Тулатады қаныңды, туған елдің туы да…
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Жетісу-2 комьюнити орталығы Құлагер ипподромында өткен дәстүрлі классикалық ат жарысы кезінде ерекше патриоттық бастама көтерді. Аталған іс-шара барысында көрермендерге Мемлекеттік Ту салтанатты түрде табысталып, ел бірлігі мен егемендігінің нышаны саналатын қасиетті рәміздерге деген терең құрмет айқын көрініс тапты.

Бұл игі бастама ұлттық рух пен елжандылықты дәріптеуді мақсат тұтып, жұртшылықтың жүрегінде отансүйгіштік сезімді жаңғыртты. Мемлекеттік Ту таратылған сәтте көпшілік — әсіресе жастар мен балалар — қуаныш пен мақтанышқа бөленіп, тәуелсіз мемлекеттің азаматы екенін ерекше сезінді. Көк байрағымызды қолына алған әрбір азамат бұл сәтті тарихи жауапкершілік пен азаматтық парыз ретінде қабылдады.

Шараның маңыздылығы — оның ресми сипатымен қатар, халықтың шынайы ықыласына, жүректен шыққан елге деген сүйіспеншілігіне негізделгенінде. Жетісу-2 жастарының бастамасымен жүзеге асқан бұл патриоттық акция Мемлекеттік Рәміздер күнін мазмұнды әрі рухты сәттермен толықтырып, ұлттық сана мен біртектілікті нығайтуға бағытталған нақты қадам болды