ХАНТӘҢІРІ!
Өлеңі Мұқағали Мақатаевтыкі.
Әні Әлімжан Дәуітұлыныкі.
А-а-а-а-а! А-а-а!
Шыңның мен танымаймын аласасын!
Төбе де аласамен таласасың?!
Тянь-Шаньның шашақты найзасындай,
Қайсың Хантәңірімен жанасасың?! -2рет.
Қайырмасы:
А-а-а-а-ай! Арман -ай!
Шыңның мен ұнатамын биіктігін!
Шырқай кеп шыңырау көктен сүйіпті Күн!
Түндігін түріп тұрған кең аспанның,
Қанеки, Хантәңірінен иықты кім?! -2рет.
Егерде құдірет болса, бөлшегіндей,
(Алдында құдіреттің көр шегінбей!).
Шаншылып әнеу тұрған Хантәңірі –
Шапшыған Тянь-Шаньның емшегіндей! -2 рет.
Қайырмасы:
А-а-а-а-ай! Ар-ман-ай!
Күн де оның баурайында дөңгелеген!
Буалдыр, бозғыл шәйі перделеген.
Бойында Хантәңірінің бұғып жатқан,
Алапат аяныш бар жерге деген! -2 рет.
Қайырмасы.