Елбасы мақаласын талқылады
11.08.2017
1012
0

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Студенттер құрылыс жасағы (СҚЖ) Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылады. Тарих ғылымының кандидаты, доцент, Қазақстан тарихы кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Еділ Ноянұлы мақаладағы негізгі басымдықтарға бағдар жасап, жай-жапсарын жастарға түсіндіріп берді.

Шара барысында бүгінгі күннің басты қажеттілігі болып табылатын білім жайы сөз болып, рухани жаңғырудың не­гізгі жолдарының бірі − дү­ниетанымды кеңейтудің маңыздылығы ескерілді.
Еділ Ноянұлы прагматизм­нің өзектілігіне тоқталып, Ел­­­басы мақаласындағы «Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, са­ламатты өмір салтын ұстану­ға, кәсіби тұрғыдан жетілуге ба­сымдық бере отырып, осы жол­да әр нәрсені ұтымды пай­да­лану – мінез-құлықтың праг­­матизмі деген осы», – деген жол­дарды айрықша атап өтті. Ма­қаладағы сүбелі ой­ларға не­гіз жасай отырып, ол жиынды мардымды әңгімеге ұластыр­ды.
Өз кезегінде жасақтағы сту­денттер де мақала жайында ойларын ортаға салды. Ме­ханика-математика факуль­те­тінің 3 курс студенті Асхат Асан­баев «Елбасы айтқандай, та­бысты болудың ең іргелі, бас­ты факторы – білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жас­тарымыз басымдық беретін ме­желердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Осы орайда балаларды мек­теп қабырғасынан білім нә­рімен сусындатып, рухани тә­лім берудің маңызы зор деп бі­лемін», – дейді. Оның пікі­рін­ше, бұл жемқорлықтың алдын алудың басты тәсілі.
Жиналған студенттер ма­қаланың қазақ елін жарқын болашаққа жетелеріне нық се­німді. Олардың айтуынша, ма­қаланы талқылай келе одан әрі алға ұмтылып, жігерлене түс­кен. Жиында керек ақпарат пен көптен көкейінде жүрген сауалдарына жауап алып, кеңі­нен әңгіме-дүкен құра ал­ған­дарына қуанышты.

Жазерке ҚАРАТАЕВА.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір