«Оқыған адамды ол оқығандығы үшін ғана «зиялы» деп санауға және оны сол ұлттың өкілі болғандығы үшін ғана «ұлттық зиялы» деп атауға бола ма? Жоқ. Біз «зиялы» деп тек белгілі бір мақсатқа жұмылған оқыған адамдарды ғана атаймыз», – депті Мұстафа Шоқай. Қазақ арасынан алғаш рет «ұлттық зиялы» ұғымына анықтама берген тұлғаның бұл сөзі айтылғалы бері де ғасыр жаңарып, енді біз қазақ зиялыларының қалыптасу жолына көз жібергенімізде осы тақырыптың да ел болашағына маңызын пайымдағандай боламыз. Өйткені, солардың жүрген жолын анықтау олар арқалап өткен жүктің салмағын сездіреді. Бір ғасырдан соң өз заманында зиялы кім екені туралы мақала жазған сол Мұстафа Шоқай ұстанымы бүгін біздің санамызға сәуле түсіріп, ішкі түйсігімізде «ұлттық зиялы» оның өзі екен ғой» деген сенімнің орнығуына себепші болып отыр. Ал «олар осы жолға қалай келді? Кімдерден оқып, кімдерді үлгі санады? Біздің зиялыларымыздың қалыптасу кезеңі қандай болды? Олар ұлттық зиялы бола алды ма?» деген сауалдарға жауап алу мақсатында бірқатар мамандар пікірін сұрап көрген едік.
Әбдіуақап ҚАРА,
Тарих ғылымының докторы,
Мимар Синан көркемөнер университетінің профессоры
ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ТӨРТ КЕЗЕҢІ
ХХІ ғасырдағы, яғни бүгінгі қазақтың зиялылары қалыптасу барысында төрт кезеңді бастан кешірді. 1850-1905 жылдар аралығындағы бірінші кезең ағартушы зиялыларды қамтиды. ХVІІІ ғасырдың бірінші ширегінде «Ақтабан шұбырындыға» тап болған қазақтың басынан бағы тая бастады. Тәуелсіздігін жоғалтып, Патшалық Ресейдің қоластына қарағаннан кейін қазақ халқы ғылым, білім және саясаттан алыстап, қараңғылық дәуірге қарай ойысты. ХІХ ғасырдың орта тұсынан бастап Ресейдің ғылым ордаларынан, оқымыстыларынан білім алған Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, сондай-ақ, шығыс пен батыстық мәдениетті қатар меңгерген Абай Құнанбайұлы және Шәкәрім Құдайбердіұлы сынды ұлт зиялылары халықты оқуға, білімге шақырумен болды.
Одан кейінгі 1905-1922 жылдары ортаға шыққан қазақтың екінші буын зиялылары, атап айтқанда Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабайұлы, Мұстафа Шоқай, Сәкен Сейфуллин және Тұрар Рысқұлов сынды оқымыстылар халықты оқу-білімге шақырумен қатар, саяси сауатын жетілдіруге де күш жұмсады. Бұдан кейін 1922-1991 жылдары Кеңестік кезеңде үшінші буын қазақ зиялылары қалыптас-ты. Мұхтар Әуезов, Ілияс Есенберлин және Ермұхан Бекмаханов сынды зиялылар Кеңестік идеологияның қысым-шектеулерінің арасынан жол тауып, халықтың ұлттық құндылықтарын сақтап қалуы жолында аз еңбек сіңірген жоқ. Енді бүгін 1991 жылдан бастап тәуелсіздік кезеңінің зиялылары жетпіс төрт жылдық Кеңестік кезеңде жойыла жаздаған ұлттық болмысты қалпына келтіруге және қазақ халқын әлемнің алдыңғы қатарына көтеру жолында жұмыс істеуде. Олардың зиялылық міндеті өзінен бұрынғы өткен үш толқын зиялылардың міндетінен ауыр болмаса жеңіл емес. Өйткені бірінші, екінші және үшінші толқын зиялылар ақыл-ойы таза, санасы тұнық халыққа көшбасшылық етсе, бүгінгі зиялылар қазақы болмысы идеологиялық үгіт-насихаттардың салдарынан зақымдалған халықты бір жағынан қалпына келтіріп, ұлттың бірегейлігін қамтамасыз етуге, екінші жағынан ХХІ ғасырдың жетістіктеріне ілесуге бағыттауға күш жұмсауға мәжбүр болуда.
Осының ішінде ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының қалыптасу жолы екі бағытта өрбіді десек, қате болмайды. Біріншіден, олар Ресейдің ғылым ордаларында жоғары білім алып, орыс тіліне жетік болды. Сол арқылы олар әрі Ресейдің, әрі Еуропаның ғылыми және мәдени жетістіктерін жақсы пайдаланып отырды. Екіншіден, сол кезде Ресей қоластындағы тағдырлары мен проблемалары ортақ түркі-мұсылман зиялыларымен бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бір-бірінің кемшіліктерін толтырды. 1905 жылдан Ресейде туындаған баспасөз және саясат туралы өлшеулі еркіндікті тиімді пайдаланып, ынтымақтастықта жұмыс істей білді. Мәселен, Алаш қайраткерлері түркі-мұсылман халықтарының ішінен шыққан ойшылдардың пікірлерінен нәр алып отырды. Бұлардың басында Қырымда «Тәржіман» газетін шығарушы Ысмайыл Ғаспыралы болғанын білеміз. Әлихан, Міржақып, Шәкәрім сынды Алаш зиялылары оны ұстаз дәрежесінде құрметтегенін байқаймыз. Өкінішке орай, түркі халықтары зиялылары арасындағы осындай рухани ынтымақтастық дәстүрі Кеңестік кезеңде жойылғаны анық. Бүгінгі таңда әрбір түркі халқы ортақ мәселелерге туысқан халықтармен тізе қоса отырып шешім іздеудің орнына жеке-жеке ұмтылыс жасауда. Тіпті бір-біріне менсінбей қараушылықтың да бар екені көзден таса емес.
Егер біз әлемдік зиялылар мен өз зиялыларымызды салыстырсақ, біздің зиялылардың жүгі еселеп ауыр тартатынын көреміз. Өйткені, біз әлемдік зиялылар деп АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Ресей, Қытай және Жапония сынды дамыған елдердің зиялыларымен қазақ зиялыларын салыстырып отырмыз. Бұл елдердің азаматтарының бір ұлттың негізгі діңгектері екені, яғни ұлттық тарих, ана тілі, дәстүрлі діні, рухани құндылықтарын қалпына келтіру туралы ешқандай бас қатырып жатқан мәселелері жоқтығы белгілі. Сондай-ақ, олардың елдерінде екінші бір елдің күнделікті ақпарат құралдарының ықпалы жоқ. Сондықтан әлемдік зиялылар өздерінің ұлттық құндылықтарын қалай жаһандық көлемде насихаттап, өзге елдерге тарату үшін толғанып, іс-қимыл жасап жатқанда, қазақ зиялылары жас ұрпақтың ұлттық болмысынан көз жазып қалмауларының қамында жүр. Оның үстіне сандық технологияның дамуына байланысты тек қазақ жастары емес, әлем жастарының кітап оқудан қалған бір кезеңін де бастан кешіріп жатырмыз. Сондықтан қазақ зиялыларының ұлтқа қызмет ету жөніндегі міндеттері мен жауапкершіліктерінің өзге халықтарға қарағанда еселеп көп екенін айта аламыз.
«Зиялы» деген түсінікті әркімнің әрқалай түсінуі ғажап емес. Бірақ «зиялы» деген сөз жоғары білім алған, белгілі бір мамандық иесі дегенді білдірмейді. Өкінішке орай, бүгінгі таңда көпшілік осындай адамдардың барлығына бірдей «зиялы» деп қарауда. Қолына қалам алып әсерлі жазу жазған, топ алдында көсіліп сөйлеген әр адам зиялы болып кетпейді. Зиялы адамның ең басты ерекшілігі – елінің қамын ойлап, проблемаларына күндіз-түні бас қатырып, оларды шешудің жолдарын қарастырушы болуында. Халқының, елінің мүддесін емес, өзінің жеке басының қамында жүрген адамды қандай жоғары білімі болса да «зиялы» деп айтуға болмайды. Зиялы адам ұлттық мәдени сауаты жоғары болып, айналасындағы адамдарға ұлттық мүдделер тұрғысынан тура жол сілтеуші, тіпті қол ұшын беруші болса керек. Сондықтан бір ұлттың дамуы, мәңгі ел болуы зиялыларымен тығыз байланысты. Әсіресе, әлем елдері арасында қарулы шайқастардан гөрі мәдени күрес жүріп жатқан бүгінгі жаһандану кезеңінде оқымыстысы, атақ-дәрежесі жоғары дипломды азаматтар қанша көп болса да, зиялысы жеткілікті болмаса, ол ел алысқа бармақ емес.
Егер біз әлемдік зиялылар мен өз зиялыларымызды салыстырсақ, біздің зиялылардың жүгі еселеп ауыр тартатынын көреміз. Өйткені, біз әлемдік зиялылар деп АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Ресей, Қытай және Жапония сынды дамыған елдердің зиялыларымен қазақ зиялыларын салыстырып отырмыз. Бұл елдердің азаматтарының бір ұлттың негізгі діңгектері екені, яғни ұлттық тарих, ана тілі, дәстүрлі діні, рухани құндылықтарын қалпына келтіру туралы ешқандай бас қатырып жатқан мәселелері жоқтығы белгілі. Сондай-ақ, олардың елдерінде екінші бір елдің күнделікті ақпарат құралдарының ықпалы жоқ. Сондықтан әлемдік зиялылар өздерінің ұлттық құндылықтарын қалай жаһандық көлемде насихаттап, өзге елдерге тарату үшін толғанып, іс-қимыл жасап жатқанда, қазақ зиялылары жас ұрпақтың ұлттық болмысынан көз жазып қалмауларының қамында жүр.
Жанұзақ ӘКІМ,
Халықаралық Адам институтының басшысы
ӨЗ ЗАМАНЫНЫҢ АР-ҰЖДАНЫ
Зиялылардың ұлт тағдырындағы ролі туралы алғаш рет француз ойшылы Сен-Симон (XVIII ғ.): «Егер бір уақытта он мың француз шаруасы мен сонша жұмысшысын жоқ қылып жіберсе француз ұлты сақталады. Ал егер сол уақытта елу француз ғалымы, сонша әртісі мен инженерін жойып жіберсе, онда француз ұлты жойылады», – деді. Яғни зиялы дегеніміз, ол – «өз заманының ақыл-ойы мен ар-ұжданы». Мысалы, 1941 жылы Мұстафа Шоқай немістің концлагерлеріне өзі сұранып барып, онда жатқан мыңдаған түркістандықтарың еврей емес екенін дәлелдеп (немістер піштірілгеннің бәрін еврей деп қыра берген), өлімнен құтқарды. Оспан бастаған батырлар мен кешегі Қытай түрмесінде қырық бір жыл отырған Қажығұмарлар да ұлттың нағыз зиялылары.
Кеңес Одағы кезінде қазақ зиялылары ХІХ ғасырдан бастап қалыптасты деген теріс ұғым пайда болды. Ал шын мәнінде, қазақ зиялыларының тізімі Қорқыт (VIII ғ.) пен Әл-Фарабиден (Х ғ.) басталып, Қожа Ахмет Иассауи, Қадырғали Жалайыри, Мұхаммед Хайдар Дулати, Асан қайғы, Қазтуған, Бұқар жырау арқылы бүгінгі күнге дейін жалғасуда. Мысалы, кезінде Мұхамедсалық Бабажанов та ашқан ғылыми жаңалықтары үшін орыстың географиялық қоғамының күміс медалімен марапатталған. Ол орыс губернаторларының отарлық саясатын әшкерелеп, Патшаға бірнеше рет хат жазып, Орынбордың екі губернаторын жұмыстан алдырады. Сол үшін оны улап өлтірді. Дәулеткерей күйші ол өлгенде «Салық өлді дегенше, халық өлді десейші» деп қайғырған. Біз ел қорғаған осындай батыр зиялыларымызды ұмытпауға тиіспіз.
Әрине, бүгінгі ұрпақ олардың істерінен үлгі алып, ел мен жерді қорғауға өздері де үлес қосулары керек. Зиялылардың әр буыны ұлтты қалыптастыру не дамытуға өз үлестерін қосқанда ғана ұлт та дамиды.
Мәселен, кезіндегі алаштықтар интеллектуалдық тұрғыдан алғанда заманының алды болған. Сол кездегі большевиктер олардың қасында жартылай надандар еді. Бірақ ол кез большевиктердің дәуірі болды. Большевиктер Жымпитыда құрған Батыс Алашорда автономиясын төрт күнде, елу екі күн тұрған Қоқан автономиясын үш күнде талқан етті. Неге? Өйткені, 1916 жылдардағы Амангелді мен Бекболат батырлар сияқты халық олардың артынан толығымен қолдап ермеді. Алашордалықтар халықты ағартуда, саяси сауатын ашуда көп еңбек сіңіріп, білім-білігі сол кездегі әлемнің мықты деген кез келген интеллигенциясынан артық болмаса кем емес еді.
Әлемдік интеллигенция әр ұлттың даму деңгейіне байланысты қалыптасқан әр түрлі деңгейдегі құрылымдар. Қазіргі зиялыларымызды, әлемге бармай-ақ, осы орыстың ғалым-инженерлерімен салыстырғанның өзінде көп нәрсе анықталады. Кеңес Одағы 1949 жылдан бері қырық бір жыл бойы қазақ жерінде бес жүзден астам атом бомбасын жарды. 1957 жылдан бері Байқоңырдан ракеталар ұшыруда. Бірақ осы уақытқа дейін қазақтар олардың технологияларын игерген жоқ. Бүгін біз олардан алпыс-жетпіс жылға кері қалдық. Ал сол технологияларды игеруді бастағанның өзінде жүз жылға артта қалатын боламыз. Кванттық физика мен технология, т.б. көптеген салаларда сонша артта қалудамыз. Мысалы, Еуропада импрессионизм ХІХ ғ. жетпісінші жылдары басталса, одан кейін модернизм, постмодернизм ағымдары дамыды. Ал бізде осы мектептердің бірі де жоқ. Бұл да ұлттың даму эволюциясының кезеңдерін құрайды. Көп нәрседен кенже қалдық. Оның ішінде адам капиталы мен инновациялық экономиканы дамыту бүгінгі Қазақстанның ең актуалды проблемасы. Оларды дамытуға мемлекет болып кіріспесе ондаған жылдардан кейін толығымен Қытай мен Ресейдің шикізаттық отарына айналамыз. Ешкім біздің бос сөздерімізді күтіп отырмайды. Қазір құр босқа мақтанудың емес, іс пен кәсіптің заманы.
Римма ЖАҚСЫЛЫҚБАЕВА,
филология ғылымының кандидаты
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Журналистика факультетінің доценті
ЗИЯЛЫЛЫҚ ТЕККЕ ДЕ БАЙЛАНЫСТЫ
Еуропа жұртшылығы Мұхаммед Хайдар Дулати шығармасымен бұдан жүз жылдан астам уақыт бұрын танысқан екен. Оның парсы тіліндегі «Тарих-и Рашиди» атты еңбегін ағылшын отаршылдары Үндістаннан тауып, аударып, 1895 және 1898 жылдары Лондонда екі рет бастырған. Осы аударма Мұхаммед Хайдар шығармасының әлемге таралуына кең жол ашты. Ғұлама ғалым Әлкей Марғұлан 1941 жылы «Әдебиет және искусство» (қазіргі «Жұлдыз») журналында даңқты тарланбоз жайлы «Қазақтың тұңғыш тарихшысы» атты арнайы мақала жазып, халқымыздың тарихының тылсым тереңде екеніне көңіл аударған.
Ал бүгінде Шығыстың, Батыс Еуропа және Американың бәсекеге қабілетті елдерінде зиялы, бетке ұстар топты өсіріп шығаруға ерекше көңіл бөлінеді екен. Мәселен, Жапонияның Тагасакиіндегі «Коносукэ Мацусита атындағы мемлекеттік басқару және өнеркәсіптік менеджмент мектебінің» құрылысына электронды магнаттың жеті миллиард иені жұмсалыпты. Көп жылдар өткен соң Мацусита мұрагерлеріне скипетр мен электронды державаны тапсырып, өз ғұмырын тұтастай тәрбие туралы ойлауға бағыттады. Бүгінде зерттеуші ғалымдар осы оқу орнында тәрбиеленіп жатқан ұлттың бетке ұстар тобының міндеті – ойлау, құру, болжау, пайдалы бағытқа адамдардың күшін бағыттау екендігін жазып жүр.
Коносукэ Мацусита – осы аттас компанияның негізін қалаушы және әлемге әйгілі «Panasonic» корпорациясының негізін салушысы бизнес әлемінде бүкіл әлемге орасан зор ықпалын тигізді.
Шығыстың Оңтүстік Корея, Тайланд, Сингапур сияқты елдеріндегі тұрғындарға білім беру деңгейінің артуы ұлттық стратегияның құрамдас бөлігі ретінде қарастырылуда. Ал бетке ұстар зиялы топты қалыптастыру ісі бірінші кезектегі мәнге ие екен. Америка ғалымдарының зерттеулерінің қорытындысы бойынша, ұлттың зиялы әлеуетінің көшбасшысы Оңтүстік Корея мектеп оқушылары болып шықты. Индустриалды елдер тәжірибесі зиялы бетке ұстар топты іріктеу және даярлаудың біздің заманымыздағы кез келген мемлекет дамуының міндетті шарты екенін білдіреді. Бір қызығы, Жапонияда мемлекеттік тілді меңгерген маман ғана жұмыста өсе алады екен.
Кезіне Елбасының қолдауымен жүзеге асқан «Мәдени мұра» бағдарламасы жаңа зиялы қауымды қалыптастыру бағытында жақсы жұмыстар атқарды.
Латын тілінен аударғанда «зиялы» сөзі – «түсінетін», «білетін», «ақылды» деген ұғымдардың анықтамасы. Зиялылық – білімнің емес, алдымен тәрбиенің жемісі. Зиялының санасына жоғары құндылықтар жас басынан тек ата-ананың тәрбиесі арқылы беріледі. Бала олардың айтқанын ғана емес, істегенін үнемі көріп өскенде ғана нағыз зиялы болып өседі. Демек, зиялылық текке де байланысты. Зиялылықтың шарттары осыдан туындайды. Тектілік – ауқымы кең, терең ұғым. Тектілік қанмен дарымайды, тәрбиемен беріледі. Демек, тектіліктің тетігі – тәлім-тәрбие!
Біздегі бүгінгі зиялы қауым өкілдері билікке қоғамдық пікірді жеткізетін, қалың бұқараның көзін ашып, ірі адамгершілік құндылықтарын жасайтын және оны сақтау жолында күресетін адамдар болуы тиіс. Зиялы қауым дегенде ауызға бірінші ақын-жазушы, журналистер, ғалымдар, дәрігерлер алынып жатады. Бір жағынан дұрыс та шығар. Дегенмен, әрбір жоғары білімді көзі ашық, көкірегі ояу қазақ азаматы осы ұлттың зиялысының қатарына кіретінін ескеруіміз керек. Өйткені, зиялылар қатарында ауылдың қарапайым ақсақалынан бастап, жоғары білімді, иманы мен адамгершілігі бар адамды айтуға болады. Оқымысты, бірнеше дипломы бар адамнан кейде зиялылықтың ешбір нышанын байқай алмауымыз мүмкін. Кезінде академик Ә.Қайдар ағамыз: «Ауылға барғанда ақсақалдардың алдында екі тізем дірілдеп қоя береді. Мен білмейтін бір дүниелерді сұрап, ұятқа қаламын ба деген ойда отырамын», – деген бір естелігін оқығаным бар еді. Осыдан-ақ ғалым ағамыздың ауыл академиктерін мойындап отырғанын білуімізге болады. Шын мәнінде, зиялылық деген – адалдық, имандылық деген атаумен қатар айтылатын ұғым. Кезінде Қожа Ахмет Иассауи бабамыз: «Білімің – шырақ, халің – пілте, жағатын май – көз жасың, яғни қайрат, жігерің», – деп, ақылдың жолын иманмен нұрланған білім арқылы табуға болатынын меңзейді.
Ал бетке ұстар зиялы топты қалыптастыру ісі бірінші кезектегі мәнге ие екен. Америка ғалымдарының зерттеулерінің қорытындысы бойынша, ұлттың зиялы әлеуетінің көшбасшысы Оңтүстік Корея мектеп оқушылары болып шықты.
…Жапонияда мемлекеттік тілді меңгерген маман ғана жұмыста өсе алады екен.
Рухани мәдениеті ауызекі дәстүрге негізделген көшпелілер қоғамында айтылған сөз ерекше мәнге ие болды. Ортағасырлық Майқы және Жиренше, «Ақтабан шұбырынды» дәуіріндегі Төле, Қазыбек, Әйтеке, Бұқар сияқты би, шешен, жыраулардың айтқан сөздерінің қоғамдық пікір қалыптастырудағы ролі жоғары болуы да заңды. Ой-толғаулары іс жүзінде қазақ даласына тереңдей еніп келе жатқан патшалықтың отарлау саясатына, оның қазақ қоғамы үшін тиімсіз нәтижелерге қарсы жаңа бағыт берді. Осы тұста белгілі тарихшы Ханкелді Әбжанов: «Зиялы қауымның бастау бұлағы этнос тарихының қойнауында жатыр. Себебі, халыққа тән саяси, мәдени, экономикалық, әдет-ғұрыптық, тағы басқа толып жатқан әлеует пен қасиет алғашқыда табиғи-географиялық орта, тіршілік қисыны, сыртқы фактор әсерімен қалыптасса да, осылардың бәрін өміршең, бәсекеге қабілетті дәрежеге көтеретін құдірет – этнос зиялысы», – деп қандай ұлт болсын, тарих сахнасына зиялыларымен шығатынын атап өтеді. Шынында да тарихи тамыры тереңге тартқан арғы қазақ зиялылары халқына қызмет етудің, ұлтты ұйыстырудың қатал сынағынан абыроймен өткенін мақтанышпен айтуға болады.
Қазақ халқын ағарту, жаңа дүниеге тарту мақсатында ең алғаш Шоқан, Ыбырай, Абайлар аз еңбек етпеді. Ойы зерек, данышпан Абайдың «Сократ хакімнің сөзі» (27-сөз) деген шығармасынан Сократ, Платон, Аристотельдің еңбектерімен таныс болғандығын көреміз.
Абайдың:
Бас-басына би болған өңкей қиқым,
Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын?
Өздеріңді түзелер дей алмаймын,
Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың, –
деген сын мектебі Әлихан, Ахмет, Міржақыптарға да үлгі болды.
Ал ғылым мен дінді жете меңгерген Шәкәрім білімін толықтыру мақсатымен өткен ғасырдың басында Мекке, Мәдина, Ыстамбұлға дейін барып қайтқан екен. Шәкәрім қажының білімділігімен қоса, киім киіну мәдениетінің де ерекше болғандығын білеміз.
Нағыз ұлт жоқшысы – зиялы. Зиялы – қай кезде де ар тазалығын жоғары ұстаған тұлға. Кез келген уақытта тек ақиқат, әділдік жолында жүріп, сол үшін міндетті түрде күресе білсе, ол тіпті оқу-білімнің терең болмауы, дипломының жоқтығына қарамастан, ұлтының зиялысы деп есептелмек. Зиялылықтың жарқын үлгісін көрсеткен Алаш азаматтары кезінде қарақан басының рахаты емес, ел қамы, ел зары, ел тағдыры үшін күресті. Қандай да қысылтаяң заман болсын, ұлттың рухын түсірмеу үшін, қазақ жерінің тұтастығын қалай болса да сақтап қалу үшін жанын қиюға дайын тұрған. Мысалы, Қытайға босқан қырғыздардың ауыр тұрмыс халіне көмек көрсетуге шақырған қазақ зиялыларының 1917 жылғы 11 маусымындағы Үндеуіне халқымыздың аяулы арыстары Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Жанұзақ Жәнібеков, Ахмет Мәметов, Сейдәзім Кәдірбаев, Имам Әлімбеков, Елдес Ғұмаров қол қойғанын байқаймыз. Бұл үндеу «Қазақ» газетінің 1917 жылғы №233 санында басылған.
Ұлттық элита болмысына ой жүгірткенде, Мұстафа Шоқайұлының бейнесі ерекше көз тартады. «Азат Түркістан» идеясының жаңа тарихи кезеңдегі үні бола білген Мұстафа Шоқайұлы ұлт зиялыларының ғасыр басындағы қоғамдық-саяси қызметін ашық талдауға алды. Оның баға жетпес еңбегінің бірі – Кеңестік биліктің Түркістандағы отаршыл саясатын ымырасыз сынға алғандығы. Оны тура осы еңбегі үшін коммунистік идеология «Отанын сатқан опасыз» деп жариялады. Ал бүгін біз «Яш Түркістанның» кез келген бетін аша отырып, М.Шоқайұлы сынының әділ екендігіне көз жеткізе аламыз. Мұстафа жазған түрлі тақырыптағы мақалалар Англия, Франция, Польша журналдарында жарияланып тұрды. Жалпы, М.Шоқай – өз заманында шетел баспасөзіне батыл қалам сілтеген тұңғыш қазақ журналисі.
Ал Тұрар Рысқұлов этнограф-фольклорист Әбубәкір Диваевқа берген уәдесін орындап, Орта Азияда қазіргі Ташкент университеті отау тігуіне ұйытқы болды. Бұдан өзге де білім-мәдениет ордаларының бой көтер
Internal Server Error
The server encountered an internal error or misconfiguration and was unable to complete your request.Please contact the server administrator to inform of the time the error occurred and of anything you might have done that may have caused the error.
More information about this error may be available in the server error log.
Web Server at qazaqadebieti.kz

