18 миллионыншы тұрғын
11.07.2017
1223
0

Ұлттық Экономика министрлігінің баспасөз қызметі Қазақ­стан халқының саны 18 миллион адамға жетті деген хабар тарата сала бұқаралық ақпарат құралдары бұл жаңалықты  жамағатқа жаппай сүйіншіледі. Қазақ қауымы ұшқан құстың қанаты талар кең да­ланың 18 миллионыншы тұрғынын өзінің кеңпейіл, көпшіл мінезімен шаттана қарсы алды. Ел басына күн туған зауалды уа­қытта қазақтың қатары қатты сиреп,  сетінегенде де халқымыз ұлт ретіндегі ұстанымын берік сақтай білген еді. Оған Атадан  – ба­лаға, баладан – немереге, немереден – шөбереге, шөбереден – өбереге жалғасқан отбасы инсти­туты­ның беріктігі негіз болған. Бүгінде әлемдік қауым­дастықта орны­мыз айқын, тарих толқыны елімізге әкелген түрлі ұлт өкіл­дерін бауы­рымызға басып Қазақстан тұтастығына қол жеткізе бас­тадық. Жаңа заманға қадам басқан тұста ұлт санасы рулық түсі­нік­тен жырақтап, жаңашылдыққа бет бұрды. Жаңа­шылдықтың бір сипаты қазақтың даласына иелік етер  ұрпақ өсіретін қазақ­стандық отбасы институты болса керек… Бұл институт ендігі жерде Алтайдан – Атырауға дейінгі жерді мекен еткен елдің тұтас­тығын сақтар ірі институтқа айналса деген тілек бар. Жат жұрттан келгенді жатырқамаған, өзіндегіні өзгемен бөліспесе ас бат­пайтын кеңпейіл болмыс, көпшіл мінезді халық  көбейсем деген игі тілегінің орындаларынан үміт үзбек емес… Жаратқан  тіл көзден сақтасын! Қазақстан­ның 18 миллионыншы тұрғы­ны­ деген сөзді тартынбай айтуға себеп болған Мүслиманың соңынан ерер бала-шаға  көп  болғай!..

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір