«Орбұлақ – жүрегімде»

0
77 қаралды

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының «Туған жер» бағдарламасында айтылғандай, туған жерге сүйіспеншілік – туған тарихыңды терең білуден басталатыны баршаға аян. Кең байтақ Қазақ­стан­ның әр тауы мен өзені, сайы мен қыры – тұнып тұрған та­рих. Соған сай, сол өлкеде халқына пана бола білген, ел есін­де қалған біртуар перзенттер бар. Ал олар жайында жас ұрпақ­тың терең танып, білгені абзал. Осыған орай Орбұлақ шайқасындағы Ұлы Жеңістің 375 жылдығына және «Орбұлақ» қоғамдық, әдеби-танымдық газетіне 5 жыл толуына орай мектеп оқушылары арасында Алматы облыстық «Орбұлақ – жүрегімде» байқауы өтті. Мектеп оқушыларының шығар­машылық қабілеттерін шыңдау арқылы ұлттық, азаматтық, патриоттық сезімге баулу, Отанын сүю, құрметтеу, жас ұрпақ­қа рухани-адамгершілік тәрбие беру мақсатында ұйым­дастырылған байқау «Қазақстанның сакральді географиясы» бағ­дарламасы тізіміне енген Орбұлақ шайқасы болған орын мен Орбұлақ шайқасы қаһармандарын ұлықтады. Панфилов ауданы әкімдігі және «Орбұлақ» қоғамдық, әдеби-танымдық га­зетінің редакция алқасы ұйымдастырған байқауға Алматы об­лысының әр өңірінен келген 5-11-сынып оқушылары қ­а­тысты. Байқау төрт бағыт бойынша ұйымдастырылды:

1. Шығарма. Қатысушылар байқау күні берілген тақырып­қа шығарма жазады. Шығарма жазу­ға 3 сағат уақыт берілді. Оқу­­шы жұмысының мәтін-маз­­мұны мен негізгі ойға сәй­кес­тігі, тақырыптың толық ашылуы, баяндау жүйесі ес­ке­ріліп, сөздік қорының дең­гейі­не, сөйлем құрылысына, мә­тіннің стильдік біртектілігіне, ше­берлігіне назар аударылды;
2. Мүшәйра. Жас ақындар Ор­бұлақ шайқасы туралы, ба­тырлардың ерлігі туралы жаз­ған өз туындыларын сахнада орын­дады. Өлеңнің мағыналы, ұйқасы мен өлең жолдарындағы буын сандарының реттілігі көр­­кемдік-эстетикалық талап­қа сай болуы қажеттігі ескеріл­ді;
3. Бейнелеу өнері. Ерлік пен елдіктің шежірелі беттері, ба­тыр бабалардың Орбұлақ шай­қасындағы қаһармандық кө­ріністерін сурет арқылы бей­нелеуі керек; Екінші, еркін та­қырып (туған жер, тәуел­сіз­дік, Астана, ерлік, батырлық, ба­лалық шақ, мектеп, арман, дос­тық, т.б.). Бұл тапсырманы оқу­шылар байқау барысында орын­дады.
4. Сахналық көрініс. Ор­бұлақ шайқасындағы ерлік, ел­дік бейнесі сахнада көрініс табуы қажет.
Шығарма номинациясы бойын­ша бас жүлде – «Салқам Жәңгір батыр» атындағы сый­лық Тоқтарбай Жайнаға бұйыр­ды. 1-орын Ан­дасова Аружанға, 2-орын жүлдесі Сван­бай Алина мен Кеңес­бекұлы Мирасқа, 3-орын Ес­мұрат Сағыныш және Тоқтарова Ақерке, Дав­летяров Аянға бұйырды. Ар­найы жүл­демен Серік Аягөз; Байсуан Айсұлу; Жұманова Жұл­дыз; Нартбай Гүлназ мара­пат­­талды.
Мүшәйра номинациясы бойын­­ша Шапырашты Қарасай ба­тыр атындағы Бас жүлдені Ті­леухан Жансая; 1-орынды Асқар Алуа; 2-орынды Рахатқызы Зең­­гір және Сағи Сағат; 3-орынды Жұлдыз Керімбаева, Мұхаметқан Сіләм­хан, Нұрды­бек­ұлы Ерасыл ие­ленді. Арнайы жүл­демен Шмо­нина Анна; Оралбекова
Ди­л­ь­­­наз; Нұрлан­қызы Жұлдыз; Да­му Ұлас; Жол­ды­бай Алтай марапатталды.
Бейнелеу өнері ата­лы­мын­да Қазақстанның халық су­ретшісі Әбілхан Қастеев атын­дағы Бас жүлдені Айдар Дін­мұхамед; 1-орынды Бахтахунов Шахрух; 2-орын­ды Ка­харманова Малика мен Абдығали Аружан; 3-орынды Уа­литқан Нұрсұлтан, Нұрбекқызы Ақ­бо­та, Санина Виктория ие­лен­ді. Анайы жүлдемен Тұр­ған­бай Алихан; Аман­гелдинов Ар­ман; Қасенғазиев Ақжол; Ха­мет­жанов Тұр­лан марапат­талды.
Сахналық көрініс но­ми­нациясы бойынша Елтінді батыр атындағы Бас жүлдені Үлкен­шыған орта мектебі; бі­рінші орынды Кіші­шыған орта мектебі; 2-орынды Пенжім және Елтінді батыр атындағы орта мектептер; 3-орынды Ал­тынсарин атындағы орта мек­теп, Надек орта мектебі; Көктал орта мектебі иеленді. Арнайы жүлдемен Ават орта мектебі; Б.Назым атындағы орта мек­теп ұжымы марапат­талды.
Төрт түрлі бағытта өткен бай­қауға Алматы облысы бойын­ша екі жүзге жуық оқу­шы қатысты. «Ерекше дайын­дықпен қатысқан жас ұрпақ­тың бойында рухани өрлік бар, жалынды жігер бар!
Біз сол жігерді жанып, жас ұрпақ көзіндегі отты лау­лат­қымыз келеді. Отан тари­хын біл деп айтып қана қой­май, шығар­машылық жұ­­мыстар арқылы насихаттау – әрбір азаматтың борышы деп біле­мін», – дейді шараның ұйым­дас­тырушысы, ақын, «Ор­бұ­лақ» газетінің Бас ре­дак­­торы Ерғазы Ма­напұлы.

Гүлім Сыдықова.

Пікір қосу

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.