«Барыс» ордені – ардагер ғалымда
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ғалым Мырзатай Жолдасбековті қабылдап, І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.
Мемлекет басшысы кездесуде М.Жолдасбековті 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, оған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеп: «Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен әрдайым Сіз менің жанымда болдыңыз. Маған қолдау білдіріп, кеңесшім, Премьер-Министрдің орынбасары болып қызмет атқардыңыз. Мен Сізді жауапты лауазымдарға тағайындадым. Елші, университет ректоры болдыңыз, дипломаттарды тәрбиелеуге атсалыстыңыз. Белгілі ғалым, қаламгер ретінде кең танылдыңыз», – деді.
М.Жолдасбеков өз қызметінің нәтижелерін жоғары бағалағаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты. «Тәуелсіздігіміздің қалыптасуындағы барлық процестің куәгері болдым. Жақсылық та, қиындық та, таршылық та бастан өтті. Бақытымызға орай, қазір егемендіктің арқасында жақсы өмір сүріп жатырмыз. Ел ішінде реформалар жүргізілуде, бәріміз күткен рухани жаңғыру басталды. Мен қашан да Сіздің сенімді серігіңіз болып қасыңызда қала беремін», – деді қоғам қайраткері.
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.