік, кәсіптік, өздік жұмыс жасай алу қабілеттерін дамытумен белгіленеді. Себебі, әлеуметтік сала экономикасын дамыту осы болашақ мамандардан төмендегідей шарттардың орындалуын талап етеді. Қай заманда болсын өзінің атқаратын қызметіне қарай, жеке қасиеттерінің көптүрлілігіне орай, өзіне міндеттелген талаптарға сай, оқытушы мамандығы басқа мамандықтарға қарағанда ең қиын және ең ізгілікті мамандық болып саналады. Себебі, мұғалімнің негізгі міндеті жер жүзіндегі ең құнды дүние – адамды кемелдендіру болып табылады. Оқушы жүрегінен орын алатын педагог рухани бай, зиялы және шығармашыл тұлға болуы қажет. Ең керемет деген педагогты есіңе түсіргенде оның тұлғалық бейнесі көз алдымызда ең бірінші тұрады. Ал кәсібилік екінші орында болады. Педагог өз пәнін жетік, жоғары деңгейде және жан-жақты білгенде ғана шәкірт дайындай алады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау керек», – деп атап көрсетілген.
Сонымен қатар, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі», – деп атап көрсетуі педагогикалық үдерістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап ететіндігін көрсетеді. Демек, білім меңгертудің тиімді жолдарын, әдіс-тәсілдерін талмай іздеу – әр педагогтың міндеті. Әрбір педагог жұмыс тәсілі мен формасын, өз педагогикалық технологиясын таңдай отырып, білім алушылардың білімін жетілдіру бағытында жұмыс істеуі керек. Осыған байланысты әр түрлі әдістерді, ақпараттық технологияларды қолданудың қажеттілігі туындайды. Жаңа ақпараттық технологияны меңгеруде зияткерлік кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа адами қабілеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Елімізде болып жатқан өзгерістер білім беру жүйесіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, студенттердің шығармашылық әлеуметін дамытуды, педагогтың іс-әрекетінің жаңаша тұрғыда ұйымдастырылуын талап етеді. Бүгінгі заманға жаңашыл, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті құзыретті маман даярлауда педагог-ұстаздың ақпараттық-технологияларды тиімді әрі жүйелі қолдануы арқылы, оқыту үдерісіндегі өзекті мәселелерді шеше алады. «Нағыз оқытушы» деп, білім алушылардың ойы мен жүрегіне жол тапқан ұстазды айтамыз. Бүгінде кәсіптік-техникалык мамандықтарға сұранысты өтеу – кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтарының аса маңызды міндеті болып отыр. Студенттерді заманауи ғылым жетістіктерімен қаруландырып, өндіріске, өнеркәсіпке жаппай аттандыру кезек күттірмейтін мәселе. Жаңа заманға жаңа маман қажет екендігі баршаға мәлім. Соның ішінде ол педагог алдына койылған, жүктелген – міндет екенін ескере отырып, кәсіптік білім беру ұйымдарында еңбек етіп жүрген озімде арнайы пәндерді оқытуда алға қойып, ақпараттық технологияны ұдайы қолданып студенттердің білімін көтеруге жұмыстанудамын. Ақпараттық технологияны қолдана оқыту – білімнің жүйелілігін, бірізділігін жолға қоюға, нәтижеге бағытталуын жетілдіруге жетелейді. Білім ордасында студенттер арнайы пәннің өздеріне керек және маңызды екенін сезінуі керек. Ақпараттық технологиялық үдерісі – білім беру жүйесін жаңарту және дамыту ғана емес, Қазақстанның өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңындағы жаңа қоғамның, жаңа әлемнің жаңашыл оқытушысы қажеттілігінен туындаған үдеріс. Педагог ретінде озіме ақпараттық технологияны меңгеру, оны әрбір сабақтарымда қолдану, құзыретті педагог болуымда, сабақ берудегі амал- тәсілдерімді, дидактикалық жинақтарымның түбегейлі жаңаша іс-әрекеттерді жасауыма керекті технология екенін айта кеткім келеді. Білім берудің оң нәтижесін, өнімін көру, одан ләззат алу – әрбір педагогтың қуанышы. Қорыта айтқанда, кәсіби даярлықта әрбір кәсіптік оқу пәнінің білім мазмұны мен әдістемелік жуйесі негізінде жеке тұлғаға қойылатын кәсіби деңгейім, нәтижеге бағытталған сауаттылық шешімін табу керек. Өйткені, кәсіби даярлықта педагогке қажетті кәсіби құзыреттіліктерді толыққанды меңгерген оқытушы, студентті оқытуда, білім алу нәтижесіндегі құзыреттіліктерді сапалы меңгерте алатыны сөзсіз. Сөз соңында ағартушы- ғалым А. Байтұрсыновтың: « Бала оқытуын жақсы білейін деген адам – әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білу керек», – деген сөздерімен түйіндегім келеді.
Ж.АЛИЕВА,
Қожа Ахмет Иассауи атындағы №123 мектеп-гимназиясының мұғалімі.