Бас редакторлар

«Қазақ әдебиеті» газетінің әр жылдардағы бас редакторлары:

  1. Ғабит Мүсірепов – 1934, қаңтар – шілде.
  2. Бейімбет Майлин – 1934, шілде – 1935, наурыз.
  3. Сәбит Мұқанов – 1935, наурыз – 1936, қазан.

Ескерту: газеттің бұл кезеңдегі кей сандары Қадыр Қуанышұлы, Өтебай Тұрманжанұлы, Тайыр Жароков, Жақан Сыздықовтар уақытша жауапты редактор ретінде қол қойып отырған.

  1. Бейімбет   Майлин – 1936, қараша – 1937, шілде.

Ескерту: Б.Майлин 1936 жылғы 29 желтоқсанда шыққан газет санынан кейін көрінбей кетіп, алты ай бойы қол қоймаған. Бұл мерзімде жауапты редактордың орынбасары Тайыр Жароков, уақытша редакторы   Өтебай Тұрманжанов   алма-кезек   газетке басшылық   жасап отырыпты.   «ҚӘ»-нің Б.Майлиннің қол қоюымен шыққан соңғы саны – 1937 жылдың   30-шілдесі.

  1. Асқар Тоқмағанбетов – 1937, желтоқсан –1938, сәуір.

Ескерту:   белгісіз себептермен уақытша жабылып қалған әдеби басылымның 1939 жылғы алғашқы саны желтоқсан айының 21-і күні ғана жарыққа шықты.   Жыл соңында жарық көрген   газеттің екі санында да жауапты редактордың   аты-жөні көрсетілмеген.

  1. Әлжаппар   Әбішев – 1940, қаңтардан «ҚӘ» жабылып қалғанға дейін бас редактор болған.

Ескерту: газет 1940 жылы жабылып, араға он бес   жыл салып, 1955 жылы 14-ші қаңтарда қайта шыға бастайды.

  1. Сырбай Мәуленов – 1955, қаңтар – 1957, наурыз.
  2. Ісләм   Жарылғапов – 1957, наурыз – 1958, қыркүйек.
  3. Әбділда Тәжібаев – 1958, қазан – 1959, наурыз.
  4. Зейнолла   Қабдолов – 1959, сәуір – 1960, қараша.
  5. Жұмағали Сайын – 1960, желтоқсан – 1961, шілде.
  6. Жұмағали Ысмағұлов – 1961, тамыз – 1963, наурыз.
  7. Әбен Сатыбалдиев – 1963, сәуір – қазан.
  8. Әзілхан Нұршайықов – 1963, қараша – 1965, мамыр.
  9. Қапан Сатыбалдин – 1965, мамыр – 1967, наурыз.
  10. Нығмет Ғабдуллин – 1967, сәуір – 1969, тамыз.
  11. Сәкен Жүнісов –1969, тамыз – 1970, ақпан.

Ескерту: Осы мезгілде проза бөлімінің меңгерушісі болып істеген С.Жүнісовтың   айтуынша, ол бас редактордың міндетін атқарушы болып отырған.

  1. Әнуар Әлімжанов – 1970, тамыз – 1973, наурыз.
  2. Сырбай Мәуленов – 1973, наурыз – 1977, сәуір.
  3. Сайын   Мұратбеков – 1977, сәуір – 1980, қазан.
  4. Шерхан Мұртаза – 1980, қазан – 1989, қараша.
  5. Төлен Әбдіков – 1989, қараша – 1991, қазан.
  6. Оралхан Бөкей – 1991, қазан – 1993, мамыр.
  7. Ахат Жақсыбаев – 1993, шілде – 1997,   қараша.
  8. Жұмабек Кенжалин – 1997, желтоқсан – 1999, маусым.
  9. Жүсіпбек Қорғасбек 1999, маусым – 2002, мамыр.
  10. Ұлықбек Есдәулет – 2002, мамыр – 2008, ақпан.
  11. Жұмабай Шаштайұлы – 2008 ақпан – 2017 тамыз.
  12. Жанарбек Әшімжан – 2017 тамыз – 2018 шілде.
  13. Дәурен Қуат – 2018 шілде