ШАУ ТАРТҚАНДА КЕЗДЕСКЕН СЫНЫПТАСТАР
Аякөз деген, аядай бұлақ деседі,
Жұрттарда қалған жұмбақты кімдер шешеді…
(Мұқағали Мақатаев).
Сағынар аулым бар – көзімді ашқан
Аякөз – алтын бесік, әнге қосқан.
Туған өлкем тұмарың төрімде тұр,
Таппаспын – жер ұйығын, сенен асқан! –
деп кезінде жырлағанымдай, шілденің ортасында Аякөз қаласындағы №2 орта мектепте бірге оқыған сыныптас құрдастарыммен аңсап қауыштық. Елу жылда – ел жаңа демекші, екі-үш құрбымды танып, басқаларын тани алмаған жағдайымыз да болды. Сонымен, оннан аса сыныптастар бас қостық. 7-8 адам өмірден өткен екен, құран бағыштап, тағзым етіп, еске алыстық.
Кездесу күнімізге қарсы бір құрбымыздың баласы қайтыс болды деп естідік, енді бірінің жолдасы өмірден өтіпті. Жетпіске тақағанда жолдастардың сиреп қалғанына көзіміз жетіп, көңіл босады.
Өмірден озған сыныптастарымның артында қалған бала-шаға, немерелері аман болсын деп тілеймін. Құдай қосса, 2022 жылы барымызбен бас қосайық деп қимастықпен, қинала қоштасқан жайымыз бар.
Біз оқыған жылдары мектеп басшысы Жұмағазы Жөкебаев, сынып жетекші Әбіл Барманашев ағайларымызға үлкен алғыс айтамыз.
Немере-шөбере, ұрпаққа бата-тілегім: Қыркүйектің бірінде мектеп табалдырығын аттағанымызға да 60 жыл болған екен.
Осы кездесуді ұйымдастырған сыныптас-бала, досым, Аякөз қаласының тұрғыны Төлеуғайша Мақсатқызына алғысымыз шексіз!
Дүйсенғали Қалдыбайтегі,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын.
Даманск соғыс ардагері.
Алматы қаласы.