Қисындылық пен даналықтың айқын дәлелі
02.12.2016
1556
0

1991 жыл – еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері, міне, 25 жыл да өте шықты. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді.

Тәуелсіздігін жария­ла­ған соң Қазақстан қоғамды жүйелі реформалауға кі­рісті. Тұңғыш Прези­денті­міз Н.Ә.Назарбаевтың сол кез­дегі мәлімдемесі бойын­ша, Қазақстан бұрынғы саяси және экономикалық жүйеден толық бас тартты. Мемлекет алдында демо­-
к­ра­тиялық, құқықтық мем­лекет құру, әлеуметтік ба­ғ­дар­ланған нарықтық қа­­­­­­­тынасқа көшу, мемле­кет­­тік тәуелсіздікті күшей­ту сияқ­ты заманауи маңыз­ды міндеттер тұрды.
Республиканың еге­мен­­дігін алуы Қазақстан­ның алдына тек қана өзінің сырт­қы саяси стратегиясын құру ғана емес, сонымен қатар әлемдегі ең күшті мемлекеттермен саяси жә­не дипломатиялық қарым-қатынас орнату арқылы әлемдік қауымдастыққа кіру міндетін тартты. Қа­зақ­стан мен басқа да кеңіс­тіктен кейінгі республикалар үшін халықаралық қауым­­дас­тық­қа кірудегі бас­ты қиындық қысқа мер­зім ішінде нарықтық ба­ғыт­тағы экономиканы құру үшін стратегиялық ұста­нымдарды айқындау, саяси құрылымды демократияландыру мен қоғам­дық қатынастарды жаңарту ғана емес, сонымен қатар, мем­лекетаралық ынтымақ­тас­тықтың мазмұны мен түрлерін анықтау, сыртқы сая­саттағы бағыттарды, ба­­сымдықтарды таңдау қажеттігі еді.
Бұл кезеңде Қазақ­стан­ның алдында жаңа мем­ле­кеттің аумақтық тұтас­ты­­­­ғы мен қауіпсіздігін қам­­­­­та­масыз ету, оны халы­қ­­а­ра­лық аренада таныту мен әлемдік экономикалық байланыстарға қосу мә­се­лелерін шешу міндеті тұр­ды. Бірақ сыртқы саяси қыз­­­меттің басты сала­ла­рын­­дағы қиындықтар, әсі­ре­се сол кезеңде Сыртқы істер ми­нистрлігі әлі құ­рыл­­ма­ған болатын, шет елдерде бірде-бір дип­ло­матиялық өкілдік болмады, білікті ма­мандар жоқ­тың қасы еді. Осы жағдайда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың айтуы бойынша, мемлекет­аралық қарым-қатынас­тардың то­лық келісім негі­зін құру ке­рек болды. Дос­тастық пен ынтымақ­тастық ке­лі­сім­деріне, қа­рым-қаты­нас­тардың негізі туралы келі­сім­­дерге қол қоймай іс­­кер­­лік байланыстарды орнату мүмкін емес еді. Тәуелсіздігіміздің  ал­ғаш­қы күндерінен бастап, көп­те­ген дамыған мемлекеттермен толық ауқымды эконо­ми­калық келісім­дерге қол қойып, саудада қолайлы жү­йе орнатуға бірте-бірте қол жеткіздік.

Қазақстан өзінің сыртқы саяси мақсаттарын айқын анықтады, ол – ұлттық қауіпсіздікті және аумақтық тұтастықты қамтамасыз ету, алыс және жақын шет елдермен байланыстарды кеңейту, еліміздің экономикасына инвес­тиция салуға қабілетті тиімді әріптестерді іздестіру болды. Елбасы Қазақстан қазіргі заман талаптарына жауап беретін және ұлттық-мемлекеттік құндылық­тарға сәйкес сыртқы саясат жүр­гізуі қажет деп есептеді.
Еліміз геосаяси жағдайына байланыс­ты алыс, жақын жатқан мемлекеттер тарапынан қызығу­шылық тудырды. Гео­г­ра­фия­лық орналасуы және оның ұлттық мүдделері сияқты ұзақ мер­зімді сипаты бар  факторлардың ықпалымен Қазақстан Респу­б­лика­сының сыртқы саясатының басымдық берілетін бағыттары қалыптаса бастады. Жаһандық сипаттағы қауіп-қатердің пайда болуына, жаһандану үдерісі мен жаңа технологиялардың дамуына, жаңа экономикалық құрылымның қалыптасуына, аймақтық деңгей­дегі халықаралық ынтымақтас­тықтың тереңдеуінің сан алуан­дығына байланысты дүние жү­зінде болып жатқан түбірлі де дүбірлі өзгерістер мемлекетіміздің сыртқы саясатының бағытына түзетулер енгізуге мәжбүрлейді. Өзекті халықаралық проблемаларды шешуге  қатысты жедел әрі икемді үн қатысу мақсаты осы мә­селелерде жаңа көзқарастарды әзірлеуді және жүзеге асыруды қажет етеді.
Қазақстан Республикасы тәуел­­сіздігін алғаннан кейін ха­лықа­ралық ұйымдармен, атап айтатын болсақ, БҰҰ, НАТО, ШЫҰ, ЕҚЫҰ және т.б. бейбіт қа­тынастарды реттей бастады. Қа­зақс­тан халықаралық ұйымдарға нақтылы мүшелігін ғана емес, сонымен қатар мемлекет мүдделерін қорғау мен қамтамасыз ету және әлемдік саясаттағы Қазақстанның ролі мен алатын орнынан туындайтын, осы ұйым тарапынан қарастырылатын мәселелер бойынша өзіндік нақты ұстаным­да­рының болуын қамтамасыз етті деуге болады.
Елбасының сыртқы экономи­ка­лық қызметті реформалауы Қа­зақс­тан Республикасына әлем­дік экономикалық үдерістің мүше­сі болу мүмкіндігін берді. Халық­аралық экономикалық ынты­мақ­тастық пен әлемдік эко­номикаға кірігу ҚР ұлттық эко­номикасының бәсекеге қабілет­ті­лігін арттырудың маңыз­ды фак­торына айналды. Қазіргі таңда Қазақстан Респуб­ликасы­ның сауда қатынастары әлемнің 180 мем­ле­кетімен орна­тылған. Сыртқы экономикалық саясатты жаңғыр­тудың келесі кезеңі қа­зақст­андық экспорт­тау­шылар­дың өнімдерін халықаралық нарыққа шығару немесе ұлттық эконо­миканың бәсекеге қабілет­тілігін арттыру болды.
Қазақстанның Азия мен Еуро­паның қиылысындағы геосаяси  орналасуы, экономикалық  және әскери-саяси  мүдделері, сонымен қатар қазіргі экономикалық әлеуе­тінің болуы оны ірі аймақтық мем­лекет ретінде қалыптастыру­дың алғы шарттары болды. Қа­зақс­тан өзара қауіпсіздікке, еге­мендікті құрмет тұтуға, ау­мақ­тық тұтастық принцип­терімен өзінің төңірегінде тұрақтылық пен ізгі көршілік аймағын қалып­тас­тыруға мүдделі.
ХХ ғасырдың соңына қарай дүниежүзілік дамуда  жаһандану үдерісі басталып, тез қарқынмен дамып келеді. Дамыған елдер барынша үстемдік жүргізу әрекет­теріне, географиялық орналасуына, көмірсутегі шикізатын шығару мүмкіндігіне қарай топтасып алып, ықпал жүргізу аймақтары үшін нағыз талас басталды.  Жа­һан­данудың басты бір талабы – кез келген мемлекеттің қандай да болсын бір қоғамдастық құрамына кіру қажеттігі болып қалды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ұсын­ған еуразияшылдық идеясының дүниеге айрықша қатынас түрін­дегі мәдени-философиялық доктрина ретінде іске асыру осы теңсіз­дікті жоюдың басты жолы, адам тіршілігінің әр түрлі тараптарын үйлестірудің бірден-бір тәсілі болар еді.
Бүгінгі таңда Қазақстан өзінің сыртқы саясатындағы байсалды да парасатты қадамдарының арқасында  көрші мемлекеттермен тұрақты өзара ықпалдастық әрі тең әріптестік орнатқан, осының негізінде біртұтас экономикалық кеңістік – Еуразиялық экономи­калық қоғамдастық құру секілді өміршең үрдістер белең алып, ин­тег­рациялық  ықпалдастық  жүйесі айқындала түсуде.
Тәуелсіз жас мемлекетіміздің еліміздің қауіпсіздігі, оның ха­-
лы­қ­аралық қауымдастықпен ара­да­ғы ынтымақтастығы қазіргі за­ман­да елдер мен халықтарға, бей­біт тұр­ғын­дарға қатер төнді­ретін халы­қаралық  террор мен экстремизмге қарсы тосқауыл қою мәселелері Қазақстанның алдына алғашқы күндерден-ақ көлденең тартылды. Бұл, әсіресе, өз тәуелсіз­дігіне енді ғана қадам басқан, әлем­дік қоғам­дастықта әлі орны айқындалмаған, уақытқа байланысты күрделі жағдайдан  әлі шы­ға қоймаған ел үшін аса маңызды еді.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы немесе жал­пы халықаралық сипаттағы же­тіс­тіктері егемен еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев­тың есімімен байланыстырылады. Елбасы өзінің «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалып­тасуы мен дамуының стратегиясы», «Ғасырлар тоғысында», «Сын­дар­лы он жыл» және тағы  басқа еңбектерінде респу­бли­ка­мыздың сыртқы саясаттағы ба­сым­дықтарын тұжырымдаған болатын.
Сонау 1992 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаев «саяси және экономикалық реформалар негі­зіндегі елдің тұрақты дамуы үшін жағымды сыртқы ортаны құрудан» тұратын сыртқы саясаттың негізгі мақсатын айқындады. Кейін әлемдік қоғамдастықтың кең тануына және қолдауына ие болған белгілі халықаралық бастамаларды қоса алғанда, дәл Елбасы Қа­зақс­танның көпвекторлы сыртқы саясатының авторы болып табылады. Қол жеткізілген елеулі табыстар Қазақстан Президенті іске асырып жатқан сыртқы саяси ба­ғыттың қисындылығы мен дана­лығының айқын дәлеліне айналды.
Н.Ә.Назарбаев халықаралық байланыстарымызды дамыту үшін бірнеше мәселені қатар шешу қажеттігін, атап айтқанда, «Қа­зақс­танды халықаралық дәрежеде мойындатып, оның қауіпсіздігі мен аумақтың тұтастығын қам­тама­сыз ету, әлемдік шаруашылық жүргізу мен экономикалық байла­ныстарға белсене араласу қажет болды», – деп атап көрсетті. Бұл аса қиын да күрделі міндеттерді орындау үшін дүниежүзі мемлекет басшыларымен, жетекші эконо­микалық алыптармен, халық-
а­ра­лық ұйымдармен келіссөздер жүргізілді, шетелдермен, халы­қ­аралық ұйымдармен 3 мыңнан аса құжаттарға қол қойылды. Қазақ­станның халықаралық қатынас­тардағы алатын орны мен ролін анықтау үшін еліміздің геог­ра­фиялық, геосаяси және геоэ­ко­но­микалық жағдайы мен мүмкіндігі ерекше маңызды болып отыр. Қазақстан өзінің географиялық жағдайын ескере отырып, халық­аралық аренада көпвекторлық, яғни көп қырлы бағдар ұстайды. Оның мәнісі  таяу  және алыс  шетелдермен өзара тиімді ынты­мақ­тастықты дамыту болып табылады.
Бұл бағыттағы стратегиялық міндет – еліміздің тәуелсіздігі, оның аумақтық тұтастығы мен шекарасының бұзылмайтындығы орындалды. Еліміздің геоэко­номикалық жағдайына талдау жаса­ғанда дүниежүзілік  қоғам­дас­тықтың елімізді  ХХІ ғасырдағы негізгі энергия көздерін беру­шілер­дің бірі деп білуі есепке алы­нады, біздің мемлекетіміз мұнай­дың, газдың, көмір мен уран кен­­дерінің  дүниежүзілік қорла­рын иеленушілер ішінде алдың­ғылар­дың бірі екендігі белгілі. Отандық өнеркәсіпті дамыту үшін шетел инвесторлары 1991 жылдың бас кезінде еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұсынысымен инвестициялар жөніндегі мемле­кеттік комитет кезектегі басым салаларына өз капиталдарын салғысы келетін шетелдік инвес­торларға едәуір жеңілдіктер мен артықшылықтар беруді көздейді. Жан басына шаққанда шетелдік тікелей инвестицияларды тарту деңгейі жағынан Қазақстан Орталық және Шығыс Еуропа ел­дері­нің алғашқы бестігіне кіреді.
Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстанда егемендік, аумақтық тұтастық, табысты әлеуметтік-экономикалық  даму секілді өмір­лік тұрғыдан маңызды ұлттық мүдделерді қамтамасыз ету бо­йынша тұтас проблемалар кешенін шешу жөнінде іргелі шаралар жүзеге асырылды. Ядролық қару­дан бас тарту мемлекеттің жетекші ядролық державалар тарапынан халықаралық қауіпсіздік кепіл­дігін алуына мүмкіндік берді. Қазақстанның құрлықтағы шекараларын заңды түрде ресімдеу оның аумағына қол сұғылмауы мен оның тұтастығына халық­-
а­ралық-құқықтық кепілдіктерді қамтамасыз етті. Қазіргі таңда елдің ұлттық қауіпсіздігінің негізгі басымдықтары ішкі және сыртқы қатерлерге, экстремизм мен терроризмге, жаппай қырып-жою қаруларын таратуға, этнос­-
а­ралық және конфессияаралық жанжалдарға және басқаларға қарсы тұруды ғана білдірмейді. Қоғамдық, әскери, саяси, ақпарат­тық қауіпсіздікпен қатар экономи­калық қауіпсіздік те мемлекеттік саясаттың шешуші факторы болып танылып отыр.
Елдің қалыпты тыныс-тір­шілі­­гін қамтамасыз етуде эко­но­микалық факторлар – өндірістің бәсекеге қабілеттілігі, халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасы, қаржылық, энергетикалық, азық-түліктік және көліктік қауіпсіз­дікті, ұлттық экономиканың, оның ішінде индустриялық-инновациялық құрамдасының тұрақтылығы мен орнықты дамуын қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстанды әлемдік экономи­калық жүйеден оқшаулап тастауға жол бермеу үлкен роль атқарады. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр­ғандай, жаңғырту мен техноло­гия­лық және инновациялық жаңарту ғана әлеуметтік-эко­номикалық дамудың жоғары динамикасын сақтауды қамтамасыз ете алады. Осы тұрғыдан алғанда, ел Президенті  ұсынған «Қазақ­стан – 2050» стратегиясы, сондай-ақ «Қа­зақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдау қазақстандық рефор­малардың мазмұнын нақтылай түсіп, іргелі мағынаға ие болып отыр.
Әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру терең жаңғырту жүргізуді, ғылымды қажетсінетін экономика моделін жасауды, инвестициялар, ғылыми зерттеулер, еңбек өнімділігі деңгейін арттыруды, шағын және орта бизнесті дамытуды, халықтың өмір сүру сапасын арттыруды көздейді. Осы іргелі мақсатты іс жүзіне асырудың маңызды тетіктерінің бірі Қазақ-
с­тан экономикасының өңірлік және жаһандық экономикалық жүйелерге кірігуін тереңдету болып табылады. Ішкі және сыртқы саясат бағытының басымдық­та­рын айқындай отырып, Қазақстан басшылығы интеграция – уақыт талабы, ал одан бас тарту елді әлем­дік экономиканың ту сыртына ығыстырып тастайды деген пікірді негізге алды. Қазіргі әлемде бірлескен күш-жігер ғана ағым­дағы және әлеуеттік қауіп-қатер­лер мен сын-қатерлерге лайықты жауап беруге ықпал ете алады.
Қазақстан Республикасы сырт­қы саясатының 2014-2020 жылдарға арналған тұжырымда­масында негізгі мақсаттардың бірі ретінде «өңірлік және халықара­лық сауда-экономикалық қаты­настар жүйесіне одан әрі кірігу» белгіленген. Интеграцияны терең­дету жөніндегі стратегияның маңызы Қазақстан ғана емес, кірігу үдерісіне барлық қатысу­шылар үшін де объективті түрде арта түсіп отыр.
Бүгінгі таңдағы халықаралық қатынастар жүйесінде Орталық Азия елдерінің болашақта алатын орны өте маңызды және өзекті болып отыр. Өйткені, аймақ ел­дері­нің болашағы мен басымдық­тарын дамыту  дүниежүзінің, оның ішінде Азия аймағының тұрақтылығына байланысты. Аймақтық және халықаралық саясатта тең құқылы мемлекет болу үшін Орталық Азия елдері серіктестіктің, ынтымақ­тас­тық­тың, қауымдастықтың тиімді жолдарын таңдағаны дұрыс.
Сондықтан Қазақстанның Орталық Азия мемлекеттерімен саяси-экономикалық ынты­мақ­тас­тығы қалыптасуының даму жолдарын көрсету, бұл ынты­мақ­тастықтың қандай дәрежеде дамып отырғандығын, оның бола­шағы мен бағыттарын айқындауда Қазақстан мен Орталық Азия мемлекеттері арасында қол қойылған екі және көп тарапты саяси-құқықтық, нормативтік құжаттар аймақ елдерінің инте­-
г­рациялануға құлшыныс таныта­тындығын білдіреді. Осы орайда Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Жалпы аймақтық мүдделерді ескермей, тар ауқымда ұлттық мүдде­лерді ғана көздейтін ұлттық мем­лекет құру жолындағы кез кел­ген агрессиялық әрекет Ор­талық Азиядағы стратегиялық тепе-тендікті бұзады деген қағи­даны  біз, Орталық Азия елдерінің басшылары, күні бүгіннен бастап түсініп, сонымен жарақтануымыз керек…», – деген болатын.
Қазақстан Республикасында 2017 жылы «EXPO-2017» халы­қ­ара­лық көрмесінің өтуі де әлем­дік тарихта маңызды қадамдардың бірі болмақ. Бүкіл дүниежүзінің ең озық үлгідегі жетістіктері Еуразия жүрегі – Астанада тоғысып, еліміздің мәртебесі өсіп, жаңа белестерге көтерілетіні анық.

Жарылқасын ЖАППАСОВ,
Молдахмет МЫРЗАБЕКОВ,
әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ-дың доценттері.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір