Үштомдық жинақтың таныстырылымы
Астанадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Алашорда үкіметі мен Алаш автономиясының 100 жылдығына орай «Ел-Шежіре» қоғамдық қоры шығарған ғалым-жазушы Тұрсын Жұртбайдың «Движение Алаш» атты 3 томдық құжаттар жинағы мен Болат Мүрсәлімнің «Алашорда» фотоальбомының таныстырылымы өтті.
Жинақтар «Самұрық–Қазына» АҚ қолдауымен жарық көріп отыр. Іс-шараға қоғам қайраткерлері, отандық ғалымдар, зиялы қауым өкілдері қатысты.Олардың арасында тарих ғылымының докторы, Стамбұл қаласындағы Мимар Синан көркем университетінің профессоры Абдуахап Қара, журналист, «Алашорда» фотоальбомын құрастырушы Болат Мүрсәлім, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының ресми өкілі Лима Диас бар.
Кездесудің модераторы «Алашорда» үштомдық жинағының авторы, филология ғылы-
мының докторы, профессор Т.Жұртбай болды. «Алаш» идеясы – мен үшін мәңгілік идея болып саналады. Біз «Самұрық-Қазына» Қорына және оның басшысы Өмірзақ Шөкеев мырзаға жинақты жарыққа шығаруға қаржылай қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреміз», – деді Т.Жұртбай.
«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры «Алаш» қозғалысының мұрасын жинақтап, оны кейінгі ұрпаққа аманаттауды өзінің басты міндеттеріннің бірі санайды», – дейді «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының ресми өкілі Лима Диас.
Диана Бақтаева.