«Ағайындарға араша сұраймын!»
22.09.2017
13707
75

Әлемдік ақпарат құралдары соңғы кездері Түркиядағы саяси жағдайлардың тым күрделеніп бара жатқанын жиі жазуда. Түбі бір түркі елдері үшін кейбір мәселелерде оның кері әсері де болмай қалып жатқан жоқ. Осы орайда, ҚР ҰҒА академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, халықаралық әл-Хорезми сыйлығының лауреаты, белгілі қоғам қайраткері Асқар ЖҰМАДІЛДАЕВ еліміздегі бұрынғы қазақ-түрік лицейлері, бүгінгі «Білім» инновациялық мектептері мен халықаралық қазақ-түрік университеттерінде еңбек етіп жүрген түрік ұстаздарының болашақ тағдырына алаңдаушылық білдіруде. Себебі, 20-25 жылдан бері Қазақ топырағында тұрып, білім беріп келе жатқан ұстаздар мәжбүрлі түрде еліне қайтару қарсаңында тұр. Ал ол мамандардың еліне оралғанда, алдынан не күтіп тұрғанын ойласаңыз, құйқа теріңіз шымырлайды.

– Асқар аға, қазақ-түрік ли­цей­л­ері жайлы пікіріңізді білеміз. Қа­зақ­станда екі мектеп болса, соның бірі – қазақ-түрік лицейлері деп баға­ла­ған едіңіз. Осы лицейлердің мұға­лім­деріне қатысты соңғы кездері алып-қашпа әңгімелер көп. Дәл қа­зіргі уақытта Қазақстан тарапы осы жағдайға байланысты қандай әрекет етуі керек?
– Біздің отырған жеріміз Сү­лей­мен Демирел университеті деп ата­лады. Бұл – 1996 жылы ашыл­ған. Мен университетке 2005 жылдары кел­дім. Сол кезде елуден астам тү­рік ұстазы болатын. Қазір осы­лар­дың 20-30-ы ғана қалды. Қал­ғанының барлығы саяси жағ­дайға бай­ланысты жан-жаққа кетіп қал­ды. Бұл менің жүрегімді ауыртады. Менің түрік ағайын­дармен жұмыс істегеніме талай жыл болды. Олар­дан бір жаман­шылық көр­генім жоқ, жаман пи­ғылын да сезгенім жоқ. Біз сөйлес­кенде мұғалімдердің барлығымен математика, физика жайлы сөйлестік. Бір рет болсын не дін жайында, не саясат жайлы сөй­лескеніміз жоқ. Мен бұлардан тек қана пайда көрдім. Ақылды, па­расатты, еңбекқор жігіттер. Соң­ғы кезде бұларды «гүленші» деп айтып жүр. Сосын мен Гүлен де­ген кім екен деп, интернетті қа­рап көрдім. Сонда мынаны байқа­дым. Күні кеше елімізде Ислам ын­тымақ­тастығы ұйымының ғы­лым және технологиялар жөніндегі бірінші саммиті өтті. Бүкіл ислам әле­мінің бірінші басшылығы Қа­зақстанға келіп, оны Елбасы қа­был­дап, арнайы сөз сөйледі. Елба­сы өз сөзінде ислам әлемін ғылым мен технологияны терең игеруге, озық елдер қатарына ұмтылуға шақырды. Міне, мен осы бағытты қос қолдап қолдаймын. Әлгі Гүлен ақ­сақалдың пікірі де осыған саяды. Ол не дейді? «Исламның өркениет­ке қосқан үлесі зор. Ол белгілі. Ал­­­гебра, медицина, оптика ислам әле­мінен шықты. Мұның бәрі қан­ша жыл бұрын болған. Неге осы күні мұсылманның баласы тех­нологиялық жаңалық аша ал­майды? Неге жаратылыстану са­ла­сында жетістікке жете алмайды? Біз діни схоластикадан бойымызды аулақ ұстап, физиканы, матема­ти­каны оқытуымыз керек». Осы пі­кір­лерден қазаққа, біздің білім алып жатқан ұрпаққа тиер зиянын көріп тұрсыз ба? Бұл туралы мәсе­ле­ні кеше Елбасының өзі де, Өз­бек­стан Президенті Мирзиёев те айтты.
Осында жүрген түрік жігіттерге ке­летін болсақ, мен олардан тек қа­на жақсы әңгіме, жақсы ұмты­лыс, жақсы көмек көрдім. Әсіресе, біз­дің балаларға арналған.
«Қазақстанда екі мықты мек­теп болатын болса, оның бірі – физ­мат, екіншісі – қазақ-түрік ли­цейі» деген пікірді бүгін де қай­талап айтамын. Жыл сайын дү­ние­жүзілік олимпиадалар өтеді. Фи­зика, математика, химия, био­­ло­гия, бағдарламалау саласы бойынша жыл сайын әр мемлекеттен 5-6 адам­­нан қатысады. Әлемдік дең­гей­дегі халықаралық олимпиада ол өте жоғары деңгей. Мен он бес жыл болды, сол олимпиаданың тө­рағасы болып келем. Сонда ме­нің байқағаным, негізінен жыл сайын КТЛ мен физмат оқушы­ла­ры жеңімпаз болады. Негізінен, ұта­тын осы екі мектеп. ТМД ел­де­рін алып қарасақ, олимпиададан бі­рінші орында орыстар, екінші орын­да украин, содан соң Қазақ­стан. Түркі тілдес мемлекеттер ішін­де Қазақстан бірінші орында. Бір таңданарлығы, кейде Түркия біз­ден кейін қалып тұрады.
– Бұл қызық дерек екен. Неге деп ойлайсыз?
– Менің ойымша, түрік аға­йын­­дар біздің елде жақсы жетіс­тік­ке жетеді. Өйткені, ол біздің бауыр­малшылдығымыздың көрі­нісі. Біздің балалардың ақыл­ды­лы­ғы. Екіншіден, түріктің біздің ба­лаларға деген көзқарасының дұрыстығы. Түріктің менеджменті мен іскерлігі ұнайды. Көп адам бұ­лар­ды саудада жүрді деп айтады. Он­дайлар да бар, бірақ оларда не­гізінен ғалымдар мықты. Көбі шет­те жүр. Мұғалімдері, педаго­ги­касы мықты. Бір риза болатыным, көп­теген қазақтың ғалым жігіт­терінің жұмыс істеуіне жағдай жа­сады. Тағы екі-үш жігітті мы­сал­ға келтірейін, Астанада Муамер Гүл деген жігіт бар. Бұрын Ақтө­беде істеген. Жүрген жерінде ылғи жеңімпаздар шығарып жүрді. Гар­вардқа түскен бірінші қазақ – осы Муамер Гүлдің оқушысы. Бүкіл ғылыми байқауларда ұтқандар осы Муамер Гүлдің балалары. Мен ке­зінде айтып едім, егер Ақтөбенің әкі­мі «Құрметті азамат» атағын бере­тін болса, бірінші осы Муамер Гүл­ге беру керек. Өйткені, оның Ақ­төбе өңіріне сіңірген еңбегі ере­сен.
Тағы да Байрам Кенже дейтін био­лог азамат бар. Ол да қазір мәж­бүрліктен шетелге кетіпті. Био­логиядан шыққан жеңімпаз­дар­дың барлығын сол дайындады. Ал Фатих Шахин деген математик қаншама жеңімпаздар шығарды. Исмайл Гезен деген информатика пәнінің мықты мұғалімі бар. Сонда ойлап қарасаңыз, бұлардың бар­лығы математик, физик, биолог, программист мамандар. Осы жігіттер Қазақстанға 90 жылдары келді. 20-23 жастағы жас жігіттер ғой. Айтпақшы, осылардың жар­тысы Қазақстанда оқыған. 1993-95 жылдары Түркиядан көп сту­дент­тер келген осында. Солардың бі­разы Қазақстанда оқыды. Кейбірі елде қалды, кейбірі қайтып кетті. Мен білетін 23 жігіттің, Құдай бі­ле­ді, жартысы Қазақстанда оқы­ған. Қазақшасы керемет. Бұлардың құжаты бөлек демесеңіз, қазаққа сіңіп кеткен. Олардың бала-ша­ғасы да осында, қазақша жақсы сөй­лейді. Кезінде Қазақстанға не­містер, гректер, шешендер, ук­раиндер, кәрістер, ұйғырлар түрлі жағдайлармен жер ауып келді ғой. Соның бәрін қазақтар бауырына басты. Ал енді қазір айналдырған 20-30 түрік бауырымыз бар екен, не­ге соған қазақ арашашы бола ал­майды?.. Жалпы, адами тұрғы­дан да келгенде де біздің толық құқы­мыз бар. Түрік өкіметінің өтінішіне Елбасы өте көрегендік танытты. Қай­сыбір елдер секілді лицейлер­дің тамырына балта шапсақ, елді­гі­мізге сын болар еді. Енді сол ли­цей­лерде білім беріп жүрген түрік бауырларға араша болмасақ, еліне оралған соң олардың болашақ тағдыры қалай болады? Босқындар келсе, «үй бер, квота бер» деп сұ­рай­ды ғой. Бұлар ештеңе сұрап отыр­ған жоқ. Тек қана визасын ұзар­туға созуға қолұшын берсек… Олар­дың Қазақстанда тұрғанына 20-25 жыл болды. Жыл сайын ұзар­тылатын визаны биылдан бас­тап тоқта­тыпты. Еліне барса, түр­меге қа­май­ды. Менің білетінім – бұлар­дың саясатқа, дінге қатысы жоқ. Керісінше, өз ішіміздегі түрлі діни секталарды тыйып алсақ та жетер еді.
– Кешегі жиында Ердоған ғы­лым­ға, білімге көңіл бөлуіміз керек деп сөз сөйледі. Бүгінгі Түркиядағы жағ­дай, оның ішінде мұғалімдердің сот­талуы, ұстаздық ету лицензия­сынан айырылуы, жүздеген жара­ты­лыстану бағытындағы лицейлер­дің, ЖОО жабылуы, сонымен қатар Түркияда ғана емес, шетелдерде, со­ның ішінде ислам елдеріндегі тү­рік мектептерінің жабылуын қалай түсінуге болады? Сөз бен істің қай­шылығының көрінісі емес пе?
– Қарама-қайшылық бар, бі­рақ мен бұл тақырыпты қозғағым келіп тұрған жоқ. Өйткені, мен Ер­доған мырзаны құрметтеймін. Біз­дің бауырлас елдің басшысы. Екі елдің экономикалық өсуіне ол кісінің бірталай еңбегі сіңді. Бірақ Фетхуллах Гүлен мен Ердоғанның ара­сындағы кикілжің – түріктердің өз арасындағы мәселе. Саясат­кер­лердің арасында ондай кикілжіңдер болады. «Мәңгілік достық» деген жоқ, мүдделер ғана болады. Тарих­та Ербақан деген кісі болған. Ер­бақан алғаш Қазақстанға келгенде қар­сы алғандардың ішінде мен де болғам. Сол кезде 30-40 адаммен осын­да келіп, банк ашайық, биз­нес жасайық деді. Сол кездері Ер­доған Ербақанның жанында жүр­ді, сол кісінің шәкірті екен. Ал қа­зір ше? Саясаткерлер біресе араз­дасады, біресе татуласады. Одан қарапайым халық жапа шек­пеу керек қой.
Түркияның талай президен­ті­мен қол алыстым, бірақ табақтас бол­дым деп айта алмаймын. Тұр­ғыт Өзал келді, Сүлеймен Демирел кел­ді. Елдік мәселеде тәуір әңгі­ме­лер айтатын. Демирелдің есімін осы университетке беруде үлкен қол­дау жасаған – Перзидент Нұрсұлтан Әбішұлы.
Мен түріктің саясаты туралы әң­гіме айтқым келмейді, оның маған кере­гі жоқ. Қазақ топырағында кім жүр­ген жоқ, америкалық та, фран­цуз да, неміс те, қытай да, шүршіт те жүр. Неге осылай қызмет қыл­май­ды? Қазір студенттер арасында ең танымалы — СДУ. Неге біз осы­ны мойындамаймыз?
Барлық жағынан да, адами тұр­ғыдан да біз түрік бауырларға ара­ша түсуіміз керек. Әсіресе, ме­нің Елбасыға айтар өтінішім бар. Елбасының сарабдал саясаткер, үлкен дипломат, маманданған сая­саттың гроссмейстері екендігін жұрт­тың бәрі мойындайды. Талай қыр­қысқан Ердоған мен Путинді де татуластырды. Сондықтан елі­міз­дегі білім ордаларында қызмет етіп жүрген оқытушылардың тағ­ды­рына сәуле түсіретін жалғыз тұлға – Елбасы!
Бұл мұғалімдердің бәрі мықты ма­мандар. Меніңше, прагма­ти­ка­лық тұрғыдан келетін болсаңыз да, олардың жүргені бізге пайдалы. Кезінде ойдан-қырдан қашқанның бәрі осында келді ғой. Жөйт те, кә­ріс те, соның бәріне біздің ел па­на болды. Ортасында қанша жыл­дан бері жүрмін, түрік мұға­лімдер ешкімге «таза тақуа бол, дін ұстан» деп жатқан жоқ. Ал сол мұ­ғалімдерді біз жіберсек, олар өзге шетелге барып босқын болады, өз елі түрмеге қамайды. Қазақ зиялы­ларын «жапон тыңшысы» деп қу­да­лады ғой. Олардың біреуі жа­понды көрмеуі мүмкін. Олардың айы­бы – жапонды үлгі тұтуға болады деп мақтаған. Бұлардың тірлігі со­ған ұқсас. О заман келмеске кет­ті ғой, ал осындай заманда ағар­тушыны, ұстазды қудалау деген миыма сияр емес. Қаншама ғы­лыми жоба жарысы жүзеге асуда, ал ұстазынан көз жазған шәкірттің күйі не болады? Еліміздегі үштіл­ділік жобасының жемісі де сол лицейлер.
– «Қазақ Елі өз Тәуелсіздігін жа­риялағанда, бір сағатқа жетпей ал­ғаш дербестігімізді мойындаған – Түркия» деп жиі айтамыз. Ол рас та. Бірақ Түркия басшысының ли­цейлерге байланысты біздің билік баспалдақтарына айтқан өтініштері дөрекілеу көрінбей ме?
– Мәселе сонда. Оған біздің Ел­­­басымыз асқан парасаттылық та­нытты. Мектептер қалды, бірақ мамандардың да тағдырына нем­құрайды қарамауымыз керек қой. «Дүние – кезек» дейді. Кезінде Қа­зақстан алғаш Тәуелсіздігін жария­лағанда, Түркия бізге үлкен кө­мек көрсетті. 93 жылдардағы жылуы мен жарығы жоқ Қазақ­стан­ды білетін шығарсыз. Қиын-қыс­тау кезеңде келіп, бұлар қазақ балаларына білім бере бастады. Ен­ді түрік бауырлардың басына күн туып тұр. Адамгершілік пен туыс­қандыққа салсақ кезек – Қа­зақтікі…
— Сұхбатыңызға рахмет!

Әңгімелескен
Бауыржан СЕРІКҰЛЫ.

ПІКІРЛЕР75
. 22.09.2017 | 11:44

Өте дұрыс айтылған. Ердоған профессорларға қырғидай тиіп жатыр. Бауырларға қазақ қол ұшын беру керек.

Еркін 22.09.2017 | 11:56

Асқар мырза керемет қорытындылап беріпті.

Құдайберді 22.09.2017 | 12:54

Өте жақсы айтыпты. Қолдаймын. Ағартушыларды лаңкес деп қудалау дұрыс адамның ісі емес.

Əділжан 22.09.2017 | 13:13

Асқар аға қосыламын!

Ықылас 22.09.2017 | 13:48

Ой-пікіріңіз өте дұрыс, әрі орынды! Жақсы айттыңыз Асқар аға!

Юеке 22.09.2017 | 14:11

Білім деген ең үлкен инвестиция емес пе.

Еласқар 22.09.2017 | 14:40

Тамаша

zhanat 22.09.2017 | 15:11

Қолында билігі бар ағалар! Журналистің де, саясаткердің де, енді, міне, ғалым ағамыздың да пікірлерін оқып отырсыздар. Бұл мәселені бір жағына шығарар кез жетті. «Досыңа достық — қарыз іс» деген Хакім Абай. …кезек-Қазақтікі!

Павлодарлық 22.09.2017 | 15:22

Асқар аға, нағыз көрегендік. Қазіргі кезде жақсыны жақсы деп айталмайтын қаншама адам бар. Алла сізге ұзақ ғұмыр берсін!

баке 22.09.2017 | 15:32

Аскар ага оте жаксы жазыпты

Гульнара 22.09.2017 | 17:16

Өте керемет . Бар шындықты жазып отырсыз. Именно 90 жылдары, қиын уақытқа карамастан, бауырларымыз бізге келіп, кол ұшын беріп, мектептер ашып, біздің ұрпағымызға білім, тәрбие берді. Сол уакыттағы біраз оқушылар , ұстаздарының ізін қуып, казір лицейлерде мұғалім , директор болып кейінгі ұрпаққа білім, тәрбие беріп жатыр. Енді карап отырсак, түркиядан келген бауырларымыз -ұстаздарымыз ешкімге керек емес сиакты болып калды. Жазықсыз бұл азаматтарды, басқа елге жіберіп алдық. Енді кейін елімізге қайтару мəселесін шешу керек

Ақерке 22.09.2017 | 18:21

Тамаша жауап, жақсы ұсыныс, қолдаймын Асқар ағаны.

Ардақ 22.09.2017 | 18:36

Жақсы айтылған. Ертерек мəселені шешу керек деп ойлаймын. Қанша адамның обалына қалып жатыр(

Kausar 22.09.2017 | 18:54

Осы уақытқа дейін Қазақ-түрік лицейлері өзінің жетістіктері, оқушыларының жетістіктерімен ғана айтылуда еді. Осы саяси мəселелерге байланысты айтылуы өкінішті. Бұл жердегі мұғалімдерді саяси мəселерге қатыстырып, оларды лаңкес деп кудалаудың өзі оқушыларды қатты ренжіту де. Қол ұшын беру кезегі енді бізде.

К.Е.Е. 22.09.2017 | 19:04

Қазақтың осы Асқар ағалардай дұрысқа дұрыс пен, бұрысқа бұрыс дей алатын тұлғаларының болғанына шүкір.
Алла қуат берсін!

Алматылықтар 22.09.2017 | 19:08

Дұрыс айтасыз ағай! Барша түрік мұғалімдерді қорғап, қолдайық. Олардың елімізге сіңірген еңбегі зор.

Damir 22.09.2017 | 19:13

Keremet jetkizipti!

Гулжанат 22.09.2017 | 19:59

Бул хат елбасына шынымен жетсе, биздн барлык турик бауырларымызды елге кайтарады деп ойлаймын, ойткены елбасымыздын билимге деген козкарасы озгеше. Аллам жар болсын!

Era 22.09.2017 | 20:11

Alladan kaytsin Askar aga. Kopwiliktin kokeinde jurgen maseleni Sizdei agamizdin koldau tapkani, rasimende windikka janasadi dep oilaimin. Kop rahmet Sizge!
Koldau korseteik agayin!

Нұрдəулет 22.09.2017 | 20:28

Ассалаумағалейкум халайық! Асқар Ағамыз мəселені өте жақсы қозғапты. Білім келешек ұрпақтың қазынасы, болашақ елдің ұландарының тірегі болмақ! Түріктерді өзім жақсы танимын, жақсы азаматтар! Ағамды толық қолдаймын, түрік елшілігінің виза бермеуі барып тұрған опасыздық. Біліммен саясатты бір бірімен араластырмау керек, бейбақ жандардың бұған еш қатысы жоқ. Ердоған мырзаның əр келгенде Елбасына бұлай айтуы ұят нəрсе: біріншіден біз тəуелсіз елміз. Екіншіден біздің елдігімізге сын. Үшіншіден ол азаматтардан жаманшылық көрмедік, тек еліміз үшін еңбек етті, ұл-қыздарымызды тəрбиеледі, ешқандай терроризм алып келген жоқ.
Ағамды толық қолдаймын! Түрік азаматтарына араша түсіп, виза мəселесін шешіп, кезінде барлық ұлттарға бауырмашылдық танытқанымыздай тағы да бір рет қазақ екендігімізді көрсетіп бауырлас елдің азаматтарына бауырмашылдығымызды көрсетуіміз керек!!!

Maira 22.09.2017 | 20:28

Асқар ағайдың сөздерімен толықтай келісемін. Дұрыс айтады, білім жолында аянбай еңбек етіп жүрген түрік ағайындарға араша болуымыз керек.

Нурбакыт 22.09.2017 | 20:33

Оте орынды айтылган адамдарды жасаган исинен багалау керек турик мугалимдер 1992 ден бастап аянбай енбек етип келеди

Гулназ апай 22.09.2017 | 20:41

Асқар мырза айтқандай түрік азаматтарына неге араша түсе алмай отырмыз. Мен Муаммер Гүл мен Исмаил Гесенмен бірнеше жыл жұмыс жасап келемін. Бұл жəне басқа да түрік азаматтары десе, тек қана мейірім, жылы сезімдерді бірден сезінесіңі. Бұл аааматтар өз ісіне берілген, балалармен, ата аналармен ерекше қарым-қатынаста жұмыс жасайды. Оқушымен жұмыста уақытын да, жігерін де аямайтын жандар. Олимпиада жетістіктердің түбінде осы факторлар жатыр. Өзге əріптестерге өткенде осыны айттым. Талай білікті де білімді мұғалімдер бар. Бірақ осындай жетістікке неге жете алмайды? Міне, оның жолы — балаға деген ерекше қарым қатынас.
Қалайша осындай адамдардарды саясаттың құрбаны қылып отырмақпыз? Бұл адамдардың тағдыры қазір біздің мемлекеттің қолында отыр. Қазақ балалары мен елімізге сіңірген еңбегі үшін неге азаматтық бермеске. Қазақ балалары дегеннің ар жағында үлкен мəн жатыр. Осы лицейді бітірген балалардың ерекшелігі білімі мен қатар тəрбиелілігінде. Қай ата ана, қай бала теріс пікір білдірді екен? Керісінше мақтан тұтады лицейді. Қазіргі таңда лицейлерде мұғалімдердің денін сол лицейді бітірген қазақ мұғалімдері құрайды. Бір ақ мысал, қай жерде қазақтың жігіттері мұғалімдікті таңдап жатыр? Бұл фактор да жай нəрсе емес. Ал осы мұғалім жігіттердің білімі, жаңашылдығы есепке алынып отыр ма екен, тура осы мəселеде. Бұл да түрік азаматтарының еңбегі. Өзі сияқты ізбасар тəрбиелеу көрегендіктің белгісі емес пе? Олар да бала үшін уақытын да, жанын да аямайды.
Түрік азаматтардың жағдайы біздерді қатты алаңдатады. тіпті түрік деп бөліп айту біз үшін жат нəрсе.
Ельасының соңғы сөзі көңілімізге үміт ұялатып отыр. Елбасы сөзін жерге тастамай, бұл азаматтарға ара түсетініне сенімдіміз.

Асем 22.09.2017 | 20:43

Өте дұрыс айтылған! Біздің еліміздің болашағы үшін шынайы,адал еңбек етіп жатқан түрік ұстаздарға қолдау көрсету- адамдық парызымыз!

Nureke 22.09.2017 | 20:58

Керемет!

Сунгат 22.09.2017 | 21:04

Ғалым кісінің осындай пікір білдіруі мəселенің нақты шешімге келуі керек екенінің дəлелі. Асқар аға, сізді қолдаймыз

Аян 22.09.2017 | 21:10

Аскар агамен келисем

Зада 22.09.2017 | 21:11

Мен Астана каласында устаз болып жумыс жасаймын.Аскар агайдын айткандарына толык келисемин.Аты аталган мугалимдермен он жылдын колеминде жумыс аткарып келемин.осы он жылдын ишинде ол кисилердин казак балаларына берген билимдери ушан тениз.Осындай терен билим берип отырган мугалимдеримизге айтылган жалган создерден адамнын жаны куйзеледи екен.Елбасымызга рахмет колдау корсеткенине.Бизде ол кисилерге колдау корсетуден еш шаршамаймыз.Ерен енбектериниз ари карай оркендей берсин демекпин.

Гасыр 22.09.2017 | 21:15

Қолдаймын

Абылай 22.09.2017 | 21:16

Ағамыздың айтқандарымен толықтай келісемін, Эрдоғанды да, Гюленді де әжептеуір зерттеп, оқып көрдім, тіпті Түркия елінде оқып та келдім. Сондағы менің түйгенім: Бұл жатқан саясат, іші тола өтірік, жалған ақпарат, халықты алдау. Неге? Себебі бұл түрік басшысы мен дінтанушы ақсақалдың қазіргі қазақ қоғамына мүлдем қатысы жоқ, мұнда жүрген түрік мұғалімдеріне келіп кетер пайдасы да жоқ. Бұл кісілерге араша болу керек. Ғылым саласының қаймақтарын қолымызда ұстап қала алмасақ, онда қазақтың бармағын тістегені сол болар.

Гульмирп 22.09.2017 | 21:18

Менің ұлым ктл бітірген, ұлты түрік мұғалімдер туралы бір жаман сөз айталмаймын, тек қана алғыс білдіремын!🙏🏻

Ел Аға 22.09.2017 | 21:29

Өте жақсы пікір білдірген Асқар аға. Ең алғаш тауелсіздігімізді қабылдаған Туркия мемлекеті еді.Қиын қыстау кезде қол ұшын беріп еліміздің жастарын білім суымен сусындыруға келген ұстаздар, бұл күнде үлкен жетістіктерге жетті.Еліміздің де жетістікке жетуіне үлкен үлестерін қосты.90 жылдардан бер бізге көмек беріп, өз үлестерін қосып келе жатқан ұзтаздарды кінəлі санау менімше біраз ақылға қонымсыз деп ойлаймын.Асқар ағамыз айтқанындай бұл ұстаздарымызды қорғау көмек қолын созыу енді қазақтікі…..

Дархан 22.09.2017 | 21:34

Аскар ага коп жасаныз. Курметти ел агалары. Мындаган кытай емес айналдырган 40-50 Адам араша сураганы. отинемиз.

Керім 22.09.2017 | 21:47

Өте тамаша Асқар ағайдай азаматтар көбейе берсін. Мемлекетті құртудың ең тез жолы — мұғалімдер мен зиялыларды қудалау деп ойлаймын. Совет үкіметі кезіндегі қазақтарды сол жолмен құртқан. Ендігісі қазіргі заманда сол қудалау болып жатқан сияқты. Қай ұлт болса да, еліміздің болашақ ұрпақтары білімді болуына үлес қосқандар ғой!

Сара апа 22.09.2017 | 21:53

Мен ұстаз ретінде емес есепші маман ретінде пікірімді айтсам.Соңғы 10 жыл түрік компанияда жасадым.Олар жақсы қурылыс мамандар Қазақстанда сәулетті
үйлер бизнес орталықтарын т.б.салып көрсетті.сол 90.2000 жылдары.кəзір сол білікті мамандар қайда? Бірігіп жасасақ жақсы болар еді.еліміз одан сайын көркейеді ғой

Aigerim 22.09.2017 | 21:55

Аскар агамыз елимиз жер асты байлыгымен гана емес, жер устиндеги байлыгымыз бар (билимди балаларымыз). Енди осы балаларды алемдик додаларды багындыру ушин жетекшилик жасаган турк бауырлас устаздарга жардем керек-ак.

Роман 22.09.2017 | 22:02

Раxмет алғысымыз шексіз

Елдос 22.09.2017 | 22:10

Тамаша жауап

aydidar 22.09.2017 | 22:36

Handay keremet sizge hosilamin.

Женисбек 22.09.2017 | 22:49

Егер 25 жылда сол билим ордасында бирде бир ел саткыны шыкпаса ,талай жас устаздарды дайындауга тырысып жатса неге колдамайык, окып жаткан оз балаларымыз емес па

Жанара 22.09.2017 | 22:53

Асқар ага өте дұрыс айтады. Турик лицейлеринен ешқашан жамандық көрген емеспиз, алдарына барсаң туған бауырындай қарсы алады, өте билимди мугалимдер.Осы турик мугалимдеримиздин арқасында оқушыларымыз жоғарғы билимди алуда. Рахмет турик агайындарымызга

Constant 22.09.2017 | 23:01

Асқар аға, сізге қосыламын. Бізге қиын кезде көмек қолын созды, енді кезек бізде.

Такк 22.09.2017 | 23:04

Оте дурыс, керемет

Қуат 22.09.2017 | 23:20

Қосыламын

Ерлан 22.09.2017 | 23:26

Өте жақсы айтты, жасыңыз ұзақ болсын.

Дана 22.09.2017 | 23:35

Нағыз көзі ашық,көкірегі ояу адамның сұxбаты. Алып қосатын ешнәрсе жоқ. Жарайсыз Асқар аға! Көщіме жас үйрілді(((

Жасур 22.09.2017 | 23:53

Аскар ага керемет айтыпты. Колдаймын.

Қуаныш 23.09.2017 | 00:22

Асқар аға көп жасаңыз, тарихта алтын əріппен жазылып қалатын Түрік ағайындарымыздың сонау қиын заманда Қазақ еліне келіп Ыбырай атамыздың жолын жалғастырған жас мұғалімдерге қолдау көрсетіп жатырсыз.
Ағайындар, жан айқайыммен айтамын, менің де отансүйгіштік тəрбие алуыма себепші болған осы Түрік ағайындар еді. Елбасымазға алғысым шексіз, қолдау көрсетіп жатқан.
Құрметті Елбасы, өтініп сұраймын, көмегіңізді еш аямай қолдау көрсетіп, қыршындай кінəсіз ұстаздарға қол ұшын беріп аман алып қалыңызшы, Сіздің парасатты түрде қабылдаған шешіміңіз көп нəрсеге себепші болады, əсіресе білімді, тəрбиелі ұрпақ қалыптасуына.
«Білімді ұрпақ-кемел болашақ» -деп айтқан да Өзіңіз едіңіз.

Дана 23.09.2017 | 00:25

Оте керемет жазыпты, колдаймын, озим казак турик лицейнде окыдым 11 класска дейн дин туралы бир мугалим бир адам ондай маселени козгаган емес

Елмұра 23.09.2017 | 00:46

Бұл мәселеге саясаткер ретінде емес, дәл осылай ғалым ретінде, ғалымның пайымымен қараған дұрыс ! Мен, ата-ана ретінде мемлекетіміздің өсіп-өркендеу барысында білім саласында осындай табысқа қол жеткізуге адал еңбектерімен , тәрбие берудегі ерекше методикасымен , терең біліктіліктерімен талай жарыстарда жоғарғы көрсеткіщтерге қол жеткізіп жүрген ұстаздарымыздан айырылсақ өте көп нәрсе жоғалтамыз деп сеніммен айта аламын ! Баламыз бес жыл оқу барысында талай ата-анамен, ұстаздармен, балаларымыздың сыныптастарымен етене араласып жүргенде ешқашан не баларымыздың бойынан , не ұстаздарымыздың , түрік ағайындарымыздың бойынан ешқандай жат әрекет байқаған емеспіз. Балаларымыздың осындай оқу ордасынан білім алғанын МАҚТАН ТҰТАМЫЗ ! Ендеше еш түсіне алар емеспіз , осындай саяси «ойынның авторының» көздегені не екен ??? БІЗДІҢ ҚАРАКӨЗДЕРІМІЗДІҢ БІЛІМДІ БОЛУЫ, КӨШТЕН ОЗУЫ КІМДЕРГЕ ҰНАМАЙ ЖАТЫР ??? ЕЛБАСЫМЫЗДЫҢ ЕЛ-ЖҰРТТЫҢ АЛДЫНДА АЙТҚАНЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ ЕЛІМІЗДЕ ЖҮРГЕН, СЫРТҚА КЕТІП, ОРАЛА АЛМАЙ ЖҮРГЕН ТҮРІК ҰСТАЗДАРЫМЫЗДЫҢ АРЫ ҚАРАЙ ҚЫЗМЕТТЕРІН ЖАЛҒАСТЫРУЫМЕН АЯҚТАЛАТЫНЫНАН ҮМІТІМІЗДІ ҮЗБЕЙІК !

Жаңабай ата 23.09.2017 | 01:06

БІЗДІҢ ҚАРАКӨЗДЕРІМІЗДІҢ БІЛІМДІ БОЛУЫ, КӨШТЕН ОЗУЫ КІМДЕРГЕ ҰНАМАЙ ЖАТЫР ???
Осы пікірді жазып отырған ата-ананың айтқаны көптен бері менің де мазамды алып жүр еді… Мұндай дұшпандық көзқарас лицейлерді жағалағалы екі-үш жылдың маңайы болды. Менің де немерем, біраз туыс-таныстарымның балалары білім алып жатқан лицейлердің кезкелгеніне, қай уақытта барсаң да бірқалыпты жағдайға тап боласың. » Біз осындаймыз » , біз кереметпіз» деп ұрандап жатқан ешкімді көрмейсің. Ешкімнің назарын аударуын , ешкімнің мақтап-мадақтауын қажет етпей , әлемге жар салмай баратын жеріне тып-тыңыш барып, алатын АЛТЫНДАРЫН алып , оқуларын ары қарай жалғастырып кете барады. Мектептің ұстаздары балалармен қатар кісідей тең дәрежеде барлық ойларын ашық айтып, бір үйдің баласындай ұстайды өздерін ! Нәтижесін естіп,көріп отырмыз !
Ия, соңғы кездегі мазасыздығымыздың аяғы түрік ұстаздарымызды елден аластатуымен жалғасуының аяғы үлкеен қателіктерге ұласып кетпесе екен . Ел басымыздың парасатты шешімі тездетіп іске асса екен ! Араша сұрайық ел болып , араша !!!

Выпускник КТЛ, 2006 год. 23.09.2017 | 02:01

Мои ассоциации с КТЛ:
— Дружба;
— Качественное образование;
— Сильный преподавательский состав;
— Весёлые школьные годы;
— Патриотизм;
— Воспитание;
— Спорт;
— и т.д.
* (исключительно позитивные ассоциации и эмоции).
Выпускник КТЛ, 2006 год.

Банура 23.09.2017 | 02:05

Ланкес деп карауы акылга сыймайды арине. Кеше гана Рохинджа мусылмандарын айюандыкпен кудалаганын корип отырып, Ердоган мырза неужели оз бауырларына кысым жасайды???

Асет 23.09.2017 | 02:20

Дурыс. Колдайык.

Жаксыбек А 23.09.2017 | 06:01

Оте дурыс айтылган. Соншама бизге комектескен кисилерге кол ушын беруимиз парыз.

Светик 23.09.2017 | 08:56

Лицейлерде білім беріп жатқан түрік бауырларымызға алғысымыз шексіз. қандай қиын уақытта мектеп ашуға септігін тигізді, сол кісілердің берген білімінің арқасында түлектеріміз жақсы білім алып жақсы жетістіктерге қол жеткізуде. Білім мен тəрбие мемлекетіміздің стандартына сай жүргізіледі, ешқандай жаманшылығы, титтей де арам ойы болмаған жарқын жүзді бауырларымызды кінəлаудан аулақ болғанымыз абзал.

Эльмира 23.09.2017 | 10:21

Асқар аға, керемет айттыңыз. Толық қосыламын. Шынында қазақ кімге құшағын ашпады. Ешкімді кеудесінен теппеді. Қандай жақсылығың өтіп еді бізге демеді. Ал енді қаншама жақсылық істеген бауырларымызды қорғап қалу біздің міндетіміз деп білу керек.

Алмас 23.09.2017 | 11:03

Өте керемет. Бар шындықты айтты. Қолдаймын

Абзал 23.09.2017 | 11:05

Керемет жазылган екен

Математик 23.09.2017 | 11:18

👍 3 года мне лично преподавал в университете, сильный агай и всегда подчеркивал и с гордостью говорил про образование в СДУ и КТЛ в общем. На 20ти летие университета он был ключевой фигурой между двумя странами в сфере образования. На одной из лекциях как то одногруппник задал вопрос: «Почему такой крутой, всеми востребованный профессор-академик работает в Казахстане, если его ждут почти в любой другой стране за существенно большую зарплату и статус, при этом владея высоким уровнем английского языка?» И второй вопрос:»Тогда почему именно СДУ, который находится в Каскелене, с пробками итд?»
Ответ был прост:»Во-первых, я патриот своей страны и это мой долг поделиться знаниями с казахским народом, а СДУ почему, так как здесь, во-первых, понятие коррупции нет, люди простые и открытые и главная цель руководства выпустить профессионалов своего дела и патриотов своей страны, что успешно доказывают это каждый год

Алматылык 23.09.2017 | 11:46

Созиниздин жаны бар,Аскар Ага!
Агайын Турик халкынын Казак елине,асиресе билим жуйесине коскан улестери оте мол!
Ал енди сол мугалимдердин бурыс истери,ниеттери болганда,казыргы уакытта окушыларымыздын жетистиктерин коре алар ма едик? Осындай киын-кыстау кезенде казагымызга енбеги синген бауырларымызга комек корсетуден аянбауымыз кажет.

Асет 23.09.2017 | 12:14

Жаксы жазылган. Колдаймын

Максат 23.09.2017 | 12:34

согласен

олжас 23.09.2017 | 12:52

колдаймын Аскар аганы 💪

олжас 23.09.2017 | 12:52

koldaimin Askar agani 👍💪

Gaini 23.09.2017 | 14:11

Duris jane orindi! Osigan say areket bolsa eken, wirkin…

Ақбота 23.09.2017 | 15:24

Асқар аға,осыған дейін де əрдайым қазақ-түрік лицейлері жайлы оң пікірлеріңізді оқып,іштей риза болып жүретінмін.Талай жылдар аталған лицейде қызмет атқарып жүргендіктен сізбен толық қосыламын.Айтсақ,көп айтуға болады,лицейдегі тəрбие мен білімді ұштастыра білген түрік азаматтарының еңбектері ұшан -теңіз.Бауырларымызға жаным ашиды.Не істесек болады?

Elmira 23.09.2017 | 23:33

Өте дұрыс айтыпты.

Бақытбек ағай 24.09.2017 | 06:47

Қиын кезде көмектескен балаларымвзды оқытып тәрбие берген түрік бауырларвмвзға ризашылығым шексіз Өте орынды мақала Көптін көнілін мазалап жұрген ойларды дәл айттыныз рахмет

Zhanat 24.09.2017 | 18:21

Өте орынды Асқар аға,білімге,ұрпаққа жанымыз ашыса,түрік мұғалімдерін қолдайық,,,,

Шекер апай 24.09.2017 | 19:28

Қазақ халқының танымал математика саласының академигі Асқар Жұмаділов мырза өте орынды жазған.Мен және бүкіл қазақ халқы осы мақаланы қолдаймыз деген ойдамын .Баласындай білім, тәрбие берген түрік ұстаздарының еңбегі ұлан ғайыр.Муамер бей Ақтөбенің мақтанышы,100- деген медаль иелері ұстазы Қайда екен сол шәкірттері? Неге жазбайды Меніңде немерем Астанада КТЛ да оқиды.Данаттың сүйікті ұстазы.Муамер Гүл. Ұстаздарының өтініштері орындалса деймін.

Айгуль 24.09.2017 | 21:01

Өте орынды пікір
Түрік ұстаздарына қолдау көрсетейік

Камшат 24.09.2017 | 21:39

Қолдаймын Асқар ағаны! Өзімде біраз жыл түрік ағайындылармен жұмыс жасап келе жатырмын. Ол кісілерден еш жамандық көргеніміз жоқ. Қолдаймын!

Жазира 02.11.2017 | 02:59

Туриктер бизди аяп, жаны ашым мектеп салган жок..»бизге комек етти, киын 90 жылдар кол жайды…» деген коп пикир бар екен..окиништи-ак…олар арине оздери ушин, ертен бизге баысм болу ушин, турик-исламдык багытка карап осетин урпак калыптастыргысы келди. Бари саясат, кайдагы комек. Озимнин жеке ойым. Турик бишилигине сенуге болмайды. Кезинде Ата-Турик Лениннин озин алдап соккан, ул революцияя жасауга улес косамыз деп тонналап алдын алган деп турик басшылыгы улттшылдык револоюция жасады. Оларга кулык тән. Катты бауырым деп жакын туту да кауипти.

Аскар-ага биздин аскар тауымыз, осындай киси когамызга ауадай кажет. Мында айтылган ой гылым жане билим саласына жатады. Бирак халыкаралык катынас, саясатка кошкенде баска зандылык журеди, окинишке орай..

Жазира 02.11.2017 | 03:03

кешириниздер, клавиатуранын кесиринен кателер коп кетти. жогарыда жазганым: «Улы социальдик революция жасауга улес косамыз деп, туриктер Лениннен тонналап алтын алган, бирак онын орнына ултшылдык революция жасады..»

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір