Жетістіктерге жетелеген
14.07.2017
1125
0

Құшағын кең жайған бауырмал, жүз отыздан аса ұлт пен ұлыс тату-тәтті өмір сүріп жатқан кең байтақ еліміз – Тәуелсіз Қазақстан біз үшін қадірлі, қымбат! Себебі, біз өзіміздің ыстық ұямызда түнде тыныш ұйықтап, күндіз күлімдеп жұмыс істеп келеміз. Әрбір таңғы тәтті ұйқымыздан бұлбұлдың әсем әуені оятатын Қазақстанда тыныш өмір сүріп жатырмыз. Адамзат үшін ең басты бақыт – әлемнің бейбітшілігі мен елдің тыныштығы болса, дәл сол бақыт біздің қазақстандықтарда!

Ұлы Абай «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» деп айтқанын­дай, Қа­зақ­стан­да еңбек етіп келе жатқан бар­лық халық бір-бірін дәл солай бауыр санап келеді. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев бір сөзінде: «Бірлік аспаннан өзі келіп түс­пей­ді, тек қарқынды жұмыс ар­қы­лы ғана келеді. Мен кең-бай­тақ жерімізде татулық пен ты­­­н­ыштық болғанын тілеймін. Мұ­ның, ең алдымен, мил­лион­да­ған қазақстан­дық­тардың от­ба­сына керек екенін еске аламын. Мен қайғыдан шашы ағар­ған ана­лардың балаларын жоқ­та­ма­ғанын, сәбилердің мүге­дек болмауын, қарт адамдар­дың күй­ре­ген үйлерінің алдында қасірет шегіп, жыламағанын қалаймын», – деп айтқаны біз қа­зақ­стан­дық­тардың достық атты рухани бай­лық­ты ту етіп көте­руі­мізге мүм­кін­дік ашып береді.
Қазақстан халқының дос­тығы дәуірдің қалай өзгергеніне қарамай, уақыт сынағынан өтіп ке­мелденді. Бұл дәл осылай еке­нін күнделікті тұрмыс-тір­ші­лігімізде анық сезініп, біліп ке­ле­міз. Себебі, ортақ тағдыр мен та­рих бірлестірген ұлт өкілдері елі­міз тәуелсіздігінің алғашқы күн­дерінен бастап-ақ, ортақ үйі­міз – Отанымыздың тәуелсіздік іргетасын бірге қаладық. Еліміз­дің бүгінгі дамуына және келешекте гүлденуіне де бәріміз бірге үлес қосатынымыз анық.
Елдегі достықты нығайтуда, өзі­нің даму жолында көпұлтты Қа­зақстан халқының мақсаты бір, арманы ортақ. Өнері мен өмірі тығыз байланысып бірлігі жарасқан мем­лекет болып қа­лыптасып ке­леді. Киелі  сахнада  халқымыздың өшпес тарихын, мәдениетін, ті­лін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін насихаттап, ұрпаққа ұсынып отыр­мыз. Ұлы бабаларымыздың кө­мескі тартқан образдарын тіріл­тіп, отансүйгіштікке, ұлттық рухқа, дәстүрлі діни сенімге, ұлт аралық достыққа баулып отырмыз. Әдептілік мәселелерін жар­қы­рата көрсетіп, ұлттық драматургиямен бір қатарда өзге ха­лықтар драматургиясы арқылы бүкіл адамзатты ойландыратын осы заманғы құндылықтарды ортаға алып шығып, көрерменге ұсынып келе жатқан Ұйғыр теа­т­р­ының алатын орны ерекше. 2002 жылы театрымыздың күр­де­лі жөндеуден өткен жаңа ғима­ра­тының ашылу салтанатына елі­міз Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысқаны сөзі­міздің дәлелі болса керек.
Театр репертуарында ұйғыр қа­ламгерлерінен сырт әлем клас­сик­терімен бірге қазақ драма­тург­терінің шығармалары да үне­мі орын алып келеді. Өткен ға­сырдың 30 жыл­дары жазушы-дра­матург Ғ.Мү­сіре­пов театр­ға өзінің «Қозы Көр­пеш – Баян сұлу» пьесасын алып келіп ұсын­ған күннен бас­талған бұл достық кейінірек М.Әуезов, С.Мұқанов, Ә.Тәжі­баев, Ш.Құсайынов, Қ.Шаң­ғыт­баев, тағы басқалардың шығар­ма­ла­рына жол ашып берді. Екі ха­лық өнеріндегі достықты бү­гінде С.Балғабаев, Иран-Ғайып, Ә.Тарази, И.Сапарбай,
Ә.Оразбеков, Б.Мұқаи, Д.Иса­-
бе­ков­тар­дың шығармалары жалғас­тыру­да.
Өнердегі достық көпірін салу­да театрымыз қазақ тілінде қой­ған, Орал қаласында өткен Рес­пуб­ликалық  21-театрлар фес­тива­лінде суретші П.Ибрагимов «Ең үздік сценография» номинациясы, жас актриса А.Үсенова «Ең үздік әйел бейнесі» номинациясы бойынша лауреат атанды.
Ә.Таразидің «Махамбет» спек­таклі (реж. С.Асылханов),  Астана қаласында өткен ұлттық театрлар фес­тивалінде Ана образын сомдаған Р.Махпирова «Ең үздік екінші пландағы әйел бейнесі» номинациясы бойынша фестиваль лауреаты аталды. «Көрермен кө­зайы­мы» номинациясын жеңіп алған Ә.Оразбековтің «Бір түп алма ағаш» спектаклі (реж. Ә.Ис­кан­деров), спектакль көрінісінде қазақ-ұйғыр достығын бейнеледі. Қарағанды қаласында өткен
ІІ Республикалық ұлттық театрлар фестивалінде «Өткенге – тағзым, болашаққа – тағылым тақыры­бын көтергені үшін» номинациясы бойынша дипломмен мара­пат­талған Д.Машурованың «Ана мирасы» драмасын (реж. М.Изимов) атап айтуға болады. Қазақ­стан халқы Ассам­блея­сы­ның 20 жылдығына орай Шым­кент қа­ласында өткен ІІІ Рес­пуб­ли­ка­лық ұлттық театрлар фес­тивалін­де С.Шарипова «Үздік әйел бей­несі», Х.Мунаров «Үздік ер адам бейнесі» номинацияларын жеңіп алған Ә.Һашириннің «Жал­ғыз жалбыз» драмасы (реж.­
Я.Ша­миев), театр режиссері
М.Изимовтың арнайы шақыру­мен Жамбыл атындағы Шығыс Қа­зақ­стан облысы драма театры сах­насында қазақ халқының атақ­ты ақыны, сондай-ақ, Мем­лекеттік сыйлықтың лауреаты Иран-Ғайыптың «Киелі күнә» («Муқәддәс гуна») пьесасын, Көк­шетау атындағы облыстық қа­зақ музыкалық драма театрын­да Ш.Хусайыновтың «Анамның ақ көйлегі» спектаклін қазақ тілінде қоюға мүмкіндік алғаны өте маңызды екенін айтып өткен орынды. Бұл дәстүр осы жылы да жалғасып, Д.Исабековтың «Мұ­ра­герлер» драмасы қазақ тілінде қойылмақшы. Сондай-ақ, театрымыз Қазақстан халқы Ас­самблеясының қолдауымен үсті­міздігі жылдың 8-12 шілде ара­­лығында «ЭКСПО-2017» Ха­лықаралық көрмесіне арналған Қазақстан ұлттық театрларының IV республикалық фестиваліне И.Зайниевтің «Жұпардың ащы иісі» мелодрамасымен (реж.­
М.Изимов) қатысты. Өнер сала­сын­дағы бұл достық Прези­ден­тіміз Н.Ә.Назарбаевтың дана саясаты арқасында көпұлтты Қа­зақстан халқының достық қа­рым-қатынасын нығайтып келе жатқанының айқын көрінісі.
Адамзат үшін баға жетпес қа­зынасы достықты, татулықты ту еткен, жаңа ғасырға қадам бас­қан, жаңа технологиялар дәуірін алға тартқан әлемдік көрме өтуде. Бұл – ХХІ ғасырдағы елімізде болып отырған тағы бір үлкен оқи­ға. Астанада «ЕХРО-2017» ха­лық­аралық көрме әлем халқына есігін ашты. Бұл көрмеге қатысып отырған барлық мемлекеттер өз­де­рінің технологиялық, ғылыми және мәдени жетістік­терін көр­сете бастады.
Астана тұрғындары 13-14 шіл­де, 5-7 тамыз күндері «Астана балет» театрында және «Жастар» сарайын­да ЮНЕСКО тарапынан дүние назарындағы мәдени мұралар тізіміне енген «Он екі мұқам» негізіндегі, ҚР еңбек сі­ңір­ген қайраткері Я.Шамиев сах­налаған, халықаралық фес­тивальдердің лауреаты «Нава» және «Рухсара» ансамбльдері бір­лесіп өткізетін «Жібек жолы әуен­дері» музыкалық спектаклі кө­рермендерге шымылдығын аша­ды.

Патигүл Мақсатова,
Қ.Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік академиялық Ұйғыр музыкалық комедия театры Әдебиет бөлімінің меңгерушісі.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір