Академиктер сайланды
ҚР ҰҒА-ның 2017 жылдың 1 маусымындағы сессиясында жаңа мүше-корреспонденттер мен академиктер сайланды. Газетіміздің тұрақты авторлары қатарындағы бірнеше ғалымдар бар болғандықтан, «Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бөлімшесі» тізімін оқырман назарына толық ұсынуды жөн санадық.
Тарих және археология мамандықтары бойынша: Қойгелдиев Мәмбет Құлжабайұлы, Әбжанов Хангелді Махмутұлы, Кожамжарова Дариякүл Пернешқызы, Байтанаев Бауыржан Әбішұлы; әдебиет мамандығы бойынша: Қалижанов Уәлихан Қалижанұлы, Қамзабекұлы Дихан; шетел филологиясы мамандығы бойынша: Құнанбаева Сәлима Сағиқызы; философия мамандығы бойынша: Әбділдина Раушан Жабайханқызы, Қирабаев Нұр Серікұлы; әлеуметтану мамандығы бойынша: Тәжин Марат Мұханбетқазиұлы, Досманбетов Бақберген Сәрсенұлы; педагогика мамандығы бойынша: Құлыбаева Динара Нұрсұлтанқызы, Сманов Бақтияр Өрісбайұлы; құқықтану мамандығы бойынша: Құлыбаев Талғат Асқарұлы академиктер болып сайланды.
Сонымен қатар, шығыстану мамандығы бойынша Әбдісаттар Дербісәлі; тіл білімі мамандығы бойынша: Қажыбек Ерден Задаұлы; педагогика мамандығы бойынша: Абылқасымова Алма Есімбекқызы, Ахметова Гүлнас Кенжетайқызы, Аяшев Оңалбай; тарих және этнология мамандығы бойынша: Кенжебаев Ғабит Қапезұлы, Қыдырәлі Дархан Қуандықұлы; әдебиет және өнер мамандығы бойынша: Шәріп Амантай Жарылқасынұлы корреспондент-мүшелер болып сайланды.
ҚРҰҒА-ның жаңа сайланған корреспондент-мүшелері мен академиктеріне ғылым көкжиегінде тың қадам жасап, қазақ ғылымына еңбек сіңіре берулеріне деген тілектестігімізді білдіреміз!
Диана БАҚТАЕВА.