Шашымның ұзыны қызымда, ақылым кімде?
30.06.2017
1457
0

Ақжан тұңғышы Айкиенің аттестат алу салтанатына кеудесін қуаныш кернеп барғанымен, қайтарда ол сезімдердің ізі де қалмады. Тіпті, сұры қашып, түрі түтігіп кеткендей көрінді. Қызына ештеңе сездірмейін-ақ деп еді. Алайда, ішін кернеген әлдеқандай ашу мен ыза шыдатпады.

Үйге жеткенше, Айкиеге:
– Елдің баласы алып жатқан мақ­­тау қағазды да алмадың. Бір­неше жыл бойы түрлі білім жарыс­тарына қатысып, жүлделі орын­дар­ға ие болып жүргеніңді қай­­­тейін. Сы­нып жетекшің сені елемеді де. Анау Таңболды қарашы, ұл бала бол­са да мақтау қағаздың бір­не­шеуін алды. Тіпті, ұстазына арнап өлең де жазыпты. Мектеп директо­ры оның шешесін ел алдына шы­ғарып алғыс айтты. Ата-ана үшін тәрбиелі ұрпақ өсіргеннен артық қан­дай бақыт керек? Айтшы! Не­ше жыл бойы оқығаныңның нә­ти­жесі осы ма? Сен осы қыңыр мі­незіңмен әлі талай дүниеден қа­ғы­лар­сың! – деп жазғырумен болды. Ол мектеп мұғалімдеріне деген өк­пе-ренішін, мұңын қы­зы­на ша­ғып отыр­ғанын сезбей де қал­ды. Іштей ба­ласының еңбе­гінің бағалан­ба­ға­нына әбден налыды. Былтыр Ұлбосын апайының «Тәрбиелі ұл-қыз өсіріп отырға­ныңыз үшін мың алғыс!» де­ген жазуы бар марапат қағазын ұсы­нып тұрып: «Өзіңіз ата-ана­лар­дың ішіндегі ең жасы бол­ға­ныңыз­ға қарамастан, осындай ба­ла тәрбие­легеніңізге қайран қа­ла­мын», – дегені есіне түссе, іші одан сайын күйіп кетеді…
Кешке дастархан басында оты­рып та осыны айтып ренжіген Ақ­жанға Айкие: – Апа, сонда сізді мек­тептің кішкене ғана мәжіліс з­алында орныңыздан тұрғызып, жұрт­тың өтірік-шын аралас көңіл­мен қол соққандарын ғана көріп, шал­қы­ғыңыз келе ме? Қызыңыз­дың мұға­лімдерге жағу үшін қи­сыны кел­сін-келмесін өтірік өлең жазға­нын, жалған мақтау естігенін қа­лайсыз ба?.. Сізге менің жеке пі­кі­рім­нен гөрі, мұғалімімнің маған де­ген оң қабағы қымбат па?.. Мүм­кін болашақта үлкен ғалым болатын шығармын. Өз еңбегімнің ар­­қа­сында халыққа танымал тұлға бол­сам ше?! «Сіздің анаңыз қандай адам еді?», – деп сұрағандарға мен өзіңізді көрсет­сем не істер едіңіз?.. Сонда маған бүгінгі айтқан­да­рыңыз есіңізге түсіп, ұялмайсыз ба? Өзіңіз жасан­дылық пен жа­ғым­паздықтан ау­лақ, шыншыл бол, өз-өзіңе сыни көзқараспен қа­рауға дағдылан, жалған мақ­тан­нан алыс жүр деп алып, маған енді рен­жіп отырға­ныңыз қалай? – де­ді де ашуланып, оқыс орнынан тұрып кет­ті. Ақжан сі­лейіп отырып қал­ды. Қы­зының алдында өзін кінәлі санады:
«Ра­сында да менікі дұрыс бол­мады-ау! Оған дұрыс ба­ғыт берудің орнына, әлденелерді айтып, адас­­­­тырмақ бол­ғаным не сасқа­ным!? Өзге­лер­ге ұқсамайсың деп оны та­балаға­ным қалай?» – деп енді өзін жаз­ғырды. Теріс қарап жатып қал­ған қы­зының қасына келіп, кешірім де сұрағысы келді. Бірақ қанша оқ­талғанымен, ештеңе дей алмады…
Айкие баланың үлкені бол­ған­дықтан ба, әлде мінезінің тік­тігінен бе, ылғи өзінің ойын еш жасқанбас­тан еркін айтатын. Кішкене кезін­де әкесі оның бұл қылығына риза бо­лып:
– Менің қызым, тура ер жігіт се­кілді өсіп келеді. Кейін қара қыл­ды қақ жарған әділ сот болады, – деп масаттанатын. Ал қазір Ай­киенің кейбір сөздеріне шамда­нып қалатын болды. Тіпті, қатты көңілі қалғанда Ақжанға:
– Сен неге қызыңа «тәк» де­мей­сің!? Осылай кете берсе, ертең кім болмақ!? – деп те ұрсатынды шығарды.
Ақжан ондайда үнсіз құты­ла­ды: «Өйткені, тек Айкие ғана емес, қа­зіргі балалардың барлығының өзін­дік пікірі, көзқарасы барлығы, олар­ға ешкім де, тіпті, ата-анасы да өз пікірін таңа алмайтыны, жаңа за­­манның жастары жаңаша ойлайтыны өтірік емес қой!».
…Жексенбі күн болатын. Ақ­жан қы­зы екеуі әдеттегідей ас әзірлеуге кі­рісті. Мұндай сәттерде одан ай­н­аласындағы достары туралы, бо­лашақтағы жоспарлары жайында сұрайтын. Екеуі жақын құр­бы­лар­дай әңгімелесетін. Бүгін де солай болды. Айкие апасына ше­т­ел­ге оқу­ға кеткісі келетінін айтты. Бұл ойы Ақжанға онша ұнамады.
– Сен енді ғана бірінші курсты бі­тірдің. Әлі оң мен солыңды айырып та үлгермедің. Қалай шетелге кет­пекшісің? Соны түсіндірші ма­ған!
Ол еш тосылмастан:
– Апа, одан қорқатын ештеңе жоқ. Біздің универде бәрі де кетіп жа­тыр. Мен өзіме сенімді болған соң айтып отырмын ғой, осы сіз­дер-ақ адамды тұқырта бересіздер, – деп бұртиды.
– Сенбей отырғаным жоқ. Тек бө­тен елде күніңді қалай көрмек­сің? Оның үстіне шетел тұрмақ, өз елімізде де небір сұмдық жайттар бо­лып жатыр емес пе!? Мен содан қор­қамын!
– Апа, осы сіздер тек бір нүкте­ге, бір ғана бағытқа қарап өмір сү­ресіздер. Жан-жаққа қарауға өз-өздеріңізден қорқасыздар. Неге үне­мі үйрейленіп отырасыздар?
– Сеніңше, сені өз бетіңмен жіберіп қойып, білгеніңді жаса деп оты­р­уы­­мыз керек пе?
– Сіздер тек адам баласымен бір­­ге қалыптасқан адамгершілік нор­маларын ғана бізге айта бере­сіз­­дер. Ертеде салынған ескі сүр­леу­ден жаңылмайсыздар. Жаңа еш­­теңе қоспайсыздар ғой…
– Әке-шешенің берген тәр­бие­сін санасына мықтап сіңіріп өскен кі­­сіге «адам» болуы үшін басқа еш­­теңе қажет емес. Егер ата-ана­ның ақылы қажет болмаса, өз бет­­теріңмен өмір сүрсеңдер, ақы­ры не болмақ?
– Әке-шешесі балаға тыйым сал­ған сайын ол еркіндікке ұм­ты­ла түседі. Қазір көп ата-аналар мұн­ша сағат ойнайсың, мұнша уа­қыт оқисың деп баласының әр са­ғатын, минут, секундына дейін есеп­теп қойған. Осылайша оның өмі­рін бақылап, өзі қалаған азамат етіп қалыптастырғысы келеді. Бірақ олар қателеседі. Бұнымен ба­ланы тәрбиелей алмайды. Өйт­кені, ол адамды белгілі нәрселерге дағдыландыру әдісі ғана. Ал адам­ның ішкі жан дүниесі ешкімге де, тіпті, өзіне де бағынбайды. Өзіңіз қарасаңыз, кешегі Ахмет, Абай, Мағ­жан және т.б. ұлт зиялылары на­дандықпен күресті ғой, ал бү­гін­гі ақындар техниканың күші адам­ның ішкі жандүниесін тұн­шықтырып бара жатқанын, адамша ойлау қабілетінен айырғанын айтып дабыл қағуда. Демек, адамды тек мейірім мен жан жылуы ғана дұрыс тәрбиелей алады. Мәселен, сіздің айтқан әр сөзіңіз бен даусыңыз менің құлағыма сіңіп қалған. Алайда, сыртқа шыққанда мен сол дауысты іштей естіп тұрсам да, жасайын деп тұрған ісімнің сіз үшін «жаман» нәр­се екенін се­­зіп тұрсам да, бәрі­бір сол қа­дам­ға баруым мүмкін. Ал сіз мені бар­лық кемшілікте­рім­мен жақсы кө­ріп, ешкіммен салыстырмастан, мейіріміңізді төгіп, маған сенім артсаңыз, жан жылуыңызды бер­сеңіз, өзіңізден ұялғанымнан-ақ әлгіден бас тартамын…
– Сен, мейірімнен кендемін де­гің келе ме?
– Жо-о-қ, апа! Жәй, мысал ре­тін­де айтып отырмын. Доста­рым­ның арасында тура сондай қатал тәр­биемен өскендері бар. Бір қа­рағанда өте инабатты, білімді бо­­лып көрінгенімен, оларға жы­лы­­лық, мейірім қажет. Өмірінде не жетіспейтінін өздері де түсін­бей, сол «жоқтың» орнын немен тол­тырам деп адасып жүргендері қан­шама. Тынымбай Нұр­ма­ғам­бетовтің «Жер иісіндегі» Ізбасар­ды алыңыз. Өзі тәрбиелі жігіт бола тұра, қаланың жаңашыл қызымен бір­ге болсам, мендегі жоқ қасиет­тер одан табылып, екеуміз бақыт­ты боламыз деп ойлайды. Бастап­қы­да қала қызының бойындағы өзін баурап алған қылықтар ар­тын­ша жиіркеніш сезімімен алма­са­ды. Толқыннан кейін тыныш­тал­ған теңіз секілді ол да өзінің іш­кі сезімдерін жеңіп, ақыры қа­ра­пайым ауыл қызына үйленеді. Мі­не, осы секілді әр адам өзіне ерік беруі тиіс. Адам белгілі бір стан­дартқа сай шектеумен емес, қа­теліктері арқылы өсуді үйренуі керек. Сіздер үнемі «адам бол, өз на­ныңды тауып жейтін азамат бол. Заманыңнан қалып қоймай, іле­сіп отыратын шапшаң бол» деп үй­ретесіздер де, басқа міндеттерді кө­біне ұмыт қалдырасыздар.
– Білімді, тәрбиелі, адам­гер­ші­лігі мол азамат болсаң, одан ар­тық не керек?
– Апа, сіз қателесесіз. Адам ба­ласы ең бірінші мақсатқа қол жет­кізгеннен соң, басқа міндет­те­рін тез есінен шығаратынын қалай түсінбейсіз?! Қазір туғандарына, тіпті ата-анасына қайырылмай, өз жайын күйттеп жүргендер көп қой. Өмірінің соңында ұл-қы­зым­нан рахат көрмедім деп отыратын кі­сілер туралы айтамын. Өзіңіз сүйіп тыңдайтын әндегі «Өсем де­ген ұлды бағып, Кетем деген қыз­ды бағып, Өмір өтті зырғып ағып» деген жолдар да біраз нәр­сені меңзейді ғой…
– Меніңше, ол адамның шық­қан тегіне, алған тәрбиесіне бай­ла­нысты…
– Ой, апа! Қызықсыз, «тек» ту­­­ралы түсінігіңіз әлі үй ішінде жүр екен ғой… Осы небір ұлтқа қыз­мет еткен тұлғалар қанша баласы болса да кәрілікті жалғыз қар­сы алып отырған жоқ па?! Кей­бірінің ұрпақтары шетелде қалып қойған, тіпті ата-анасының қайда жерленгенінен де бейхабар. Өз тілінде сөйлемейтіндерді айтпа­ған­да, «Қарттар үйінде» отырған қа­риялардың көпшілігі кезінде мықты қызмет істеген адамдар ғой…
– Е-е-е рас, рас… Қазір заман өзгерді ғой. Бұрын туғаны тұрмақ, өзге ұлтты да бауырына басқан, аманатшыл халық едік. Қазір жат бауыр боп алдық қой…
– Үлкендер «ол заманда біз бы­лай едік, қазір басқа заман» дей­ді. Меніңше, бұл жәй ғана ақ­талу. Заманда тұрған ештеңе де жоқ. Қай уақытта болса да ақ пен қа­раның, жақсы мен жаманның бо­латыны анық қой. Онсыз та­би­ғаттың тепе-теңдік заңы сақталу­шы ма еді. Сондықтан заманды өз­­­гертетін адам. Себебі, мейірім мен жан жылуы жоқ жерде бәрі де күр­делене түседі. Бұл менің жеке пі­кірім ғой, сіздер мұнымен әлбет­те, келіспейсіздер, – деп Айкие сө­зін аяқтады.
Ақжан қызының тосын жауап­тарына таңқалғанын жасыра алмай:
– Мен сені әлі кішкене деп жүр­сем, қай уақытта данышпан бо­лып үлгергенсің, жаным-ау? – деп жымиып қойды. Одан ары екеуі де үнсіз қал­ды.
Айкиенің «неге үрейленіп оты­­расыздар» дегеніне іштей жа­уап іздемек болып, ойы жан-жаққа кезіп кетті. Расында да сол қорқы­ныш бізге қайдан келді?
Кезінде сонау қиянда жатқан ауыл­дан оқу іздеп талай жас келіп еді ғой. Сол кезде олардың әке-ше­шесі ештеңеден қорықпай-ақ се­ніп жіберді емес пе? Әлде ол уа­қытта заман тыныш па еді?.. Қап! Тағы да заман дейміз-ау…
Олар, кешегі жастарды айтам, ауылдағы қарт әке мен ананың сенімін қаншалықты ақтаған­да­рын қайдам, әйтеуір жерге қарат­қан жоқ қой. Тіпті, қаһарлы соғыс жылдарында да ұл-қызының мойнына ұлттың үмітін аманаттап, ажал­дан да қорықпай, майдан ше­біне жіберген халық бүгін неден, кімнен қорқады? Ал бүгінгілер дәл солардай үмітті ақтай алар ма екен?.. Сол уақыттағы «сенімді» қайда жоғалтып алдық?! Жан дү­ние­мізді билеген бұл үрейден арылу­дың жолы қайсы?!
Ақжанның ойы шартарапты шар­лағанымен, өз сұрағына өзі жауап таба алмады…Иә! «Заманда тұрған ештеңе де жоқ…»!
Ол Айкиенің ой еркіндігіне, ба­тылдығына кейде қарсылық біл­діргенімен, оның бұл мінезіне іш­тей қызыға қарайтын. Әйтсе де қы­зының ұстазына өлең арнаған әл­гі сыныптасы жиі есіне түсе бе­ре­тіні несі екен?..

Г.НҰРЛАНҚЫЗЫ.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір